Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_d_1241_rigerlik_t_1241_zhirbie.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Онкология (ждт)

001

Дәрігергеішекқызметініңбұзылуынашағымданғаннауқастытексерудінеденбастауқажет:

A) Тоқішектірентгенологиялықзерттеуден

B) Колонофиброскопиядан

C) Ректороманоскопиядан

+D) Тік ішекті саусақпен тексеруден

E) Ультрадыбысты зерттеуден

002

М атты 8 жастағы ұл бала мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғанын, әлсіздік, терлегіштік, кезеңді түрде терісінің қышуын, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарлайтынына шағымданады. Жанұялық дәрігер науқасты тексергенде қан анализіндегі өзгерістерді байқады: аздаған лейкоцитоз (9x109/л), лимфопения (10%), ЭТЖ жоғарлаған (40мм). Бұл өзгеріс қай ауруға тән:

A) Жедел лейкоз

B) Созылмалы лимфолейкоз

C) Созылмалы миелолейкоз

+D) Лимфогранулематоз

E) Мойын лимфадениті

003

Бала 5жаста. Лимфа түйіндерінің ұлғайғанына шағымданады. Объективті: жағдайы орташа ауыр деңгейде. Жақ асты лимфа түйіндері II өлшемге дейін, артқы – және алдыңғы мойын түйіндері IV өлшемге дейін ұлғайған, бір бірімен бірікпеген, тығыз консистенциялы, ауырмайды. Қан анализінде: лейкоциттер- 9,2x109 /л, лимфоциттер – 11%, ЭТЖ-42 мм/сағ. Қандай емдеу әдістері қолданады:

A) Хирургиялық терапия

B) Парафинді аппликация

C) Гормонды терапия

D) Антибиотикті терапия

+E) Сәулелі және полихимия терапия

004

42 жастағы әйел келді. Сүт безін қарағанда: сүт безі терісінде бір жерінде «лимон қабықшасы» белгісі байқалады. Сүт безінің бір секторында терінің тереңдетілген «умбиликация» түрінде, оның астында тығыз консистенциялы болып анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

A) Функционалдық мастопатия

B) Мастит

+C) Сүт безінің рак ауруы

D) Сүт безінің қатерсіз ісігі

E) Фиброзды-кистозды мастопатия

005

Науқаста 10 жылдан соң сүт безі рак ауруын радикальді емдегеннен кейін оң өкпенің жоғарғы бөлігінде солитарлы метастаз анықталды. Осы жағдайдағы ең лайықты емі болып:

+A) Химиотерапия

B) Сәулелі терапия

C) Хирургиялық ем

D) Гормонды терапия

E) Антибиотикті терапия

964

Науқас К.,47 жаста. Шағымы- эпигастрий аймағындағы тұрақты ауырсынуға,тәбеттің төмендеуі,дене салмағының төмендеуі,периодты түрде жүрек айну мазалайды,сұйық дәрет. 6 ай ауырады. Анамнез бойынша – соңғы 10 жыл ішінде созылмалы холецисто –панкреатитпен ауырады. Өмір анамнезі бойынша-алкогольді ішімдік пен темекі шегумен әуестенеді. Клиникалық-іштің пальпациясында эпигастрий аймағында,оң жақ қабырға асты ауырсыну байқалады. Курвуазье симптомы оң мәнді. Тері кілігей сары түсті. Инструментальды зерттеуден ультрасонографияда ұйқы безі үлкейген. Лабораторлы зерттеуден холестериннің сілтілі фосфотаза,билирубин мөлшері көбейген. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.

А) оң жақ бауыр бөлігінің карциномасы

В) Асқазанның пилораантральды бөлігінің стенозы бар карциномасы

С) токсикалық гепатит

+D) ұйқы безі басының карциномасы

Е) гепатит В

Актобе

Жалпы дәрігерлік тәжірибе

001

Диагностика және емдеу хаттамаларын құрудың негізгі міндеті:

A.Дәрігердің емдеу диагностикалық қызметінің сызбасын құру;

+B.Емдеу мен диагностканың ең тиімді режимін құру;

C.Заманауи әлемдік медициналық кеңістікке интеграция ;

