
- •1. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы үкіметаралық емес және үкіметаралық ұйым ретінде
- •1.1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының үкіметаралық емес және үкіметаралық ұйым ретінде құрылуымен қалыптасу тарихы
- •Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Инттерполдың құрлымы мен ынтымақтастығының негізгі қағидалары
- •2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымыныдағы қазақстан республикасының ұлттық орталық бюросының құқықтық мәртебесі мен ұйымдық құқықтық аспектісі
- •2.1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросының құқықытық мәртебесі мен ұйымдық құқықтық нысаны
- •2.2 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросындағы басқарушы органы ретіндегі құзіреті мен өкілеттігі.
- •2.3 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюродағы қылмыскерлерді ұстап беруге байланысты (экстрадиция) өкілеттілігі.
2.3 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюродағы қылмыскерлерді ұстап беруге байланысты (экстрадиция) өкілеттілігі.
Қылмыс жасаған тұлғаларды ұстап беру әдетте дипломатиялық жолмен жүзеге асырылады. Бірақта көп жағдайда экстрадиция туралы мәселені қарастыру мүдделі мемлекеттің Әділет министірлігі, прокуратура және полиция органдары арасында белгіленген қатынастарды да тікелей орыналады. [37,С.54].
Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының экстрадицияға байланысты өкілеттігі ол қылмыстық іске қатысы бар күдікті Қазақстан азаматтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюро арқылы халықаралық іздеу салу және олар туралы ақпарат алмасу қызметтерімен айналасады. Осы экстрадиция қызметіне байланысты 2003 жылғы 3 маусымда шыққан Халықаралық iздестiрудi жариялау, Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жiберуi, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулықты бекiту туралы нұсқаулық сай өз өкіліеттігін жүзеге асырылады. Халықаралық iздестiрудi жариялаудың, Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауының және жiберуiнiң, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеудiң тәртiбi осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Халықаралық iздестiру Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросының делдалдығы арқылы жүзеге асырылады және халықаралық құқық нормаларына, сондай-ақ ұлттық нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес iздестiруге қатысушы әрбiр мемлекеттiң аумағында жүргiзiледi. Қажет болған жағдайларда халықаралық iздестiруде болатын адамдарды ұстау, сондай-ақ iздестiрiлетiн шетелдiк азаматтарға қатысты жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге қатысу жөнiндегi операцияларға Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросының жедел уәкiлдерi тартылуы мүмкiн.
Құзыреттi органның Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына жiберген сұрау салуы адамдарды халықаралық iздестiру үшiн негiз болып табылады, онда оқиғалар, фактiлер мен іздестірілуші адамдар туралы толық және объективтi ақпараттар жазылуы, сондай-ақ шетелдiк мемлекеттер, қалалар, өзге де географиялық және нақты мекен-жайлар көрсетiлуi тиiс.
Құзыреттi органдардың бастамасы бойынша Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы арқылы: Қазақстаннан тысқары жерлерге шыққан адамдарға, тергеуден, анықтау мен соттан жасырынғандарға, түрмеден қашқан сотталғандарға; ұрланған және хабарсыз жоғалған адамдарға, iздестiрiлушiлердiң шетелге шыққандығы туралы мәліметтер болған жағдайда халықаралық іздестіру жариялануы тиіс.
Интерпол шеңберiнде халықаралық iздестiру жүйесiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органдары өз құзыреттерi шегiнде: 1) Қылмыстық жауапкершiлiктен немесе жазасын өтеуден жалтарып жүрген iздестiрiлушi адамдардың, сондай-ақ айыпталушылар мен сотталғандардың шетелдерде тұратын жерi және жұмыс орны туралы ақпараттар алады;
Шетелге шыққан және хабарсыз жоғалған адамның орналасқан жерін анықтайды;
Іздестiрiлушi адамды сәйкестендiредi;
Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарынан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жасырынған адамдардың қызметi мен қозғалысына бақылау орнатады.
