Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
551.94 Кб
Скачать

2. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымыныдағы қазақстан республикасының ұлттық орталық бюросының құқықтық мәртебесі мен ұйымдық құқықтық аспектісі

2.1 Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросының құқықытық мәртебесі мен ұйымдық құқықтық нысаны

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидаларын қатаң түрде сақтап, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдар қатарына мүше болып кіріп, әлемдік қауымдастықтықтың толық құқылы мүшесі болып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық қылмыстық полиция ұйымына да мүшелікке кірген болатын. 1992 жылы қазанда ұйымдасқан ұлтаралық қылмыстылық пен күресу мақсатында Дакар қаласынды, Интерполдың Бас Ассамблеясының 61-ші сессиясында Қазақстан Республикасы Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымына мүше болып кірген болатын. Бұл ұймға мүше болып кіру біздің елдің Халықаралық қылмыспен күресуіне белсенді жол ашты. 1993 жылы тамыз айында «Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына мүше болып кіру жиыны»

туралы Қазақстан Республикасының Министірлер Кабинетінің Қаулысына сай Қазақстан Республикасының министірлер құрамында Ұлттық Орталық Бюро құрылған болатын. [24,C.182].

Негізінен Қазақстанның Интерполға мүше болуына себеп, Қазақстан шикі базасы болып табылатындықтан, Азияның Оңтүстік Шығысынан Еуропаға тасымалданатын транзиттік аймақ болып табылатындығында. Қазіргі таңда біздің республика халықаралық ұйымдардың ішіндегі есірткі жіберіп отыратын халықаралық қара базарға айналып отыр. Мысалыға алатын болсақ Шу шөлінен коноплядан жасалатын марихуананы көрші мемлекеттерден кездестіруге болады. Қазақстан Оңтүстік Шығысы Азиадан Еуропаға жеткізілетін транзитті зона болғандықтан, халықаралық полиция құрылымынада да және халықаралық қылмыстық ұйымдарда да көңілін аударады.

Күн сайынғы эксперттердің мәліметі бойынша құрылған каналдар арқылы 100 кг-нан астам әр түрлі есірткілер тасымалданады. (Ауғанстаннан Пәкістанға, Пәкістан, Қырғыстан, Қазақстан арқылы Ресейге және Еуропаға тасымалданады.)

Қазіргі таңда Қазақстан өнім өткізетін және есірткі дайындайтын орталық болып қана қоймай, сонымен қатар Еуропа мен Азия арасындағы жүк ауытырып тиейтін пункт болып табылады. Сонымен қатар Оңтүстік Шығыс Азия, Қытай, Үндістан арқылы есірткі тасымалданатын магистраль бар.

Қоса кететін жәіт ол Қазақстан Республикасы Интерполға үш бірлік көлемінде мүшелік алымын төлеп отырады. (1-бірлік дегеніміз ол 17300 Щвейцариялық франк болып есептелінеді) Сонымен қатар Қазақстан есірткі өндіретін ел болғандықтан 20% көлемінде айыппұл төлейді.

Қазақстанда экономика несиелі-қаржылық саласында және жалған ақша жасау қылмыстары кездесетіндіктен және ол қылмысты жасайтын қылмыскерлерді табу өте қиынға соғады. Сондықтан Интерполға жүгінеді. Интерполдың механизмінің арқасында Қазақстан басқа мемлекеттерге қашып кеткен тұлғаларды іздеуге және экстрадициялауға мүмкіндіктер аламыз.

Қылмыстылықтың ұлтаралыұтандырылуы, халықаралық қылмыстық элементпен тығыз байланысты орнату және кеңейту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесіне, экономикасы мен азаматтарына казақстандық және шетел қылмыстық элементпен келетін зиян, Қазақстан Республикасында немесе шет мемлекет территориясында қазақстан азаматтарымен немесе шетел азаматтарымен жасалған қылмысы үшін жауаптылықтан жалтару, осының барлығы Қазақстан Республикасының Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына мүше болып кіруіне негізгі себеп болған болатын.

Осы беделді халықаралық ұйымға мүше болып кіру және Ұлттық Орталық Бюроның құрылуы арқасында Қазақстан Республикасына көптеген мүмкіндіктер берді. Сонымен қатар Бюро арқылы тұлғалардың тұрғылықты жерін, әр түрлі қажет құжаттардың көшірмелерін сұрау мүмкіндіктерін алдық. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы өзара тәжірибе алмасу қызметіндегі тиімділігін арттыру мақсатында, Интерполдың мүше мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюросымен байланыс орнатып жұмыс атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің құрамында болғанмен, өздігімен басқарылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының мақсаты мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының басшысының құқығы мен міндетті, 1998жылғы 27 сәуірде № 132-ші Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің бұйрығымен мақұлдаған Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросының Жағдайында анықталған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының Жағдайына сай Халықаралық құықық қағидалырын, Жалпы қабылған адам құқықтары мен бостандықтарын және ұлттық заңнаманы сақтай отырып халақаралық қылмыспен күресудегі Интерполдың мүше мемлекеттерінің ұқсас органдары мен республиканың құқық қорғау органдарының арасындағы халақаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы Қазақстан Республикасының заңнмалары мен Нормативтік құқықтық актілермен, Қазақстан мүшесі болып табылатын халықаралық шарттар, Интерполдың Жарғысы, Ұйымның Бас Ассамблеясымен қабылданатын шешімдер мен резолюзиялар негізіде қызметіне басшылық етеді.