D.Денсаулық сақтаудың емханалық жүйесіндегі дәрігерлердің мүмкіндігін кеңейту;

E. Дәрігер қызметіне бақылауды күшейту.

002

Диагностикалау және емдеу протоколының негізгі міндеті:

A.Дәрігердің емдік – диагностикалық қызметін схематизациялауға шақырылған;

+B.диагностика және емдеуде қолайлы тәртіпті құру;

C.Жаңа әлемдік медициналық кеңістікпен интеграция;

D.Денсаулық сақтаудағы амбулаторлық дәрігерлер тобының қызметін кеңейту;

E.Дәрігердің профессионалдық қызметін қатаң бақылау

003

Үй жағдайында немесе толық емес жұмыс күні жағдайында жұмыс жасайтын, науқас баланы күту демалысындағы уақытша еңбекке жарамсыз тұлғаға қандай құжат беріледі:

A. жалақының сақталуынсыз демалыс;

B. Төлентін еңбек демалысы;

C. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы;

D. Күту бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы және бір парақ;

+E. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;

004

Стационар алмастырушы жүйе қызметінің көлеміндегі негізгі принцип:

A.Диагностика және емдеудегі жаңа жоғары технологиялық әдістерді енгізу;

+B.Жаңа қор сақтаушы медициналық технологиялардыжүзеге асыру;

C.Сауықтыру – алдын – алу технологияларын жүзеге асыру;

D.Мамандандырылған медициналық көмек жүйесін дамыту;

E.Тұрғындарға алғашқы медико – санитарлық көмекті күшейту.

005

5 жастан асқан балаларда 1 секундта форсирленген дем шығару көлемі (FEV1), өкпенің форсирленген өмірлік сыйымдылығы (FCV) және дем шығарудың максимальды жылдамдығы (PEF) нені бағалауға мүмкіндік береді :

Организмнің аллергизация болу дәрежесін;

Инфекциялық процестің айқындылық дәрежесін;

Иммунологиялық реактивтілік жағдайын;

+Бронх обструкцияның дәрежесін;

Организмде вегетативті жүйесінің жағдайын

006

17жастағы науқас, тамағының ауырып кұрғауына, құрғақ жөтелге, жұтынғанда тамағының ауыруына., жөтелдің түнге қарай күшеюіне шағым айтады. Ауыруын тоңып қалумен байланыстырады. Ауырғанына 2апта болған. Тұмаудың дәрілерін ішкен. Жөтелі кетпеген.Дене қызуы көтерілмеген. Жалпы жағдайы бұзылмаған.

Объективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық. Терісі қалыпты. Араны-қызарған.

Өкпесін тыңдап қарағанда-перкуторлы өкпелік тыныс күшейген. Сырылдар жоқ.

Жүрек тондары айқын, ритмді.Қан қысымы 120/70мм.сын.бағ.

Бірінші қандай ауруды ойлайсыз?

А.пневмония

B.Трахеит

+C. брохит

D.тыныс демікпесі

E. туберкулез.

007

Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.

Сіздің диагнозыңыз:

Ишемиялық инсульт

+В)Кон синдромы

Реноваскулярлы гипертензия

Артериялық гипертензия

Созылмалы пиелонефрит

008

28жастағы науқас әйел,жүректің ауырсынуына, ентігуге шағым айтып келді. Жүрек сыздап ауырады. Ауырсыну жүктемеге байланысты емес, тұрақты байқалады.Нитраттармен басылмайды. Осыдан 2апта бұрын іріңді гайморитпен ауырып, емделген.Жалпы жағдайы қанағатанарлық.Дене қызуы 38 градус.

Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ .Жүрек ұшы соққысы әлсіреген,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систола шуы,оның екпіні дене қалпын өзгерткенде күшеймейді; 1тонмен байланысты емес.ЭКГ-де ритмнің бұзылыстары-блокадалар.

Сіздің диагнозыңыз?

Кардиомиопатия

+Миокардит

Ревматикалық ауру

Перикардит

НЦД

009

65 жастағы науқас емхана дәрігерін үйге шақырды.Науқаста сәл жүктемеден кейін төс артында қысып ауырсыну, ентігу, әлсіздік пайда болған. Ауырсыну нитроглицеринмен басылмаған.Осыдан 1ай бұрын стационарда тұрақсыз стенокардиямен емделген. Жағдайы ауыр.Ортопноэ. Терісі бозғылт, салқын тер. Қан қысымы-190/100мм.сын. бағ. ЖСС-90рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған , ритмі бұзылған. Дәрігер ең бірінші қандай аурудың диагноын қою қажет?