Iздестiрiлушi адамдарға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде тұтқынға алудың таңдап алынуы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы арқылы айыпталушы және сотталған адамдарға халықаралық іздестіру жариялаудың міндетті шарты болып табылады. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы арқылы айыпталушы және сотталған адамдарға халықаралық iздестіру жариялау айыпталушыға, сотталған адамға халықаралық іздестіру жариялау туралы дәлелді қаулының негiзiнде жүргiзiледi. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы қаулыны тиiстi бланкiде жазбаша түрде дайындайды, оған қол қояды және қылмыстық процесті жүргізуші және республикалық iздестiрудi жариялаудың бастамашысы болып табылатын органның елтаңбалы мөрiмен растайды.
Интерпол арналары арқылы шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарына iздестiрiлудегi айыпталушыны, сотталған адамды беру туралы ресми ұсынымхатты алғанға дейiн оны ұстау туралы сұрау салу жөніндегі прокурордың санкциясы арқылы тұтқынға алу және беру мақсатында халықаралық iздестiру жариялауға негiз болып табылады. Мұндай тапсырмада тұтқынға алу және беру мақсатында айыпталушыға, сотталған адамға қатысты халықаралық іздестіру жариялаудың қажеттілігі жөнінде нұсқау және iздестiрiлушiнiң шетелдік мемлекеттер аумағында (қай мемлекеттердiң аумағында екендiгi көрсетiледi) жүргендiгi анықталған және ол ұсталған жағдайда тұтқынға алу және беру туралы белгiленген тәртiппен сұрау салынатындығын растау көрсетiледi.
Сұрау салу, халықаралық iздестiрудi жариялау туралы қаулы және басқа да материалдар Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына жіберіледі. Сұрау салуға Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына жiберiлетiн айыпталушыға, сотталған адамға прокурормен санкцияланған халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулы айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы, тұтқынға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын таңдап алу туралы қаулылардың көшiрмелерi не болмаса бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындау туралы сот үкiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ iздестiрiлушiнi сәйкестендiруге қажеттi материалдар (фотосуреттер, дактилоскопиялық карталар) қоса берiледi. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялау туралы сұрау алғаннан кейiн:
1) Іздестiру туралы сұрау салуды бiр немесе бiрнеше Интерполға мүше-мемлекеттерге; 2) Іздестiру туралы сұрау салуды барлық шетелдiк Интерполға мүше-мемлекеттерге жібереді;
3) Мынадай:
а) Орналасқан жерiн анықтау мақсатында айыпталушыны, сотталған адамды іздестіру туралы - BLUE NOTICE (көк бұрышы бар хабарлама); б) Тұтқынға алу және беру мақсатында айыпталушыны, сотталған адамды iздестiру туралы - RED NOTICE (қызыл бұрышы бар хабарлама); Қазақстан Республикасына тысқары жерлердегi қызметi туралы ақпараттар алу мақсатында жедел есепке алу iсi бойынша өтетiн адамға - GREEN NOTICE (жасыл бұрышы бар хабарлама) халықаралық хабарламаларды шығару туралы ұсынымхатты дайындайды және Интерполдың Бас хатшылығына тапсырады; 4) Айыпталушыға, сотталған адамға қатысты халықаралық іздестіру жариялау туралы сұрау салуды барлық Интерполға мүше-мемлекеттерге, егер де: iздестiрiлушi адамдардың байланыстары болған және олардың өздері болған шетелдік мемлекеттердің аумақтарында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары оң нәтиже бермеген жағдайда; іздестiрiлушiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуы туралы расталған мәлiметтер болса және оның жүрген жерi мен байланыстары туралы ақпараттар болмаған жағдайда жібереді. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына айыпталушыға, сотталған немесе хабарсыз жоғалған адамға қатысты халықаралық iздестiру жариялау туралы сұрау салуды жібергеннен кейiн халықаралық iздестiрудiң бастамашысы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына:
Іздестiрiлушi адамның жүрген жерi және оның шетелдік мемлекеттердегi байланыстары туралы қосымша мәлiметтердiң келiп түсуі туралы;
Халықаралық іздестіруді жалғастыру қажеттігі туралы тиісті растау қағаз жыл сайынғы хабарлама жiберу арқылы халықаралық iздестiрудi жалғастыру қажеттiгi туралы;
Қаулының көшiрмесiн оны шығару сәтiнен бастап екi тәулiктен кешiктiрмей Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына жiберу арқылы халықаралық iздестiрудi тоқтату туралы хабарлайды. Айыпталушылардың, сотталғандардың, iздестiрiлушi адамдардың жүрген жерлерiн анықтау мақсатында:
Іздестiрiлушi адамның шетелдiк мемлекеттiң аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүруi анықталған жағдайда;
Шетелдiк мемлекеттiң немесе Қазақстан Республикасының аумағында Іздестiрiлушi адам ретiнде сәйкестендiрiлген мәйiт табылған не болмаса Іздестiрiлушiнiң өлiмi туралы құжаттамалы түрде расталған мәлiметтер;
Алынған жағдайда;
Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда;
Бұлтартпау шарасы өзгертiлген жағдайда халықаралық iздестiру тоқтатылады.