Біздің Ұлттық Орталық Бюро, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бір бөлігі болып табылады және оның қызметіне, Ұлттық Орталық Бюро жағдайы туралы заңының 3-ші бабында көрсетілген:

1) Халықаралық қылмыстылықпен күресу туралы ашық және құпия түрде ақпараттар алмасу;

2) Құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастық барысында алынған ақпарат ретіндегі құжаттар, заттар, оқиғалар, тұлғалар туралы банк қалыптастыру;

3) Халықаралық ынтымақтастық мәселелрі бойынша, басқа мемлекеттердің қылмыстық қызметтері және Интерполдың материалдары бойынша талдаулық шолуға дайындық;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының құқықтық мәртебесі Ұйымның жарғысында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының арнайы жағдайы деген таруда бекітілген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы бір жағынан Интерполдың жарғысында ұйымның органы деп бекітілсе, бір жағынан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөлімшесі деп мойындалады. [25,C.464-455]

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы ұлттық заңдылық және адам құқықтары мен бостандықтары құрметтеу қағидасына сай қызмет атқарады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен, халықаралық құқық қорғау және Интерполға мүше мемлекеттердің полицияларымен де әркеттесіп, қызмет атқарады.

Қазақстан республикасының Ұлттық орталық Бюроның жағдайының 2-ші бабының 2,1 тармақшасына сай Ұлттық Орталық Бюроның мақсаты болып:

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері мен интерполға мүше мемлекеттердің органдарының арасындағы Ұлттық заңнаманы, жалпы қабылдаған адам құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қылмыспен күресудегі халықаралық әрекеттестікті қамтамысыз ету болып табылады.

Интерполдың Бас Ассамблеясының сессиясында мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюро арасындағы байланысқа аса қатты көңіл бөліп қараған болатын.

2003 жылға Бенидормда өткен Интерполдың Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясында, Ұлттық Орталық Бюро арасындағы байланысты қолдау үшін жаңа жаҺандық желі құру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл жаңа құрылғыны құру мүше мемлекеттен арасындағы байланыстың үздіксіз желінің болу мақматында құрылған болатын. Бұл Интерполдың трансұлттық жүйесенің жаһадық-телекоммуникациялық желісі жылына 365күн, аптасына 7күн,тәулегіне 24 сағат үздеріссіз қызет атқарады.[26, C.17]

Қазақсатн Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы бұл жаһандық желіге 2004 жылдың 29 наурызында қосылды. Бұл желі ақпарат алмасуға тиімді және жылдам болып келеді.

Қазақстанның Республикасының Ұлттық Орталық Бюроның бұрыңғы басшысы А.Б.Тоқсанбаевтың айтуынша «әнгіме құпияның жоғарғы деңгеін сақтау үшін Интерполдың көпір жасауының сенімді және тиімді жүйесінде болып отыр. Полициялық ақпараттан тұратын тиімді дерекқорды, құқық қорғау органдарына пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалыға алатын болсақ алынған есірткілер, ұрланып әкетілген автокөліктер» - деп айтқан болатын.

Қазақсатан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы тек Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері болып қана қоймай, сонмен қатар құқық қоғау органдарының Ұлттық жүйесі болып та табылады. [27, C.2].

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюроның қызметі Қазақстанға Халықаралық ұйым шегіндегі шетел әріптестігі мен құқық қорғау органдарының полициялық әрекеттестігі, ынтымақтастықтың негізгі көлемін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бюро арқылы сауал жіберуге, әр түрлі қажет құжаттардың көшірмесін жіберуге, белгілі бір тұлғаның немесе басқада тұлғаның тұрғылықты жерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзара тәжірибе алмасу арқылы, өзінің қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ұйымның 82 мемлекетінің құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, қызметін атқарады.