тұрақсыз стенокардия

+миокардтың инфаркті

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

аорта аневризмасы

нейроциркуляторлы дистония

010

Бала қабылдау бөліміне экспираторлы ентігу шағымымен түсті. Аускултацияда: өкпеде жайылмалы ысқырықты сырылдар, кеуде клеткасының эмфизематозды керілуі, рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі. Қандай патологияға тән?

A. ЖРВИ

B. жедел бронхит

+C. жедел обструктивті бронхит

D. жедел пневмония

E. Эпиглоттит

011

10-айлық баладағы салмақтың жетіспеушілігі, тұрақты жөтел. Анамнезінде: рентгенограммада 2 жағдайда пневмония дәлелденген. Ас қорыту жүйесінде тұрақты іш қату. Осы клиникалық жағдайдағы сіздің болжамды диагнозыныз?

A. Гиршпрунг ауруы

+B. Муковисцидоз

C. бронхөкпелік даму ақауы

D. Функциональді іш қату

E. Туа біткен иммунодефицит

012

Бала дұрыс жүрмейді: 5 жастағы баланың ата-анасы физикалы дамуына қалыс болуына шағымданып келді. Объективті: психикалық дамуы жасына сай, иық – жауырыны шамадан тыс дамыған. Бұлшықет гипотониясы, аяқ және денесінің төмен жағы әлсіз. Жүрек шегі солға 2 см ығысқан. Жүрек тебісі, 1 тоны күшейген. Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систоликалық шум естіледі. Бауыры ұлғаймаған. Аяқтағы пульсі анықталмайды. АҚҚ 150/90 мм сн.бғ. Болжамды диагноз қандай?

+A. аорта коарктациясы

B. вегето-тамырлы дистония

C.феохромоцитома D. ашық артериальды өзек

E. аорта өзегінің стенозы

013

Бала 10 жаста, ауырғанына 3-ші күн, шағымы: іш ауруына, сол тізе және оң шынтақ буындарында ауырсыну және қимыл тежелуіне. 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Аурудың 1-ші күні қызуы 38,5 С, тобық буыны зақымдалған. Жүректің тұйық шектері кеңейген, тахикардия 120 рет. 1 мин, 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систоликалық шум. Көрсетілген клиникалық жағдай қандай диагнозге сәйкес келеді?

+A. ревматизм

B. жүйелі қызыл жиегі

C. ювенильды ревматоидты артрит

D. Рейтер ауруы

E. реактивты артрит

014

39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: тұлғаның, жамбастың алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Термиялық күйік, II дәрежелі, күйіктік шок

В) Термиялық күйік, III дәрежелі

+С) Термиялық күйік, III дәрежелі, күйіктік шок

D) Термиялық күйік, IV дәрежелі

Е) Термиялық күйік, IV дәрежелі, күйіктік шок

015

Науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара:

+А) Электрлі дефибрилляция

В) Вена ішіне лидокаин

С) Вена ішіне атропин

D) Жүректің жабық массажы

Е) Вена ішіне амиодарон

016

Науқас 2,5 ай бойы сирақтың т/3 бөлігінің сынығымен емделді. Бақылаулы рентгендік тексеруде сынықтың толық емес бітімі көрінеді. Дәрігер емдеуді жалғастырды. Уақытша еңбекке жарамсыздығы парағында қанша мерзімге дейін болады?

А. 3 ай дейін

В. 6 ай дейін

С. 1жыл

Д. 5 ай дейін

+Е. 4 айға дейін

017

Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 37 апта әйел жеткізілді. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілімен тексергенде оң жақта ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі анықталады. Диагноз қойыңыз:

А) ұрықтың ұзына бойы орналасуы, баспен келу, 1 позиция

В) ұрықтың көлденең орналасуы, 1 позиция

+С) ұрықтың көлденең, 2 позиция

D) ұрықтың қиғаш орналасуы

Е) ұзына бойы орналасуы, жамбаспен келу

018

Жанұялық дәрігер қабылдауында 1 жас 6 айлық баласымен ана келді. Анамензінен : 3 апта бұрын ЖРВИ жоғары температурамен өткізген. Объективті:жағдайы қанағаттанарлық. Физикалық және жүйке психикалық дамуы жасына сай. Екпе графигінде бұзылыстар жоқ.