Айыпталушыларды, сотталғандарды, iздестiрiлушi адамдарды тұтқынға алу және беру мақсатында:
Іздестiрiлушi адамның шетелдiк мемлекеттен берiлуiнен не болмаса сол бойынша iздестiрiлуiне байланысты жасаған қылмысы үшiн шетелдiк мемлекетте қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуынан кейiн;
Іздестiрiлушi адам Қазақстан Республикасының аумағында ұсталған жағдайда;
Шетелдiк мемлекеттiң немесе Қазақстан Республикасының аумағында iздестiрiлушi адам ретiнде сәйкестендiрiлген мәйiт табылған не болмаса iздестiрiлушiнiң өлiмi туралы құжаттамалы түрде расталған мәлiметтер алынған жағдайда;
Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайда;
Бұлтартпау шарасы өзгертiлген жағдайда халықаралық iздестiру тоқтатылады.
Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына халықаралық iздестiру жарияланған айыпталушының немесе сотталған адамның шетелдiк мемлекет аумағында ұсталуы немесе табылуы туралы келiп түскен хабарлама тұтқынға алу және экстрадициялау мақсатында бiр тәулiк мерзiм iшiнде:
Тiкелей iздестiру бастамашысына;
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жiберiледi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 529-бабына сәйкес кейiннен экстрадициялау үшiн ұстау немесе тұтқынға алу туралы ұсынымхатты Iшкi iстер министрлiгiнiң тергеу органдары және өзге де құзыреттi органдар Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Халықаралық қатынастар басқармасына жiбередi.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы бiр тәулiк iшiнде Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына ұстау жүргiзiлген елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына беру туралы талапты алдағы уақытта жiберетiндiгi жөнiнде хабарлама жiбередi. Беру туралы талаптың түпнұсқасы дипломатиялық арналар бойынша, көшiрмесi - Интерпол арналары бойынша жiберiледi. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасынан келiп түскен халықаралық iздестiрудегi ұсталған адамды беру туралы ұсынымхаттың белгiленген тәртiппен жiберiлетiндiгi туралы хабарлама бiр тәулiк iшiнде аумағында ұстау жүзеге асырылған Интерполға мүше-мемлекеттiң Ұлттық орталық бюросына жiберiледi.
Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ұсынымхаты бойынша шетелдiк мемлекеттiң құзыреттi органы қабылдаған беру туралы шешiм жөнiндегi хабарламаның келiп түсуi туралы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы бiр тәулiк iшiнде:
Халықаралық iздестiру бастамашысына;
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына хабар бередi.
Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы арқылы шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен халықаралық iздестiрудегi адамды беру рәсiмiне қатысты мәселелер: берiлетiн жерi, уақыты, беру тәртiбi, қажеттi құжаттар тiзбесi, айдауыл құрамы мен оның шетелдiк мемлекетте болуы туралы мәселелер келiсiледi. Халықаралық iздестiру мен экстрадициялауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтiк iссапарларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының дәлелдi ұсынымхаты бойынша мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының шетелдiк iссапарлары үшiн белгiленген тәртiппен бөлетiн республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
Жүрген жерiн анықтау мақсатында халықаралық iздестiру жарияланған айыпталушының, сотталған адамның шетелдiк мемлекет аумағында табылуы туралы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына келiп түскен хабарлама тiкелей халықаралық iздестiру бастамашысына және оның көшiрмесi Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының халықаралық қатынастар басқармасына жiберiледi, ол мынадай:
Іздестiрiлудегi адамды беру туралы ұсынымхатты ресiмдеуге қажеттi материалдарды дайындау және оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жiберу туралы;
Қылмыстық iс бойынша шетелдiк мемлекеттер құзыретті органдарының құқықтық көмек көрсету туралы ұсынымхатын белгiленген тәртiппен дайындау және жiберу туралы;
Өзге де тергеу амалдарын жүргiзу туралы шешiмдердің бірін қабылдайды, ол туралы бiр тәулiк мерзiм iшiнде кейiннен тиісті шетелдік мемлекеттегі Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросына хабарлау мақсатында Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына хабарлама жiбередi.
Iздестiрiлудегi айыпталушының, сотталған адамның болуы мүмкiн мекенжайлар туралы және оның Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыстары туралы мәлiметтер болған кезде Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы криминалдық полициясының аумақтық бөлімшелеріне не болмаса Қазақстан Республикасының өзге де құзыретті органдарына кейiннен тұтқынға алу және беру үшін iздестiрiлушiнiң жүрген жерiн анықтау не болмаса оны ұстау мақсатында тиiстi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы сұрау салуды жібереді. Сұрау салуда:
Сұрау салуды жiберушi органның атауы; сұрау салу жiберiлетiн органның атауы мен мекенжайы;
Оған қатысты сұрау салынып отырған iздестiрiлушi адамның деректерi, оның азаматтығы, кәсiбi, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi, заңды тұлғалар үшiн - олардың атауы мен орналасқан жерi;
Оны сәйкестендiруге қажеттi мәлiметтер, жасалған қылмыстың нақты мән-жайлары және оны дәрежелеу туралы мәлiметтер, оны ұстау үшін негіз болып табылатын құжат көрсетiледi. Сұрау салуда iздестiрiлушi адам табылған немесе ұсталған жағдайда Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына хабарлау қажеттiлiгi көрсетiледi.
Айыпталушылардың, сотталғандардың тиiмдi iздестiрiлуін қамтамасыз ету мақсатында Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (департаментiнiң) орталықтандырылған жедел-анықтамалық, iздестiру және криминалистикалық есептерi бойынша тексерулер жүргiзу;
Қазақстан Республикасына шетелдiк мемлекеттерден келген адамдардың есебi бойынша тексерулер жүргiзу шараларын қабылдайды. Жүрген жерiн анықтау мақсатында iздестiрiлудегi айыпталушы, сотталған адам табылған жағдайда iздестiрiлушi адамды тапқан орган ол туралы табылған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына хабарлайды. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына бiр тәулiк мерзiм iшiнде шетелдiк мемлекеттiң табылған адамға қатысты қабылдағалы отырған шаралары жөнiнде сұрау сала отырып, алынған мәлiметтердi Интерполдың шетелдiк мемлекеттегi Ұлттық Орталық Бюросына жiбередi. Мемлекет-iздестiру бастамашысы жауабының мазмұны туралы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы оны алған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде iздестiрiлушi адамның табылғандығы туралы хабарлама келiп түскен құзыреттi органға және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Халықаралық қарым-қатынастар басқармасына тiкелей хабарлайды. Iздестiрiлушi адам табылған жағдайда кейiннен тұтқынға алу және беру үшiн оны ұстау мақсатында экстрадициялау үшiн тұтқынға алу туралы қаулы шығарылғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 534-бабына сәйкес орындаушы ұстау сәтiнен бастап бiр тәулiк iшiнде ол туралы Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына жазбаша түрде хабарлайды. Iздестiрiлушi адамды беру Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 530 - 534-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Егер де ұсталған адам қылмыстар жасағаны үшiн шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдары iздестiрiп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, азаматтығы анықталған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде ол туралы тиiстi прокурорға және Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына дереу хабар берiледi.