Қазақстан Интерполға 22 жыл бұрын мүше болып кірді. Жыл сайын 39мың долларға дейін жылына мүшелік жарна төлеп отырады. Қазақстан Республикасы Интерполдың мүшелігіне кіру кезінде, Қазақстан Республикасының экономикасына көңіл бөлген болатын. Экономикасы дамыған: АҚШ, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер жылына жүз бірлік көлемінде мүшелік жарна төлейді. Бірақ жарнаның сомасына қарамастан, Интерполға мүше мемлекеттің барлығы тең құқылы болп келеді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Интерполдың мүше мемлекеттер арасындағы экономикасы дамыған 3-ші топтағы мемлекеттер қатарында. Бұл топта сонымен қатар Орталық Азияның мемлекеттер қатарына кіреді.[28,C.48].

Интерполға кіру Қазақстанға қылмыстылықпен күресуге белсенді қосылуға мүмкіндік береді. Интерполға мүше мемлекеттрдің ұлттық полициялық қызметтері Интерполдың жүйесіне бірігіп, қылмысты тез әшкерелеуге, қылмысты алдын алуға, ізестіру жүргізуге тиімді мүкіндік береді.

А.А.Омарованың айтуы бойынша Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының шегінде ынтымақтастықтың негізгі мақсаты біріншіден халықаралық қауымдастықтағы тәжірибенің және мүмкіншіліктің белсенді және көпжақты пайдалану арқылы қылмыспен күресудің тиімділігін дамыту, екіншіден қылмысты алдына алу және қылмысты тергеудегі шетел мемлекетіндігі құқық қорғау органдарының жүйесі арқылы белсенді әректтесу болып табылады. Сонымен Қазақстанның Интерполдың мүшелігіне кіру, бізде қажет шаралардың бірі ретінде цқарастыруымызға болады.

Қазақстан Республиксының полициялары мен шет мемлекеттерінің органдарының ынтымақтастығы саласындағы қызметті үйлестіруге Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросын қамтамасыз етуіне шақырады. Оған Интерполға мүше мемлекеттердің полициялары мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының әрекеттістігінің әдістемелік-ұйымдық қамтамасыз ету қызметін; Шетелдердегі Ұлттық Орталық Бюросының бас хатшысының қойған сауалдары, Интеполдың Бас Ассамблеясының ұсынуы мен шешімдерін жүезеге асыру арқылы іс-шаралар ұйымдастыру; Халықаралық сипаттағы қылмыстың ашылуы мен ескертуіне қажетті Интерпол шегіде ақпараттар алмасу; Халықаралық құқық қорғау органдарының ынтымақтастығы барысында аланынған деректер негізінде тез анықтама тіркеуді қолдану және басқару, қылмыспен күресудегі шетелдік тәжірибеден үйрену және оны тарату және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюро құрылғаннан бері 22 жыл өтіп кетті. Бұл Ұлттық Орталық Бюро бөлімшелері ең тәжірибелі мамандары болып қана қоймай, жақсы техникалық жабдықтарымен сонымен қатар халықаралық деңгейде өзінің ерекше құрылымы мен ерекшеленеді. Сондай-ақ Қазақстан Республиксында да өзінің ерекше құрлымымен ерекше беделге ие болып табылады.

Қазақстан Республикасында Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросындағы атқаратын жұмыстар жылдан-жылға көбейіп келеді. 1997 жылдан бастап 4 мыңнан астам қылмыстық істі тергеу және қылмысты ашу ақпаратын тіркеп сонымен қатар 2мыңнан астам ақпаратты тексеру қызметін атқарып келе жатыр. Сонымен қатар Ұлттық Орталық Бюроға 48 мыңнан астам сұраныстар мен хабарламалар түскен болатын. Жыл сайын 10 пайызға сұраныстар мен хабарламалар өсіп, 20-25 пайызға құжат айналым және жедел ақпарттарндыру қызметі өсіп келе жатыр. Негізінен Ұлттық Орталық Бюроға шетел мемлекетінен көмек сұрап келеді 3000 шамасында сұраныс пен хабарламалар, ТМД мемлекеттері 1340қа аз, Бас хатшылық 655ке аз көмек сұрайды. Әрине егерде аумақтық басқармамен белсенді ынтымақтастықта болмасақ Интерполдың қызметі тоқтатылып қалуы мүмкін. Қазақстандық бюроға көбінесе Алматы қаласының Ішкі істер негізігі басқарасы, Алматы облысының, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер басқармасы сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне көмек көрсетіліп келеді.

Қазақстан Республикасына келетін ақпараттар бірнеше бағытқа бөоінеді. Бірінші, ең үлкен – қылмыскерлерді, күдіктілер мен хабар ошарсыз жоғалғандарды іздестіру, тіркеу бойынша тексеру және сәйкестендіру. Екіншісі бағыт ол автокөлік ұрлаумен байланысты. Олар бірігіп жалпы ақпараттың 2.3 бөілігн құрады. 12,6 пайыз ақпарттар экономика саласы, алайяқтың бірнеше түрімен байланысты, ақша қаражатын жымқыру және оны шетелге алып кету, валюта заңнамасын бұзу және салық салудан жалтару, контрабанда қылмыстары туралы ақпараттар жөндеуге кетеді. Заңсыз есіркі тасу қылмысы 2,8 пайызға артта қалды. Қазақстандық бюроға келіп түсетін ең аз қылмыс түрі – жалған ақша жасау, жалған құжат жасау 1,5 пайыз, ұрланған бағалы заттарды іздестіру және антиквариат 1,3 пайызды алады.