Осы жаста қай екпені жүргізу керек?

A) Қызамық, қызылша, паротитке қарсы

B) Полиомиелитке қарсы

+C) АКДС бірінші ревакцинациясын

D) вирусты гепатит А қарсы

E) вирусты гепатит В қарсы

019

17 жастағы жас ана 10 күндік баласының емізгеннен кейін қорытылмаған сүтті кекіруіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала 1 жүктіліктен, 39-40 апталық мерзімде бірінші босанудан. Жүктілік және босану патологиясыз өткен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты түсті. Мүшелер және жүйелер жағынан өзгеріссіз. Қандай ұсыныстар берген жөн ?

A) Аралас тамақтандыруға көшіру

B) Қосымша тамақ енгізу

C) Ферментті препараттар тағайындау

D)Жасанды тамақтаандыруға көшіру

+E) Емізу техникасының дұрыстығы

020

Қандай жағдайда пациентке превентивті емді тағайындайсыз, мерез ауруымен ауыратын әйелмен жыныстық қатынаста болуына орай, қатынас болған уақыттан кейін неше апта өткен соң.

А) 4 дан 6 апта.

B) 2 дан 4 апта.

+C) 6 апта. жоғары

D) 1 дан 2 апта

E) 3 аптаға дейін

021

Науқас емханаға диагнозын айқындау үшін келіп түседі. Папулездік элементтің диагностикалық биопсиясы алынады. Гистологиялық зерттеу кезінде түйіршікті қабат клеткаларының қатары көбейгені анықталады. Морфолог бұл феноменді былай сипаттады

A)экзоцитоз

B) спонгиоз

C)акантоз

D)гранулез

+E) паракератоз

022

Егер сіз төмендегі сұрақтарды анықтағыңыз келсе, нені талқылайсыз; тромболитикалық препараттардың тиімділігі қауіптілігне қарағанда жедел миокард инфарктысы бар науқастың жасына, жынысына, этникалық тегіне байланыссыз арта ма?

A) болжамын

+B) емін

C) диагностикасын

D) алдын-алу шараларын

E) себебін

023

ЖИА ауыратын науқас тромбоасс қабылдаудан эпигастрии тұсындағы ауырсынуға байланысты бас тартты. Осы мәселені зерттеу үшін ізденіс жүргізуде клиникалық сұрақты құрастырыңыз.

A) ЖИА – мен науқастарда қан кетулердің жиілеуі

+B) ЖИА-мен науқастарда антиагреганттар қабылдаған соң асқынулар (гастропатия, қан кету) дамуы

C) Жүрек тамыр патологиясымен науқастарда тромбоасс қабылдағаннан кейін асқынулар дамуы

D) ЖИА – мен науқастарда эпигастриде ауырсынулар болғанда асқынулар жиілейді.

E) Асқазан ауруларымен науқаста антиагрегант қолданғанда қосымша әсерлер болуы

024

Кардиологтың қабылдауында ауыр қос жармалы қақпақша жетіспеушілігімен асқынған ревматизммен ауыратын 22 жастағы науқас. Шағымдары: ентігу, жүректің қатты соғуы, физикалық жүктемені көтермеу. Объективті қарағанда анықталды: жүрек шамасыздығының белгілері, жүрек шекарасының ұлғаюы, жүрек төбесінде қатты систолалық шу. Рентгенограммада: жүрек митральді конфигурациялы, өкпе суреті күшейген. ЭКГ-да жүректің сол жақ бөлігінің гипертрофиясы. Науқас дигоксин алады. Дәрігер АПФ ингибиторларын қабылдауға көшу керек пе деп, ойланады. Клиникалық есепте қандай проблема/пациент сипатталған?