Егерде ұсталған адам қылмыстар жасағаны үшiн қызметкерлерi ұстауды жүргiзген шетелдiк мемлекеттердiң құзыреттi органдары iздестiрiп жатқан шетелдiк азамат болып табылса, үш тәулiк iшiнде белгiленген тәртiппен
Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы шетелдiк мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiне сол мемлекеттiң азаматтарын ұстау туралы хабарлау жөнiндегi шаралар қабылданады.
Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы ұстау туралы ақпаратты алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде ұсталған адамды iздестiрудi растау және оны беруге сұрау салу ниетi жөнiнде сұрау сала отырып, оны iздестiру бастамашысына - Интерполдың шетелдiк мемлекеттегi Ұлттық Орталық Бюросына жiбередi.
Шетелдiк мемлекет-Интерпол мүшесiнен Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына келiп түскен iздестiрудi растау және ұсталған адамды, айыпталушыны, сотталған адамды беру жөнiнде сұрау салу ниетiн Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы оны алған сәттен бастап үш тәулiк iшiнде Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына және қызметкерлерi ұстауды жүргiзген құзыреттi органға тiкелей жiбередi. Қызметкерлерi ұстауды жүргiзген құзыреттi орган Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросынан iздестiрудi растау мен шетелдiк мемлекеттiң ұсталған адамды беру жөнiнде сұрау салу ниетiн алған сәттен бастап бiр тәулiк iшiнде бұл растауды прокурорға жiбередi. Егер де Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына шетелдiк мемлекет-Интерпол мүшесiнен iздестiрiлушi адамды қамауда ұстау мерзiмiн оны беру туралы ресми ұсынымхат алғанға дейiн ұзарту туралы сұрау салу келiп түссе, Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы үш тәулiк iшiнде оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына қарауға жiбередi. Мұндай сұрау салудың келiп түскендiгi туралы мәлiметтер қызметкерлерi ұстауды жүргiзген құзыреттi органға да жiберiледi. Егер де Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына шетелдiк мемлекет-Интерпол мүшесiне ұсталған адамды беру жөнiнде сұрау салудан бас тарту туралы хабарлама келiп түссе, Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы бiр тәулiк iшiнде бұл хабарламаны тiкелей Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына және қызметкерлерi ұстауды жүргiзген құзыреттi органға жiбередi. Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросына шетелдiк мемлекет-Интерпол мүшесiнен iздестiрiлушi адамның болуы мүмкiн мекенжайлар туралы және оның Қазақстан Республикасының аумағындағы байланыстары көрсетiлместен iздестiрiлудегi айыпталушының, сотталған адамның Қазақстан Республикасы аумағында болу мүмкiндiгi туралы хабарлама келiп түскен кезде Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы халықаралық iздестіру жарияланған айыпталушы, сотталған адам туралы мәлiметтердi Қазақстан Бас хатшылықтан не болмаса Интерполдың шетелдiк мемлекеттегi Ұлттық Орталық Бюросынан не болмаса шетелдiк мемлекеттердiң Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi жанында бекiтiлген құзыреттi органдардың өкiлдерiнен айыпталушыны, сотталған адамды iздестiрудi тоқтату туралы хабарлама келiп түскен жағдайда Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы iздестiрудi тоқтату туралы:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция департаментiне;
Бұған дейiн тиiстi жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу туралы сұрау салу жiберiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қалалар мен облыстардағы Iшкi iстер бас басқармаларының және Iшкi iстер басқармаларының, көлiктегi Iшкi iстер басқармаларының криминалдық полиция бөлiмшелерiне не болмаса жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де органдарына хабарлайды. Айыпталушыны, сотталған адамды халықаралық iздестiрудi тоқтату туралы ақпарат Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросының деректер банкiне енгiзiледi. Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Криминалдық полиция департаментiне беру жөнiндегi шараларды қабылдайды [38, C.38].