Ішкі істер министірлігінің айтуынша Қазақстан территориясында жасалатын 3000 қылмыстың, әр 10-шы қылмыс шетелдік қылмыстық ортамен байланысты болып келеді екен.

Сонымен қатар Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросы мынадай мiндеттердiң атқарылуын қамтамасыз етедi: 

  1. Халықаралық іздестіруді ұйымдастыру;

  2. Қылмыстық iстер, жедел материалдар бойынша сұрау салуларды өңдеу және жiберу, бастамашылық сұрау салуларды дайындау; 

  3. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар және оларға қатысы бар адамдар туралы жедел-iздестiру, жедел-анықтамалық және криминалистикалық ақпараттармен, сондай-ақ мұрағаттық ақпараттармен алмасу; 

  4. Жедел-iздестiру iс-шараларын және iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзуде, оның iшiнде қылмыскерлердi беруде, экстрадициялауда жәрдемдесу; 

  5. Полиция қызметiнiң мәселелерi бойынша жұмыс тәжiрибесiмен, заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, оқу-әдiстемелiк әдебиеттермен алмасу; 

  6. Халықаралық қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша ғылыми-техникалық ақпараттармен алмасу;

Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюросына келiп түсетiн барлық ақпарат мынадай:

  1. Кiрiс және шығыс құжаттар жөнiндегi; 

  2. Қылмыс оқиғалары жөнiндегi; 

  3. Сұрау салулар мен тапсырмалар бойынша өтетiн адамдар жөнiндегi (бөлiп қарағанда: қылмыс жасағандар немесе қылмыстың жасалуына күдiктiлер; iздеуде жүргендер және хабарсыз жоғалғандар; сәйкестендiруге жататындар; жәбiрленушiлер мен куәлер); 

  4. Қылмыстық қол сұғушылықтың мәнi жөнiндегi (ақша белгiлерi мен құнды қағаздарды қолдан жасау қоса алғандағы); 

  5. Заңды тұлғалар жөнiндегi; 

  6. Ұрланған және табылған көлiк құралдары жөнiндегi; 

  7. Ұрланған өнер туындылары мен антиквариат жөнiндегi; 

  8. Есiрткiлердiң заңсыз айналымы жөнiндегi жедел-анықтамалық

қорларға жинақталады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы интерполдың Ұлттық Орталық Бюроның қызметтерін реттейтін заңнамалар қатарына: 1956 жылғы Интерполдың жарғысы; 1998 жылдың 27 сәуірдегі № 132-ші Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюроның жалпы жағдайы; 2003 жылғы 12 мамырдағы N 260 Халықаралық iздестiрудi жариялау, Қазақстан Республикасы құзыреттi органдарының Интерпол саласы бойынша сұрау салулар мен тапсырмаларды орындауы және жiберуi, сондай-ақ оларды Интерполдың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық бюросында өңдеу туралы нұсқаулық; [29,С.19].

Интерпол - қылмыстық полицияның  халықаралық  ұйымы -  өзінің құрылымы,  құқықтық базасымен техникалық жабдықталуының  арқасында Интерполға мүше елдердің құқық қорғау органдарының халақаралық ынтымақтастығын  тиімді және рационалды үйлестіруге қабілетті.

      ҰОБ-ның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы  ішкі істер министрлігінің  және оның  бөліністерінің   ұлттық заңнама мен  жалпымен қабылданған  адам құқығы мен бостандықтарын сақтаумен  халықаралық күресте Интерполға мүше-мемлекеттердің сондай органдарымен халақаралық  өзара  әрекеттестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ағымдағы жылдың  қаңтарында Қазақстан Республикасының  құқық қорғау орагндарының  шетелдің  сондай органдарымен ынтымақтастығын жандандыру  мақсатында  Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының  аумақтық  бөлімшелерінде  ИНтерполдың ҰОБ-мен өзара әрекеттестік жөніндегі  офицерлер  енгізілген. Ағымдағы жылдың наурызында ҚР ІІМ-де Бас прокуратура, Экономикалық және  сыбайлас жемқорлық қылмыспен  күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік  комитеті,  Шекаралық бақылау қызметі  өкілдерінің қатысуымен Интерпол  ҰОБ-мен  өзара әрекеттестік жөніндегі офицерлердің семинар-кеңесі өткізілді.