A. кардиологиялық амбулаторлық пациент

B. қабылдаудағы кардиолог дәрігер

+C. туа біткен қос жармалы қақпашаның жетіспеушілігі фонында жүрек шамасыздығы бар жас науқас

D. еміне коррекция қажет пациент

E. ревматизммен ауыратын және жүрек шамасыздығы белгілеріне шағымданатын, жас адам

025

Созылмалы пиелонефритпен ауыратын науқаста креатининнің клиренсі 60мл/мин болды. ДЗ-тың қайсысы төмен мөлшерде тағайындалуы тиіс?

А. фуросемид

В. дигоксин

С. пенициллин

D. аспирин

+Е. гентамицин

026

Жүктіліктің 33 аптасындағы әйел, аурудың 2-ші күнінде бөлімшеге жедел ортанғы бөлікті пневмониямен келіп түсті. Қақырықтың себіндісінен ақ стафилакокктың өсіндісі анықталды. Қандай дәрі қолдану керек?

А. бензил пенициллин

В. ампициллин

С. карбенициллин

D. метациклин

+Е. оксациллин

027

25жастағы ревматоидты артритпен көп жылдар бойы ауыратын әйел,емхананың дәрігеріне қабылдауға келді. 1жыл бойы преднизолонмен емделеді.

Алдыңғы жылы пневмониямен ұзақ бірнеше антибиотиктерді қабылдап емделді.

Ауырғанына 1апта болған.Жалпы әлсіздік, кешке қарай терлейді, тоңады.Тамаққа тәбеті жоқ..Денесі субфебрильді деңгейге көтеріледі, кейде одан да жоғары болады. Дене қызуы ұзақ уақытқа созылады.Сонымен қатар құрғақ, кейде аз ғана қақырықтың бөлінуіне,ентігуге шағым айтады.

Объективті қарағанда: дене пішіні арықтау.Терісі бозғылт түсті.Саусақтарының ұсақ буындарында деформация бар.Соғып қарағанда –перкуторлы дыбыстың қысқаруы, аускультативті-ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар өкпенің төменгі бөліктерінде естіледі.Қан анализінде эозинофилия. Өкпені рентгенмен тексергенде:төменгі бөліктерінде қараю, бірнеше қуыстар анықталады.

Қандай ем қолдану қажет?

гликопептидтер

+микотикалық дәрілер

макролидтер

фторхинолондар

цефалоспориндер

028

Науқас осыдан 1ай бұрын миокардтың инфарктімен ауруханадан шыққан.Соңғы күні жүректің кесіп, шаншып ауруына, әсіресе тыныс алғанда, денесін қозғалтқанда күшеюіне, дене қызуының болуына шағым айтады.Жағдайы орташа ауыртпалықта.Жүрек тонары тұйықталған, перикардтың үйкеліс шуы тыныс алғанда күшейеді.Қанда-лейкоцитоз.Рентгенмен тексергенде -плевра қуысында экссудат анықталған.Науқаста қандай асқыну дамыған?

+Дресслер синдромы

Аорта аневризмасы

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Қайталанған миокардтың инфаркті

Инфарктан кейінгі стенокардия

029

28 жастағы әйелде саусақтарының ұсақ буындарында ауырсыну, қозғалысының шектелуі байқалады.Ауырғанына 3жыл болған.Сонымен қатар таңертеңгілік сіреспелік, буындардың ісінуі қинайды.Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Саусағындағы білезік, білезік-фалангааралық буындар ісінген, қозғалтқанда ауырады.Өкпеде өзгеріс жоқ. Жүрек тондары ритмді,айқын.Пульсі 76рет минутына.Бауыры өпеген. Аяқтарында ісік жоқ. Қан анализінде ЭТЖ-42мм сағатына. Лейкоциттер9800.

Дәрігер ревматоидты артрит пен жүйелі қызыл жегіні ажырату үшін қандай лабораторлық көрсеткішті анықтаған маңызды?

Ревмосынама

Антистрептолизин

Ревмофактор

+LE-клеткалар

Антинуклеарлы фактор

030

68жастағы науқас ер адам, көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруымен ауырады. 2 рет миокард инфаркті болған. Соңғы кезде сәл жүргенде, кимылдағанда ентігу, жүрек тұсының ауырсынуына,жүрек тоқтаған сияқты сезімге, жүректің шалыс соғуына шағым айтады. Сонымен қатар науқастың артериялық гипертензиясы бар.Объективті: науқас гипертеник,дене бітімі толық.