ҚорЫтынды
Дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижесі болып Ұлттық Орталық Бюроның ұжымдық-құқықтық дамуы оңайға соқпайтынын көресетеді. Қылмыстық әлемның қазіргі таңда нығаюына байланысты алдағы уақытта да қылмыстың жаһандануына алып келетін болады. Халықаралық аренада қылмыстылықтың көрінісі әр түрлі сипатта көрініс табатын болады: жай дамып келе жатырган мемлекеттердің ішінен қорқынышты террористтік актіден бастап жаппай заңсыз миграцияға дейін. Осылардың барлығына сенімді және ортақ құқық қорғаушы тосқауыл ретінде Интерпол мен оның ұлттық бюросы басты элемент ретінде құрылу қажет. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің тиімді құралы болып қазақстандық және шетелдік құқық қорғау органдарының арақатынасының ұйымдық құқықытық дамуы негіз болып табылады. Осыған байланысты біз сеніммен Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымы - Интерполға Қазақстан Республикасының толық құқылы мүше болып кіруі бізге қылмыспен күресуде толық және тиімды мүмкіндіктер, сонымен қатар құқық қорғау органдаының қызметіндегі жылдадылықты жүзеге асыратын мүмкіндік бар екенін атап айтуымызға болады. Ұлттық Орталық Бюроның ұйымдық-құықықтық қызметінің негізінде дипломдық жұмыстың зерттеуі бойынша өзіндік позициясын анықталды. Жалпы Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының құрылуы тек бірнеше мемлекеттерді байланытырып қанай қоймай, ол бүкіл әлемді қамтитын халықаралық ұйым болып табылады. Сонымен қатар Халықаралық қылмыстық ұйымның құрылуына септігін тигізген көптеген конгресстер болды. Жоғарыда көрсетілген ұйымның бағыттары мен құрылымы, ұйымның бірегейлігі мен өзектілігін көрсетеді. Сондай-ақ Халықарлық қылмыстық полиция ұйымының қызметтері негізгі қылмыстылықпен күресудегі және барлық мемлекеттерге құқықтық көмек корсетуші құралы ретінде айқын көрінетінін айтқым келеді. Негізінен бұл Халықыаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының құрылуына әр түрлі мемлекеттердегі қылмыстылықтың өсуі мен халыққа қауіп-қатер төндіруі бірден бір себеп болған болатын. Сондықтан әлемдегі қылмыстылықты алдына алу мақсатында Халықаралық қылмыстық Полиция Ұйымы құрылған болтаын. Бұл ұйымның қызметтері мен негізгі бағыттарын анықтап отыратын арнайы органдары қызмет атқарады. Сонымен қатар трансұлттық сипаттағы ұжымдасқан және топтасқан қылмыстар мемлекеттерде орын алған болатын. Бұл жағдай мемлекет басшылығы мен құқық қорғау органдарынан қылмыстармен күресу және оның ұйымдасуына шаралар қолдану талаптары қойылған болатын. Сол талаптарды орныдау шаралары болып Қазақстан Республикасының Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымына мүше болып кіруін жатқызумызға болады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықты алдына алатын, құқықытық көмек көрсететін және қылмыстылықпен күресетін Ұлттық Орталық Бюроның құрылған болатын. Ұлттық Орталық Бюроның қызмендегі мақсаттары мен бағыттарын қарастыру нәтжесінде қазақстандық құқық қорғау органдарының халықаралық қылмыстылықпен күресу мен құқықтық және ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету үшін бюроның маңыздылыған және қажеттілігін атап айтуыма болады. Халықаралық іздестіруді және қылмыспен күресуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ҰОБ-сы өзіндік сипаты мен машстабы бойынша ерекшеленеді. Тақырыпты жан-жақты зерттей келе Ұлттық Орталық Бюроның қызметтеріның бағыттарын объективті жағынан болжауға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық құқықтың қағидаларын қатаң түрде сақтап, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар қатарына мүше болып кіріп, әлемдік қауымдастықтықтың толық құқылы мүшесі болып отыр. Осы беделді халықаралық ұйымға мүше болып кіру және Ұлттық Орталық Бюроның құрылуы арқасында Қазақстан Республикасына көптеген мүмкіндіктер берді. Сонымен қатар Бюро арқылы тұлғалардың тұрғылықты жерін, әр түрлі қажет құжаттардың көшірмелерін сұрау мүмкіндіктер берді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы өзара тәжірибе алмасу қызметіндегі тиімділігін арттыру мақсатында, Интерполдың мүше мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюросымен байланыс орнатып жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің құрамында болғанмен, өздігімен басқарылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы бір жағынан Интерполдың жарғысында ұйымның органы деп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюроның жағдайында Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшесі деп мойындалады.