        2005 жылдың  қаңтарында  Алматы қаласында  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Контртеррорлық  комитетінің 4-ші  арнайы отырысы  өткен. Бұл отырыста ҚР ІІМ-нің  БҰҰ-ғы Интерполдың бас  хатшысының арнайы өкілі Ульрихом Керстен мырзамен кездесуде, Интерполдың бас хатшысының “Қалқан” жобасы аясында алғашқы жұмысшы кездесуін өткізу туралы келісім жасалды: ағымдағы жылдың 20-21 сәуірінде Алматы қаласында  өткен  Орталық Азияда лаңкестіке қарсы әрекет. Бұл кездесу Интерополдың бас хатшысымен және  ҚР Ішкі істер министрлігімен ұйымдастырылды. Кездесуде   әлемнің 13  елінен делегеттардың  қатысуы жоспарланғаны, әлемдік қауымдастықтың біздің елге деген қызығушылығының артуы, сондай-ақ конференцияға БҰҰ мен ШҰҰ-нан  бақылаушылар мен  21 елден  40 делегаттан астамы қатысқанын атап айта кеткен жөн.

       Интерпол - Интерполдың ұлттық орталық бюролары арасында  тікелей байланысты  жеңілдету үшін  жаңа технологияларды қолданады. Мысалы "I-24/7" деп аталатын өзіндік ерекше жүйе. Оның тиімділігі жоғары, өте берік, әрі мәліметтердің құпиялылығын  едәуір жоғары сатыға жеткізетін жүйе. Бұл Интерполға полицейлік ақпараттардың, яғни алынған есірткі, айдап әкетілген автокөлік,  жасанды туристік төлқұжаттар, сезікті тұлғалардың төлқұжаттары, қару мен жарылғыш заттар, саусақ іздері туралы мәліметтерді   жан-жақты пайдалану мүмкіндігін береді. 

  Бұл жүйеге қосылу ынтымақтастықтың едәуір жаңа сатысына көтерілгендікті және де Қазақстанның  құқық қорғау органдарының Интерполдың ҰОБ-мен ақпарат алмасудың тиімділігін арттырады.

Интерпол әр түрлі мемлекеттрдің құқық қорғау органдарының білгілі бір қылмысты ашу мақсатында халықаралық қылмыскерлерді іздестіру, ұстау, қылмыскерлерді аңду, бақылауды жүзеге асыратын басқарушы және делдал етуші орган болып табылады.

Интерполдың ерекшелігі халықаралық қылмыстылықпен күресудегі және оны алдын алудағы әлемдегі халықаралық ұйымдар арасындағы жалғыс ұйым болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жанындағы тұрақты бақылаушы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымна мүше болып кірер кезде мемлекеттің экономикалық жағдайына қараған болатын және мүшелік салымын 3бірлік көлемінде – яғни 29 мың доллар болатын. Ең аз мүшелік салым ол – 2 бірлік. АҚШ, Жапония, Франция сияқты дамыған мемлекеттер 100 бірлік – бір жарым миллонды құрайды. Бірақта ақшаның колеміне қарамастан Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мүшелері тең құқықы болып келеді.

Негізгі Ұлттық Орталық Бюроның атқаратын міндеттері болып, Интерполға мүше мемлекеттердің полициялық органдарымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қылмыстық органдардың бөлімшелері арасындағы өзара ұлттық заңнаманы және адам құқықтары мен бастандықтарын сақтай отырып халықаралық қылмыстылықпен күресуді қамтамасыз ету болып табылады. Басқаша айтқанда Қазақстан Республикасындағы Интерполың Ұлттық Орталық Бюросы халықаралық деңгейдегі қылмыстылықпен күресудегі Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының арақатынасын және ынтымақтастығын ұйымдастырады. [30,C.25-26].

Ұлттық Орталық Бюро Интерполдың Бас хатшылығы және басқа мемлекеттердегі Интерполдың бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының бөлімшелері мен басқада бөлімшелері арасындағы байланысты орнатып отырады. Сонымен қатар Қазақстан Рнспубликасының Ұлттық Орталық Бюросы жедел іздестіру ақпаратының ресми және құпи түрде алмасуын қамтамасыз етеді, қылымытық істер бойынша сұраныстарды жіберу мен өңдеумен, ақпараттарды архивтеу және анализдеу қызметімен айналысып отырады. Бірақта саяси, діни, әскери, нәсілдік сипаттағы сұраныстармен жұмыс істемейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы қылмысты ашуға мақсатында Интерполдың хатшылығы мен, басқа мемлкеттердегі Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросына қылмыскерлер, қылмыстар, іздестірілудегі тұлғалар туралы мәліметтер, жоғалған заттарға байланысты өнер туындылары, құжаттар және тағы басқа заттар туралы хабарлама мен өтініштер жіберіп отырады. Қылмыстық іске қатысы бар тұлғаларды бақылау жүргізіп отырады.

