- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Отбасындағы асыл адамдар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •3. Бесценный
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:
- •1. Бата.
- •3. Смутиться, покраснеть.
- •Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жатқа айтыңыз.
- •Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:
- •1. Отбасы бақытының негізгі кілті.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің отбасым тату тұрады» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөзге толық фонетикалық талдау жасаңыз:
- •1. Қазақ отбасы.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Қазақтар – қонақжай халық» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •3. Көмекші есім- лексикалық мағынасынан айырылып, сөйлемде екінші бір сөздің шылауында қолданылатын зат есім. Мысалы; сырт, іш, маң, алд (ы), арт(ы), үст(і), қас, жан т.Б.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа айтыңыз.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Қазақ отбасында» тақырыбына әңгіме құрап айтыңыз.
- •Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
- •3. Алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, сырт, бас, бет, шет, түс, бой.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің отбасым»тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
- •1. Тілекпен той.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Сурет галереясында» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:
- •1. Қазақстанның бейнелеу өнері.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Әбілхан Қастеевтің туындылары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Қалау райдың жұрнақтарын пайдаланып, берілген етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз:
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •Отан туралы бес мақалды жатқа айтыңыз.
- •Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •Ә.Қастеевтің «Абай жайлауда» картинасын сипаттап айтыңыз.
- •1. Қастеев атындағы өнер мұражайы.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«М.Әуезовтің мұражай-үйі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •1. Алтын адам.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Хабар» телеагенттігі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •Өздік етістің жасалуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.
- •1. Теледидар
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Қазақстан Республикасының телеарналары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
- •1. Телеарналар.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің сүйікті пәнім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.
- •1. Білім беру жүйесі.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Кісінің көркі киім емес - білім»деген мақалдың мәнін қалай түсінесіз?
- •Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:
- •1. Емтихан.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •Ы.Алтынсариннің«Өнер, білім бар жұрттар»өлеңін жатқа айтыңыз.
- •Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрастырыңыз:
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің алғашқы ұстазым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөздерге үстейтін мағынасын түсіндіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз:
- •1. Бірінші сынып.
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет» деген м.Горькийдің пікіріне өз көзқарасыңызды айтыңыз.
- •Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:
- •Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
- •«Менің арман мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.
- •Берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз:
Ө.Тұрманжановтың «Сіз», «біз» деген жылы сөз» өлеңін жатқа айтыңыз.
Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:
Халқымыз
1. Отбасы бақытының негізгі кілті.
1. Сыйластық бұл не?
2. Сыйлыстық кiмдердiң арасында маңызды ?
3. Сыйлыстық кілті бұл не?
2.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз – жылытады жүректі. Жақсылық билеп, жанды тез, Оятады игі тілекті. Біреуге біреу жақсылық, Тілесе әр кез жаны ашып, Осы бір шырын – тәттілік, Тұрмай ма жанға жарасып?! Баршаға керек жақсылық, Қызғанбай бөліп алыңыз! «Сіз», «Біз» деген жылы сөз – жақсылықтың мейірі. Бір – біріне болып көз, Кең болсын адам пейілі.
3. Халқымыз – жуан буынды сөз, 3 буын – 1- бітеу, 2- ашық, 3- бітеу.
Х - дуыссыз, қатаң дыбыс.
А – дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
Л – дауыссыз, үнді дыбыс.
Қ – дауыссыз, қатаң дыбыс.
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
М – дауыссыз, үнді дыбыс.
Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
З – дауыссыз, ұяң дыбыс.
Сөзде 8 әріп, 8 дыбыс – 5 дауыссыз, 3 дауысты бар.
3 – билет
Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.
Сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Қазақ халқы осы құдіретті ежелден-ақ білген. Сондықтан әрбір жаңа іс алдында жақсы сөздер айтып, тілегін білдірген. Қазақта батаны ер адам береді. Ақ бата – әр адам үшін асыл қазына. Бата- жаңа бастамалардың бойтұмары.
«Менің отбасым тату тұрады» тақырыбына әңгіме құрастырып айтыңыз.
Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:
бетінен оты шығу
1. Бата.
1. Сөз бұл не?
2. Бата бұл не?
3. Ақ бата бұл не?
2. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Менің отбасым үлкен емес. Онда 4 адам бар – анам, әкем, әпкем және мен. Біз отбасымыз өте тату. Біз демалыс күндерін бірге өткізіп, саяжайда бақша егуге, саяхатқа шығуға, машинамен қыдыруға құмар. Үйге қонақ шақырып, отбасымен бірге ұлттық тағамдар әзірлеміз. Сенбі күні кешке телидидар, радио арқылы жаңалықтармен танысамыз. Менің отбысым өте жақсы.
3. Смутиться, покраснеть.
Бетінен – жіңішке буыды сөз, 3 буын – 1,2 - ашық, 3- бітеу.
Б – дауыссыз, ұяң ыбыс.
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
Т – дауыссыз, қатаң дыбыс.
І - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
Н - дауыссыз, үнді дыбыс.