Бюроның құрылымдық бөлімшелеріне байланысты қазіргі қызметтеріне қарастан, дипломдық жұмыс зерттеу барысында дипломшы өзінің ұсыныстарын ұсынады. Ұлттық Орталық Бюроның қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында Ұлттық Орталық Бюроның территроиялық бөліністері келесі схемалар бойынша:
ҰОБ —» округтік бөлімшелер —» территориялық бөлімшелер яғни оның филиалдық бөлімшелерін құру;
Экстрадиция процедурасын жүзеге асыратын және жылдам қызметін жүзеге асыратын қылмыстық тергеулік талдау жұмысын жетілдіру;
Экстрадицияның тиімділігін арттару үшін жедел іздестіру қызметін толық түрде жүргізетін, арнайы Ұлттық Орталық Бюросының арнайы бөлімшелерін құруымыз қажет;
ҰОБ кадрлық қамтамасыз ету қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің құрыреттілігінде болып отыр. Бірақта қазіргі таңда бұл мәселе өзекті болып отыр. Осы мәселеге байланысты дипломшы кадрлық потациалдың тиімділігін арттыру, кадрларды оқыту және іріктеуінің сапалығын жақсарту мақсатында шаралар ұсынады. Бұл процестің дамуына байланысты Қазақстан Бюросының мен оның филиалдарының базаларындағы тәжірибе түрінде орнату және тереңдетіп оқыту мақсатында арнайы мамандандырылған оқу пәндерін егізу. Мысалға шет тілдері, халықаралық құқық, ақпараттық құқық және т.б.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Дайчман И.М Интерпол. http://royallib.ru. (22.05.14)
2 Тоқсанбаев. А.Б. Особенности провового статуса Интерпола как Межправильственный организации //Казахстан-Спектр. Научный журнал. -2002. - № 2(20). - С. 36-39.
3 Бельсон Я.М. Интерпол в борьбе с уголовной преступностью. М: Наука. -1989. –С.89
4 Самарин В.И. //Интерпол. Международная организация уголовной полиции. –СПБ: Питер. 2004. –С.202.
5 Радионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. 3-е изд. Перераб. И доп. -1990. –С.25
6 Родионов К.С. Интерпол: миф и действительность //Международная отношения. -1982. - С.27-31
7 Богаданов Б.Ю. Неизвестный INTERPOL //Полиция без границ. -2009.№25. -С.18-19
8 Овчинский В.Р. Русский Интерпол //Международная жизнь -1998. № 30. С.37
9 Филатов В.П. Интерпол-международная организация уголовной полиции //Московский журнал международного права. -1997. №3. -С.37.
10 Шибаева Е.А. Правовые вопросы структуры и деятельности международных организации. М: Изд-во МГУ. -1980. –С.19.
11 Родионов К.С. Яни С.А. Интерпол структура и задачи //Социалистическая законность. -1989. №3. -С.62.
12 Борисов Р.Р. Интерпол в России //Прокурорская и следственная практика. -1997. №1. -С.121
13 Что мы знаем об Интерполе www.icpo-vad.tripod.com (18.05.14)
14.Бабушкин А.А. Интерпол. //Вестник. -2007. №27. –С. 80-85.