Ұлттық Орталық Бюро халықаралық қылмыспен күресудегі ақпараттардың жылдам жетуі үшін копьютерлік техникалық құрылғылар арқылы қызмет атқарады.

1966 жылы Интерполдың Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының президенттігіне Жапония азаматы Тошинори Канемото сайланған болатын. Атқарушы комитетеінің отырсында Казақсатан, Пәкістан, Үндістан елдері кіретін Азия аумағын жаңарту туралы шешім қабылдаған болатын. 1998 жылдың наурызында Қазақстандағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросына Интерполдың Бас хатышылығы Бұйрығымен бас қатшылықтың қызметшілері жаңа құрылғы орнақан бролатын. Бұл құрылғы 10-12 секунд ішінде 170 мемлекетпен, Бас хатшылықпен, сонымен қатар дерекқор банқімен байланысқа түсе алады.

Бас хатшылықпен басқа мемлекеттерден келіп түсетін өтініштері мен сұраныстар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігне немесе мемлекеттің басқа ведомстваларына емес, Ұлттық Орталық Бюроның басшылғына келіп түседі. Ұлттық Орталық Бюроның басшысы сұранысты кешіктірмей, өзінің қарамағындағы немесе лауазымды тұлғаларға орындауға бұйрық арқылы орандатады. Ұлттық Орталық Бюроның қызметінің жоғары тиімділігі мен жылдамдығы осылай көрінеді. [31,C.15].

1965 жылғы Бас Ассамблеяның 34-ші сессиясында қабылданған «Ұлттық Орталық Бюроның Доктринасында» басқада бағыттар көрсетілген: Ұлттық Орталық Бюро әр мемлекеттің Интерполының өкілдігі ретінде, Интерполдың ұлттық полициялық қызметіне белсенді араласу қажет, өзінің жеке құрамының артықшылықтарын хабарлау, оның жүйесіндігі халықаралық полициялық қауыдастығының шартымен қағидаларын анықтау. Сонымен қатар Ұлттық Орталық Бюро Интерпол саясатын насихаттушы орталық және Бас хатшылықтың шешімдерін бастамашылыққа алатын орталық болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы Интерпол Ұлттық  орталық бюросы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады.Ұлттық Орталық Бюро өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алып қызмет атқарады. Ұлттық Орталық Бюроның құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.

Ұлттық Орталық Бюро:

1) Басшылықтан;

2) Ақпарат және техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінен;

3) Қазіргі таңдағы халақаралақ қылмыстылықтың көптеген қылмыстардың сандық өсуі мен ғана емес, сонымен қатар ауыр қылмыстың болуымен пайда болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының құрамы 2 бөлімнен тұрады:

1-ші бөлім – халықаралық іздестіруге қатысты мәселелер, экономикалық қылмыспен күресу және жалпы қылмыстылықпен күресудегі Интерполға мүше мемлекеттердің полициялық қызметі мен ұлттық құқық қорғау органдарының арақатынасына қатысты мәселелерді шешетін жалпы қылмыстылық пен халықаралық іздестіру бөлімі кіреді.

Бұл бөлімнң негізігі қызметіне ұлтаралық қылмыстарды дер кезінде әшкерелеу және тергеу. Қазіргі таңда осы қызметтерді атқару үшін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мүделлі министірілктермен, халықаралық қоғамдық ұйымдармен, Интерполдың Бас хатшылығымен, Интерполға мүше мемлекеттредің Ұлттық Орталық Бюроларымен тығыз байланыс орнатады.

2-ші бөлім – ақпараттандыру және техникалық қамтамасыз ету. Негізгі қызметінің бағыты болып қылмыспен күресу саласындығы басқа мемлекеттің қылмыстық қызметіне байланысты мәселелер бойынша, халықаралық ынтымақтастықтың талаптары мен шарттарын бойынша Интерполға байланысты ақпараттарды жинау және тіркеу.

Бөлім келіп түсетін корреспонденциялады орндайды, тиісті құқық қорғау органдары арқылы мәліметтің нәтижелігі мен ақпараттандыру бойынша жиындар өткізеді.

Бұл бөлім өзінің қызмет соңында, Ұлттық Орталық Бюроның дерекқор компьютерлік банкін құрады.

Теллекоммуникация құрамындағы есептік-ақпараттық жүйесі түрлі деңгейлі байлныс жүйесінен тұрады.

  1. Интерполдың бас хатшылығы.

  2. Аумақтық байланыс бекеті.

  3. Интерполдың мүше мемлекеттрінің Ұлттық Орталық бюросы.

Интерполдың мүше мемлекеттрінің барлығы 9 байланыс аймаққа бөлінген.