Терісі бозғылт, мұрын-ерін аймағында акроцианоз. Өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сирек ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі бұзылған.Қан қысымы 180/95мм.сын.бағ.ЖСС-88рет минутына.ЭКГ- топталған қарыншалық экстрасистолалар. Бауыры оң қабырға доғасы бойында.

Берілгендердің қайсысы тиімді нәтижелі ем болады?

+Амиодарон

Дигоксин

Верапамил

Магнезий сульфат

Этмозин

031

Жасөспірім бала АҚҚ жоғарлауымен, сонымен байланысты басының ауруына, әлсіздікке, өтпелі көзінің көруінің нашарлауына шағымданып ЖТ дәрігерінің қабылдауына келді. Тексергенде кіндік үстінде систоликалық шуыл анықталжды. Диагнозды айқындау үшін қандай тексерулер жүргіземіз?

A. Кеуде клеткасының шолу R-графиясы

B. бүйректің УДЗ

+C. бүйрек артерияларының УДЗГ

D. Көз түбін қарау

E. Экскреторлық урография

032

Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:

А) қарынша ішілік блокада

B) сол қарыншаның гипертрофиясы

C) сол жүрекшенің гипертрофиясы

+D) оң қарыншаның гипертрофиясы

E) Гис будасысол тармағының блокадасы

033

7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?

А) Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

В) Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

+С) Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы

D) аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар

Е) Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

034

Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. ұстамалы бронх демікпесі

+C. жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі

D. спонтанды пневмоторакс

E. инфаркты пневмония

035

32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 380С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста қандай антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін?

А) Пенициллиндер

В) Аминогликозидтер

С) Макролидтер

D) Тетрациклин

+Е) Гликопептидтер

036

Тұрақсыз стенокардия АҚ - 180/100 мм.сын.бағ. (бірінші сағаттарда). Жүрек перкуссиясы кезінде тамыр шоғырының кенейгені анықталады. Аусультативті: қолқа жолдарында систоликалық шу, (қолқа регургитациясының ерте диастоликалық шуы). Пульс ассимитриясы, тахикардия. Пальпаторлы іші жұмсақ, пульсирлеуші түзіліс анықталады. Тропонинмен Экспресс (-). ЭКГ-да: коронарлы жетіспеушілік белгілері, миокардтағы ошақты өзгерістер. Қарыншаның гипертрофиясы. ЭКГ-дағы өзгерістер мен көрсетілген симптомдардың себептері не болуы мүмкін?

A) Гипертоникалық ауру

C) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

+D) Қолқаның қабаттасқан аневризмасы

E) Гипертоникалық криз

037

Ер адам 44 жаста, көкіректің сол жағының сол қолына берілетін жүрек тұсының ауырсынуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Тез арада ЭКГ жасалынды. ЭКГ-да политопты топталған қарыншалық экстрасистола, ЖЖЖ 160 минутына. Осы жағдайда аритмияға қарсы қандай дәрілік затты таңдау керек?

A) Этоцизин

+B) Лидокаин

C) АТФ

D) Мезатонмен новокаинамид

E) Строфантин

038

Науқас 59 жаста, құрылысшы, 1 жыл бұрын миокардтың трансмуралды инфарктсын бастан кешкен. Жақында 1ай бұрын АКШ жасалған. Жағдай күйі орташа ауырлықта. Тыныш кезде ентікпе, жүрек жеткіліксіздік белгілері бар. керек Аяқтарында ісіктер. Науқастың еңбекке жарамсыздығын анықтаңыз:

А. Еңбекке жарамды

+В. МСЭК-ке жіберу

С. ВКК-ға жіберу

Д. уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру

Е.. еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру

039

Венеролог дәрігер қабылдауына иммундық жүйесі өзгеріссіз 25 жастағы ер кісі келді.Обьективті қарағанда эретематозды фонында топталған көпіршіктер, сонымен қатар қызару фонында эрозиялар, қабықтар.

Генитальды ұшық диагнозы қойылды. Ацикловирдың курстық дозасы қандай?