15 Ланенская Л.Н. Международная борьба с преступностью //Интерпол. www.pravo.vuzlib.org. (27.04.14)
16 Регламент Международной организации уголовный полиции (Интерпол). www.zakon.kuban.ru
17 Карикболов Б.С. Интерпол Нормативные Акты. А.:Аят Әдет, -1998
18 Арупова.А.М. Особенности структуры Международной Организации Уголовный Полиции //ҚазҰУ хабаршысы заң сериясы - 2005. № 4(40). - C.105-110
19 Токсанбаев. А.Б. Интерпол – Международная Организация Полицейских служб: основное принципы, структура и полномочия //Правовая реформа в Казахстане -2002. № 3(16). – С 61- 67.
20 Устав Международный Организации Уголовной Полиции Интерпола. http://kazakhstan.news-city.info (09.05.14)
21 Каримова А.Д. Международное право. Учебное пособие. - Алматы. 2011. –С.68
22 Родионов К.С. Деятельность Интерпола в борьбе с международной преступностью //Уголовная Юстиция: проблемы международного сотрудничества. М. -1995. -С.300
23 Интерпол қызметіндегі құықықтық негіздері мен қағидалары
http://www.mgimo.ru (11.05.14)
24 Жакупов С.С. Интерпол в Казахстане //Көкшетау университетінің хабаршысы. -2011. №4. –С 182-183.
25 Кудайбергенов М.Б. Международное уголовное право в документах, том 2, - Алматы 1999. – С 456-455.
26 Нагиметов Г.М. Интерполв Казахстане: контакты крепнут //Заң газеті. - 1998. №39(254). -С.17.
27 Даубасов С.Ш. Интерпол циркуляры // Заң газеті. - 2007. №21. -С.2
28 Тоқсанбаев А.Б. Взаимодействие Национального Центрального Бюро Интерпола В РК с международными полицейскими организациями в борьбе с международным терроризмом //Правовая реформа в Казахстане. -2003. №1(18). -С.48
29 Даубасов С.Ш. Популярен как кинозвезда //Казахстанская полиция. -2000. №4. -С.19.
30 Карикболов Б.С. Интерпол в Казахстане //Человек и общество. -2007. №7(22). -С.25-26
31 Ұлықбеков С.С.Интерпол. //Арай. -1995. №20. –С.15.
32 Омарова. А.Б. Национальное центарльное бюро в Казахстане как центр международный регистрации приступников //Мир закона. -2003. №11-12. – С.17-20
33 Инструкция об объявлении международного розыска, исполнения и направления компетентными органами Республики Казахстан запросов и поручений по линии Интерпола, а также их обработки национальным Центральным Бюро Интерпола в Республике Казахстан. http://www.unesco.kz.
(13.10.14)
34 Овчинский. В.С. Интерпол вопросах и ответах. - М. 2001. С. 143-144.
35 Қазақстан республикасының Ұлттық Орталық Бюросының жағдайы туралы заң. -1998. www.zakon.kz. ( 22.05.14 )
36 www.mvd.kz
37 Даубасов С.Ш. Қылмыскерлерді ұстап беру институтының құқықтық негіздері //Вестник КазНУ. -2003. -№1(26) –С.54
Верховский А.В. Радикализм. Государство против радикального национализма. Что делать и чего не делать. //Мысль. -1986. №25. -С.27-28.
Каримова. А.Д. Интерпол //Международное право. Учебное пособие. –Алматы. 2011. – С27-29.
38 Бобович Б.Б. Интерпол права человека //Информационный бюллетень Национального Центрального Бюро Интерпола в РФ. -1992.№2-3. -С.38.
39 http://www.interpol.int. (20.05.14)
40 Свирщевская Н.Ю. Интерпол. www.advokatura.narod.ru (30.04.14)
41 Лукашук И.Н. Международное право //Интерпол. М. -2005. -С.544.
42 Родионов К.С. Деятельность Интерпола в борьбе с международной преступностью //Уголовная Юстиция: проблемы международного сотрудничества. М. -1995. –С.500.
43 Бреслер Ф.С. Интерпол. http://www.team-ru.net (22.05.14)
44 Певзнер Ю.Ю. Секреты Интерпола www.books.google.kz (26.05.14)