1-ші аймақ Скандинавия мелекеттері; 2-ші аймақ Еуропа мемлекеттері; 3-ші аймақ Солтүстік Африка мен Орталық Шығыс; 4-ші аймақ Оңтүстік Америка; 5-ші аймақ Африка; 6-ші аймақ Солтүстік Америка; 7-ші аймақ Таяу Шығыс; 8-ші аймақ Орталық Америка; 9-шы аймақ Австралия, Океания, Оңтүстік-Шығыс Aзия;

Халықаралық полициялық ынтымақтастығының Регламентіне және Интерполдың ішкі бақылау тіркеуіне сай, Еуроалық зонаға кіретін барлық Ұлттық Орталық Бюролар құрылған кезде толықтай техникалық қаражатпен қамтамсыз еткен болатын.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы 7-ші зонаға кіреді және Жапония мемлекет арқылы шығады.

Ақпараттарды электронды пошта жүйесі, Халықаралық телекс байланысты (Ұлттық Орталық Бюроның көпшілігі осы байланыс түрін қолданады), көшірмелік байланыс (факс,криптофакс) арқылы жіберіп отырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросында Х-25 ақпараттық желі арқылы байланысатын мүмкіндік және жоғары жылдамдықпен жететін Х-400 телекоммуникациялық желі орнатқан болатын. Х-400 желісі ақпарат тарату халықаралық стандартына сай келеді және Ұлттық Орталық Бюроның Бас хатшылығының әр түрлі қызметне кіріуне мүмкіндік береді. Х-400 желісі қорғаныс жүйесіне қосылуға және оны ақпарат жібергеннен кейінде пайдалануға мүмкіндік береді. Құпиялықтың болуын істің сәйкестендірілуімен жүзеге асырылады (NCB аты және құпия сөбен).

1998 жылғы 27 сәуірдегі № 132-ші Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының ақпарат жөндеу турлы нұсқаулығында Ұлттық Орталық Бюроның хабарламары мен сұраныстарының өңдеу тәрібін және Ұлттық Орталық Бюроның дерекқор банкін қорғау және құру мәселелерін реттейді. [32, C.17-20].

Нұсқаманың 4-ші бабында «Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросымен

ынтымықтастық құратын субъектілер болып «Интерполдың Бас хатшылығы, Интерполдың мүше мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюросы, Қазақстан Республикасыныі Ішкі істер министірлігінің бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Президентінің қорғаныс қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік коммитеті, Қазақстан Республикасының салық полициясы, Қазақстан Республикасының Кеден комитет, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау жөніндегі Комитет, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігі жатады» - деп жазылған. [33].

Интерполдың Жарғысының 3-ші бабында жазылғандай Ұлттық Орталық Бюроның әскери, саяси, діни және нәсілдік сипаттағы сұраныстарды орындауға және осындай сипаттағы қылмыстарға араласуға тыйым салынады. Ұлттық Орталық Бюроға жіберілетін ақпараттар мен сұраныстар электрондық пошта арқылы, телекс арқылы, телетайп арқылы, факс арқылы, ақпарат жедел өңдеу бөлімшелері, Х-400 жүйесі арқылы, тәулік бойы қызмет ететін жедел өңдеу бөлімшелеріне жіберіледі. Келіп түскен сұранытар хабарламалар дерекқор банк құжаттарына енгізіліп, тіркеледі. Интерполдың мүше мемлекеттерінің сұранытарын алған бойдан, басқа мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросының қылмыстық полиция бөлімшелері оны Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер басқармасының тиісті бөлімдеріне тексеруге жібереді. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министірлігінің орталық аппарат қызметіне ауыр қылмыстар туралы сұраныстың көшірмесін жібереді.

Ұлттық Орталық Бюросыда кешенді жедел іздестіру жиынын өткізуді талап ету сұранысы бойынша заттық тексеру сұранысы бойынша құрады. Әр іс жеке кодтан, істің тәртіптік нөмірі бойынша, сұраныс әріптік индексі бойынша, орндаушының сандық шрифті бойынша, шығарған жылдың екі соңғы саны бойынша тұрады.

Ұлттық Орталық Бюроға келіп түсетін және жіберілетін ақпарат сұраныс бойынша 4 түрге бөлінеді:

  • «жедел» (Flash) – бір тәулік ішінде орндау түрі;

  • « өте тез» (very urgent) – үш күн ішінде орныдау түрі;

  • «тез» (urgent) – бес күн ішінде орныдау түрі;

  • « қарапайым» (routine) – он күн ішінде орныдау түрі;

Ұлттық Орталақ Бюроның ақпараттарды сақтау қайнар көзі болып:

  • Интерполдың Бас хатшылығынан келіп түсетін ақпараттар;

  • Қазақстан Республикасының және басқада мемлекеттердің арнайы мемлекеттік органдарымен және құқық қорғау органдарынан келіп түсетін