Е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
Н - дауыссыз, үнді дыбыс.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс – 4 дауыссыз, 3 дауысты бар.
Оты – жуан буынды сөз, 2 буын – 1,2 – ашық.
О – дауысты, жуан, ашық, еріндік дыбыс.
Т - дауыссыз, қатаң дыбыс.
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
Сөзде 3 әріп, 3 дыбыс ө 1 дауыссыз, 2 дауысты бар.
Шығу – жуан буынды сөз, 2 буын – 1,2- ашық.
Ш – дауыссыз, қатаң дыбыс.
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
Ғ - дыуыссыз, ұяң дыбыс.
У – даусты, жуан, қысаң, еріндық дыбыс.
Сөзде 4 әріп, 4 дыбыс – 2 дауыссыз, 2 дауысты бар.
Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: 1) ілгерінді ықпал; 2) кейінді ықпал; 3) тоғыспалы ықпал.
Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың алдыңғысының соңғысына ықпал етуі. Ілгерінді ықпал заңдылықтары:
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, жалғанатын қосымша да қатаңнан басталады. Мысалы, тасты, көппен, шашқа, т.б.
2. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, жалғанатын қосымша да ұяңнан басталады. Мысалы, жұлдызға, сөзбен, т.б.
3. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, жалғанатын қосымша не ұяңнан, не үндіден басталады. Мысалы, шағалалар, шағаланы; егінмен, егінді, т.б.
4. Сөздің соңғы дыбысы ш болып, қосымша с дыбысынан басталса, түбірдегі с дыбысы ш болып айтылады. Мысалы, көшсін – көшшін, ұшса – ұшша, т.б.
5. Сөздің соңы дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға бітсе, екінші сөздің басындағы қатаң к, қ дыбыстары ұяң г, ғ болып айтылады: Меңдіқыз – Меңдіғыз, қара қой – қара ғой, Байкөкше – Байгөкше, бозкөде – бозгөде, Тұрарқожа – Тұрарғожа, жай қалмау – жай ғалмау, Байқоңыр – Байғоңыр, т.б.
6. Сөздің алғашқы сыңарындағы қатаң дауыссыздардың ықпалынан екінші сыңардағы ұяң дауыссыздар айтуда қатаң болып айтылады: Тұратбек – Тұратпек, Жолдасбай – Жолдаспай, Сәтбай – Сәтпай, т. б.
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дауыссыз дыбыстың соңғысының алдыңғысына ықпал етуі. Кейінді ықпал заңдылықтары:
1. Қатаң қ, к, п дыбыстарына біткен сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, түбірдегі қатаң дауыссыз дыбыс ұяң дауыссыз дыбысқа айналады: Мысалы, тілек+і – тілегі, құлақ+ы – құлағы, соқ+у – соғу, доп+ы – добы, сеп+е+ді – себеді, т. б.
2. Н дыбысына біткен сөзге б және п дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда түбірдегі н дыбысы м болып айтылады. Мысалы, сенбе – сембе, он бес – ом бес, сәрсенбі – сәрсембі, Жанпейіс – Жампейіс, т. б.
3. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, ғ, г дыбыстарының алдынан келгенде айтуда ң болып өзгереді. Мысалы, Дүйсенғали – Дүйсеңғали, Сәрсенкүл – Сәрсеңкүл, түнгі – түңгі, сәнқой – сәңқой, т. б.
4. Ш дыбысының алдынан келген с және з дыбыстары айтуда ш болып өзгеріп кетеді. Мысалы, құрылысшы – құрылышшы, сөзшең – сөшшең, таныс шығар – таныш шығар, Бозшағыл – Бошшағыл, Тасшайнар – Ташшайнар, т. б.
5. Түбір сөз соңғы з дыбысы кейінгі с дыбысының ықпалынан с болып айтылады. Мысалы, сөзсіз – сөссіз, сазсырнай – сассырнай, жүз сом – жүс сом, жазса – жасса, т. б.
6. Алғашқы сөз з дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, з дыбысы ж болып айтылады. Мысалы, Оразжан – Оражжан, құз-жартас – құж-жартас, көз жазбау – көж жазбау, күз жақын – күж жақын, т. б.
7. Кейбір сөздерде қатар келген екі дауысты дыбыстың соңғысының ықпалынан алдыңғы дауысты дыбыс айтуда түсіп қалады. Мысалы, Сарыөзек – Сарөзек, алтыатар – алтатар, қара ала – қарала, жеті ешкі – жетешкі, шеткі үй – шеткүй, т.б.
Тоғыспалы ықпал деп - әркелкі дыбыстар қатар келіп тоғысып, екеуі де бірін-бірі еркін билей алмай, басқа дыбыстарға ауысып кетуін айтады. Тоғыспалы ықпал заңдылықтары Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, не с дыбысы мен ж дыбысы қатар келсе (көршілес келсе), айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына, сондай-ақ с дыбысы өзгеріп ш-ға, ж дыбысы өзгеріп ш дыбыстарына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазанғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді), Дос-жан (Дошшан), Бесжан (Бешшан).
4 – билет