+A) 10 грамм

B) 20 грамм

C) 30грамм

D) 50грамм

E)100 грамм

040

Науқас неврозды жағдайға, үрейленуге, эмоциялық күйге, ұйқының бұзылуына, АҚҚ жиі жоғарлауы шағымдарына байланысты, диазепамның 10 мг және раунатиннің 1 т күніне 2 рет қабылдағанын айтты. Анамнезінде созылмалы гепатит. Екі аптадан кейін науқас галлюцинация, айқын түстер көре бастағанын, әлсіздік өсіп және қолдары қалтырайтынын байқады. Диазепамның жағымсыз әсерінің пайда болуына қандай жағдай әсер етті?

А. препараттың жоғары дозасы

В. АІТ-нан препараттың сіңуінің жоғарлауы

+С. препараттың организмде биотрансформация процессін тежеуі

D. препараттың организмнен шығарылуының жоғарлауы

Е. диазепамның және раутиннің әсерлесуі

041

ЖИА-мен, атеросклерозды кардиосклерозбен, созылмалы қан айналымы жетіспеушілінің (СҚЖ) ІІ Б сатысымен ауыратын науқасқа (ЖЖЖ -96, PS-76, АҚҚ 120/80, PQ-0,21) қарыншалық экстросистолияны жою үшін лидокаин (50мг) болюс ретінде бірден енгізіліп, кейіннен дәрі көк тамырға (1мг/мин) тамызылды. Лидокаин мөлшері неге 2 есе аз берілді?

А. тахикардия болғандықтан

В. AV өткізгіштіктігі баяулағаннан

С. лидокайнның бүйрек арқылы бөлінуі баяулағаннан

D. бауырдың кардиалды циррозында гипоальбуминурия жиі болатындықтан

+Е. СҚЖ-і бар науқаста ДЗ-тардың тарау көлемі төмендейтіндіктен

042

38 жастағы науқас әйел, түнге қарай оң қабырға астында оң иық пен қолға берілетін қатты толғақ тәрізді ауырсынуға, жүрегінің айнып құсуына шағым айтады. Ауруын диетаны бұзуымен-майлы асты қабылдауымен байланыстырады. Ауырсынуды но-шпаны ішіп сәл басқан.Бірнеше жылдар бойы холециститпен ауырады. Тұрақты емделмейді.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі бозғылт, сарғыштау. Жүрек-өкпе жағынан дерттік өзгерістер жоқ. Іші қаттылау, оң қабырға асты басып қарағанда тітіркенеді, ауырады.Бауыры ұлғаймаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

Реактивті панкреатит

Гепатит

+Өт тас ауруы

Өт қабының перфорациясы

Жайылмалы перитонит

043

Науқас К. 24 жаста,қатты арықтағанына ,аузының құрғауына,шөлге, жиі зәрінің жиілеуіне,жүрек айнуына,тәбетінің төмендеуіне шағымданады.Обьективті: терісі құрғақ,табаны мен алақандары сарғыш реңді,фурункулезі бар.Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия.Науқасқа қандай дәрі тағайындау қажет:

+А) қарапайым инсулин

В)Сульфаниламидтер

С)Бигуанидтер

D)Пролонгирленген инсулин

E)Гипокалориялы диета

044

40жастағы әйелде аутоимунды тиреодит ауруы анықталған.тиреоидты дәрілерді тұрақты қабылдайды. Дәрігерде тексерілгенде соңғы 3-4 ай ішінде зобтың көлемі кішіреймеген.

Дәрігер қандай емді ұсынуы қажет?

Тиреоидты дәрілер

+Глюкокортикостероидтар

Цитостатиктер

Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер

Радиоактивті йод

045

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

А) темір препараттары

В) фолий қышқылы

+С) В-12 витамині

D) преднизолон

E) аскорбин қышқылы

046

Науқас З. 19 жаста, қызыл иегінің қанауы, тамағының ауыруы мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39 гр. Тері жабындылары бозғылт, көптеген бөртпелер мен экхимозалар. Көмекейінде-өлі еттенген жұғынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры, көкбауыры қабырға доғасынан 2 см төмен. Қанында: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9, лейк-29 мың, бластар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакциясы оң. Берілген аурудың диагнозын нақтылаудағы шешуші критериі қандай:

