Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_d_1241_rigerlik_t_1241_zhirbie.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Ішкі аурулар

001

Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы-төменгі бөлімінде интенсивтілігі орташа көлеңкелер, тез оң динамика тән:

+А)Саркоидозға

В)Пневмокониозға

С)Ошақты пневмонияға

Д)Милиарлы туберкулезге

Е)Инфильтративті туберкулезге

002

55 жастағы науқас анда санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгісі оң, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап тәрізді өкпелік дыбыс, аускультативті – әлсіреген везикулярлы тыныс. Науқаста қандай патология дамыған:

А)Пневмония

В)Пневмоторакс

С)Жедел бронхит

+Д)Өкпе эмфиземасы

Е)Созылмалы бронхит

003

28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Диагноз:

А)Бронх демікпесі, жеңіл дәреже, өршу ТЖ I

В)Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу ТЖ III

С)Бронх демікпесі, орта ауырлықта,өршу, ТЖ II

Д)Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу,гормон тәуелді түрі, ТЖ I

+Е)Бронх демікпесі, орта ауырлықта, өршу, гормон тәуелді түрі,ТЖ II

004

29 жастағы науқас тұсындағы белгісіз сипатты ауырсынуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жүрек қағуына, физикалық күш түскенде тершеңдікке шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,3С дейін көтеріледі. Өткен айда науқас суық тиіп ауырған, басқа ешқандай аурумен ауырмаған. Пәтерінде жұмыссыз, туберкулезбен ауыратын қарт адам тұрады. Қан және несеп талдауы өзгеріссіз. Жүрек үстінен систолалық шу естіледі, ЖСЖ минутына 100 рет. ЭКГ PQ 0,26С.Қарынша ішілік өткізгіштік бұзылған.Диагноз:

А)Өкпе туберкулезі

В)Тұрақсыз стенокардия

С)Жүрек ырғағының пароксизмалды бұзылуы

+Д)Миокардит

Е)Перикардит

005

45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын.Диагноз:

А)Реактивті артрит

В)Рейтер синдромы

+С)Подагра

Д)Псориаз

Е)Ревматиті полиартрит

006

32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде- жиі

циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 38С, аускультацияда-тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ

қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді. Диагноз:

А) бүйрек туберкілезі

В) гломерулонефрит

+С) пиелонефрит

Д) бүйрек амилоидозы

Е) бүйрек тас ауруы

007

Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады.Болжам диагноз:

+А) Созылмалы панкреатит, өршу

В) Созылмалы белсенді гепатит, өршу

С) Созылмалы калькулезді холецистит, өршу

Д) Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу

Е) Созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу

008

Науқас И. 60 жаста. Жазылмайтын трофикалық жараға ем қабылдаған. Бір жыл бойы манинил қабылдаған. Терісі құрғақ, ісінулер жоқ. АҚҚ- 135/80 мм с.б. ЖСЖ - 82 минутына. Statuslokalis: оң жақ табаны гиперемиялаған, аздап ісінген, аяқ бетінде дұрыс емес, мөлшері 4,5 х 6,1 см. жара орналасқан. Оң жақ табандағы перифериялық тамырлар пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 29 г/л. Науқасты қалай жүргізген дұрыс:

+А) Инсулинге ауысу

В) Бигуанидтерге ауысуы

С) Қатақ ем және рационалды физикалық жүктеме

Д) Секретагогты бигуанидтермен бірге комплексті қолдану

Е) Сульфонил мочевина препараттарының дозасын жоғарлату

009

Науқас 58 жаста. Асқазан-ішек жолы (АІЖ) ауруларымен ұзақ жылдар бойы ауырады. Қанның жалпы анамнезінде анықталады:Нв- 72 г/л, ТК – 1,5, Эр- 2,6х1012/л, макроцитоз. Осы науқасқа емдеу шаралары:

А) Хеферол 350 мг 2 рет/тәу.

В) Фенюльс 150 мг-нан 2 рет/тәу

С) Эритроцитарлық масса құю 200 мл

+Д) Цианокобаламин инъекциясы 500 мкг 2 рет/тәу.

Е) Аскорбин қышқылын 50 мг-нан 3 рет/тәу қабылдау.

010

38 жастағы науқас отбасылық дәрігерге буындағы сыздап ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, іші кебуіне шағымданып келді. Жалпы әлсіздік, тершеңдік, жүдеу байқалады. Нәжісі көп, тәулігіне 10 рет. Зерттегенде нәжісте көп мөлшерде бейтарап майлар, май қышқылдары мен сабын. Клиникалық талдауда анемия, лейкопения, гипоальбуминемия.Дәрігер тактикасы:

А) Консервативті ем

В) Амбулаторлы ем

+С) Стационарлы ем

Д) Диз топқа зерттеу

Е) Шартты – патогенді флораға зерттеу

011

55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік блғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Емдеу тактикасы:

А) Атенолол

В) Эналаприл

С) Нитроглицерин

+Д) Нифедипин

Е) Аспирин

012

62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетің ауырсынуға шағымданып келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған,

Геберден, Бушар түйіндері анықталдыБұл науқасқа не тағайындау қажет:

А) Антибиотиктер

+В) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

С) Ангиопротекторлар

Д) Кортикостероидтар

Е) Спазмолитиктар

702

50 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерді үйіне шақырып жүректұсындағы ауырсыну, ентігу, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздіккешығымданды. Тексеру нәтижесінде дәрігер науқастың жағдайының ауырекендігін анықтады: беті бозғылт, терісі ылғал, артериялық қан қысымы150/100 мм сынап бағанасына, пульс минутына 120 рет. Өкпеде ірі қөпіршіктісырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. Анамнезінде 5 жылдан беріартериялық гипертония. Дәрігердің тақтикасы:

А) Науқасты үйінде қалдыру

В) Жедел жәрдем шақыру

С) Күндізгі стационарда ем тағайындау

Д) Үйінде қалдырып, клиникалық көріністерді бақылау

+Е) Арнайы бригаданы шақырып, науқасты госпитализациялау

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]