Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhalpy_d_1241_rigerlik_t_1241_zhirbie.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать

Бмсқо жағдайында дерматовенерология

001

Науқас М., 22 жаста, бет терісінде шекарасы анық эритема байқалады, оның фонында түктелі папулезды-везикулезды бөртпелер орналасқан. Субьективті: қышу, ашу. Анамнезінен: сырқат ағартатын крем қолданғаннан кейін пайда болған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Қарапайым контактылы дерматит

В) Шынайы экзема

+С) Аллергиялық контактылы дерматит

D) Қарапайым көпіршікті теміреткі

Е) Жіті есекжем

002

Ер адам В., 62 жаста, санының алдыңғы бетінің үштен бір бөлігінде дұрыс емес формалы, қызыл түсті, алақан көлеміндей эпидермистің мүйізді қабатының қопарылып түсуімен көрінетін бахрома тәрізді анық шекаралы ошақ орналасқан. Ошақта сулану, іріңді-геморрагиялық және серозды-іріңді қабыршақтар байқалады, ошақ периферниясында ұсақ пустула түріндегі себілулер орналасқан. Маңайындағы тері өзгермеген. Субьективті айқын қышу мазалайды. 1-5 ай бұрын жара орнында пайда болған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз?

+А) Микробты экзема, жіті ағым, паратравматикалық

В) Шынайы экзема, жітілеу ағым, нуммулярлы

С) Микробты экзема, жіті ағым, варикозды

D) Микробты экзема, жітілеу ағым, сикозиформды

Е) Шынайы экзема, жіті ағым, интертригинозды

003

Ұл бала Н., 11 жаста, цитрусты тағамдарды қабылдағаннан кейін дене және қол терісінде жайылған бөртпелер пайда болды. Бөртпе элементтері жастықша тәрізді, тері беткейінен жоғары, әр түрлі көлемді, дұрыс емес формалы, ақшыл-қызыл түсті, ортасында күңгірт реңді, перифериясында – айқын емес шекаралы қызғылт жиекті. Бөртпелер 2 сағаттан соң жоғалып кетті. Субьективті: қатты қышу, қызыл дермографизм. Сіздің диагнозыңыз?

А) Тері қышуы

+В) Жіті есекжем

С) Ересектер қышымасы

D) Қышыма

Е) Жайылмалы токсикодермия

004

Науқас С, 14 жаста, нәресте кезіне ауырады, сырқат ағымы созылмалы, рецидивирлеуші, күз-қыс кезеңінде үдей түседі. Көптеген дәрілік заттардың, өсімдіктердің аллергендерін азық түлік көтере алмаушылық бар. Қатты қышу, көбінесе шынтақ бүгіндісінің, білезік буындарының, тізе асты шұңқырының, мойынның бүйір беткейінің, бетінің зақымдалуы байқалады, зақымдалу ошағында ұсақ папулалар, лихенификация, экскориация, қабыршақтану, эритемалар орналасқан. Мүмкін болатын диагноз?

А) Балалар экземасы, жіті фаза, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

В) Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, экссудативті форма

+С) Атопиялық дерматит, жіті фазалы, лихенификациямен эритемалы-сквамозды форма

D) Атопиялық дерматит, созылмалы фаза, лихеноидты форма

Е) Шынайы экзема, жіті фаза, пруригинозды форма

005

Науқас И., 18 жаста, иықтың бүккіш беткейінде және сегізкөз аймағында полигоналді, папуласы күрең түсті, кейбір элементтердің ортасы төмен түскен, қырынан жарық түсіргенде балауыз тәрізді жылтырау бар, қатты қышу мазалайды. Бет терісінің шырышты қабатында ақшыл-сұрғылт түсті шілтерге ұқсас торлы бөртпелер байқалады.

Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз:

А) Қызыл жалпақ теміреткі, гипертрофиялық форма

+В) Қызыл жалпақ теміреткі, типті форма

D) Қызыл жалпақ теміреткі, атрофиялық форма

С) Қызыл жалпақ теміреткі, атипті форма

Е) Қызыл жалпақ теміреткі, фолликулярлы форма

514

Бала Н., 4 жаста, бала бақшаға барады, жанұялық дәрігермен қарау кезінде бет терісінде бірнеше, диаметрі 3 мм дейін, болбыр қақпағымен және мөлдір емес сұйықтығы бар көпіршіктер және жұқа сұрғылт қабыршақтар байқалды. Осы сияқты бөртпелер осы топтағы бірнеше балада табылған. Болжам диагнозды таңдаңыз?

А) Дөрекі импетиго

В) Стафилококкты импетиго

+С) Стрептококкты импетиго

D) Герпетиформды импетиго

Е) Жарық тәрізі (щелевидное) импетиго

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]