А) ЭТЖ жоғарылауы

В) анемия

С) тромбоцитопения

D) лейкоцитоз

+E) бластемия

047

45 жастағы науқас аяқтарының ісуіне,жалпы әлсіздік, ентігу, түнде тұншығу ұстамаларына, жұректің жиі соғуына шағым айтады. Көп жылдар бойы 3 жарнамалы қлапанның ақауымен ауырады. Қарағанда: акроцианоз. Тыныш күйде ентігу бар. Жүрек шекаралары оңға қарай ығысқан. Мойын веналарының пульсациясы айқын көрінеді.Тыныс алғанда күшейетін жүрек ұшынан оңға қарай естілетін систола шуы.

Қан қысымы160/90мм.сын.бағ. Пульсі 90рет минутына. Іші ұлғайған, қаттылау. Бауыры қабырға доғасынан 3см өскен. Аяқтары іскен.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

Сол қарыншалық шамасыздық

+Оң қарыншалық шамасыздық

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Өкпе текті жүрек

Бауыр шамасыздығы

048

34 жастағы науқас, Бала кезінде ревматизммен ауырған, жүрек ақауы анықталған.Соңғы 5 жылда диуретиктер,жүрек гликозиттерін, калий дәрілерін қабылдайды.1апта бұрын жағдайы нашарлап әлсіздік, қалтырау,артралгия , жүректің жиі соғуы, тұншығу қинайды.Дәрілердің әсері жоқ.Объективті: науқас ентігіп отыр, тыныс алуы 24рет минутына,қол-аяқтарыіскен.Өкпенің базалбды бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрегі солға және жоғары қарай кеңейген.Жүрек ұшында 1 тон күшейген,сиитола шуы естіледі. Пульсі 76рет минутына, аритмиялы 20-25пульстің дефициті.Бауыры қабырға доғасынан 5см өскен.Қан анализінде:С-реактивті белок+.ЭТЖ-25мм.сағ.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

+Бактериальды эндокардит

Қайталамалы миокардит. Жыбыр аритмиясы

Жедел ревматикалық қызба. Қайталамалы кардит.

Тонзилокардиальды синдром.

Қайталамалы кардит.Мезоаортит.

049

57 жастағы құрлысшы,дәрігерге жалпы әлсідікке,тезшаршауға,дене қызуының 38градусқа көтерілуіне, белінің ісіеуіне, аяқтарының, қолдарының ісуіне, көзінің таңертеңгілік ісуіне,басының ауруына шағым айтады.Жағдайының нашарлауын салқынның тиуімен байланыстырады. 2жыл бұрын қан қысымы көтерілгенде зәрінде протеинурия,гематурия, лейкоцитурияны табқан.Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі диагнозы қойылған.Науқас дәрігерге тұрақты қаралмайды.Науқас темекі тартады.Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта.Терісі бозғылт,тамағы қызарған.Өкпесінде везикулярлы қатқыл везикулярлы тыныс.ТЖ-20рет минутына.Жүрек тондары тұйықталған, ритмді.Қан қысымы-170/100мм.сын.бағ.Іші жұмсақ, ауырмайды.Бауыры қабырға доғасынан 1см төмен ығысқан.Пастернацский симптомы-екі жағынан аз ғана оң мәнді.Беті,қолдары, балтыры іскен.

Науқасқа қандай әсері бар емді ұсыну қажет?

Кортикостероидтар

+Цитостатиктер

Антибиотиктер

Гипотензивті дәрілер

Диуретиктер

1014

50 жастағы науқас, жиі өршитін 12-елі ішектің жара аурумен ауырады. Әрдайым терапевте ем алады.Соңғы кезде қыжылдау, таңға қарай ауырсыну қайтадан қинайды. Дәрігер денол мен алмагель ұсынған оның әсері болмай тұр. Жалпы жағдайы қанағатанарлық. Іші жұмсақ, әпигастрий аймағында семсер өсіндісінің оң жағында нүктелі ауырсыну байқалады.

Науқасқа кандай әсері бар ем тағайындау қажет?

+Төрттік эридикация

Үштік эридикация

Антацидтер

Спазмолитиктер

Прокинетиктер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]