Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_d_1241_rigerlik_t_1241_zhirbie.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Жұқпалы аурулар (ждт)

001

Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?

A) аденовирусты ауру

В) энтеровирусты ауру

С) парагрипп

+D) грипп

Е) риновирусты инфекция

002

39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:

А) Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы

В) IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)

С) ІІІ дәрежелі ЖБЭ

D) ІІ дәрежелі ЖБЭ

+Е) І дәрежелі ЖБЭ

003

20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?

А) І дәрежесіне

+В ) ІІ дәрежесіне

С ) ІІІ дәрежесіне

D ) IV дәрежесіне

Е ) құрғау белгілері жоқ

004

35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

+А) қарасан, карбункулезді түрі

В) қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі

С) қарасан, сепсистік түрі

D) оба, терідегі түрі

Е) оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі

005

21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?

A) Лептоспироз

B) Описторхоз

+C) Вирусты гепатит, орташа ауырлықта

D) Вирусты гепатит, ауыр ағымы

E) Вирусты гепатит, жеңіл ағымы

839

25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?

+A) жедел дизентерия, орташа ауырлықта

B) жедел дизентерия, жеңіл ағымы

C) жедел дизентерия, ауыр ағымы

D) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты

E) сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]