хабарламалар мен сұраныстар;

Ұлттық Орталық Бюроға келіп түсетін барлық ақпараттар келесі дерекқор

банктерге немесе жедел анықтама қорына келіп түседі:

  • келіп түсетін және жіберілетін құжаттар;

  • қылмыстың жасалуы бойынша;

  • сұрныс және хабарлама бойынша келетін тұлғалар бойынша (бөлімдер бойынша: қылмысты жасаған немесе айыпталушы, іздеу салғандар және хабар ошарсыз жоғалғандар, сәйкестендірілуге жататындар, куәгерлер мен жәбірленушілер);

  • қол сұғушы қылмыстық белгі бойынша (жалған ақша және жалған құжат жасау);

  • құқыққа қайшы іс- әрекет жасау немесе жасады деп күдіктену негізі бойынша фирма, кәсіпорын бойынша;

  • ұрланған және табылған автокөлік бойынша;

  • ұрланған өнер туындылары бойынша;

Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Орталық Бюро өзінің қызметтендіру барысында, шетел мемлекеттерімен іскерлік байланыс орнату және дамыту бойынша біршама қызмет атқарды. Қазіргі таңда Бюро Интерполға мүше мемлекетерінің полициялық қызметімен жедел ақпарат алмасу қызметін реттеп, Интерпол хабарлауы бойынша халықаралық іздестіруде жүрген 1700 қылмыскерге қатысты ақпарат өңделді, ұрланған анттиквар және өнер туындыларына 2000 тұспадау тексерілді. Қазақстан Республикасының тапсырысы бойынша Ұлттық Орталық Бюроның 600 жұмысы орындалды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 20 қылмыскер халықаралық іздесірілуде. Жарты жылдық ішінде халықаралық іздестірілудегі 30 қылмысерлерді ұстап, оның 6 қылмыскерін Қазақстан Республикасына экстрадициялаған.

Қазақстан Республикасындағы Интерполың Ұлттық Орталық Бюросының құрылымдық қызметінің дамуына Интерполың Еурополмен (Еуропалық аумақтық ұйым) ынтымақтауы септігін тиізетін болады. Қызмет тәжірибесі мен алмасу, жекелеген қылмыс түрімен күресу бойынша ортақ іс шара өткізу, тұлғаларды іздестіру, ақпарат алмасу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және ұстап беру, жекелеген қылмыс түрімен қүресу жөніндегі еуропалық шарттарға қосылған жағдайда, Еуропалық континентте қазақстандық бюро мен қазақстандық құқық қорғау органдарының беделі жоғары болатын еді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюро туралы жағдайында нақты көретін болсақ, 1.2,1.3 баптарында « жалпы қабылдаған адам

құқықтары мен бостандықтарын, ұлттық заңнаманы сақтау арқылы қылмыспен күресуі Интерполдың мүше мемлекеттері мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының бөлімшелерінің халықаралық әрекеттестігін қамтамасыз ету»- деп белгіленген болатын. Ұлттық Орталық Бюросының функцияларын қылмыспен күресуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер бөлімшелеріне жүктеледі.

Ұлттық Орталық Бюроның функцияларын жүзеге асыруды үйлестіру үшін Ұлттық Орталық Бюроның жанынан жұмыс аппараты құрылған болтын. Ұлттық Орталық Бюроның құрамы мен жұмыс аппаратының штатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен мақұлданады. Ұлттық Орталық Бюроның жұмыс аппаратын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

Халықаралық Ұлттық Орталық Бюро халықаралық деңгейде қылмыспен күресетін Қазақстан Республикасның құқық қорғау органдарының арасындағы ұйымның үйлестіруші орталығы бола тұра, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің органдарымен, Қазақстан Ркеспубликасының басқада құқық қорғау органдарымен, Интерполдың Бас хатшылығы мен және басқа мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюросымен байланыс орнату арқылы, халықаралық қылмыспен күресу мәселесі бойынша ақпараттарды ашық және құпия түрде қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар қылмысты әшкерелеу үшін ескерту мақсатында қылмыспен қылмыскерлер туралы ақпараттар, тұлғалар, заттар, құжаттар іздестіру, қылмыстық іске қатысы бар күдіктілерді тұлғалар арқылы қадағалау, басқада ақпараттар туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарына өтініштер мен хабарламалар жіберіп отырады. Интерполдың мүше мемлекеттерінің Ұлттық Орталық Бюросының, Бас хатшылықтың ұқсас өтініштері мен хабарламаларды орындайды. Құықық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтасту барысында ақпарат ретінде алынған құжат, мән-жайлар, оқиғалар, дерекқорлар банкін құрады. Интерполдың ұсынысымен Ұлттық Орталық Бюродағы жедел анықтама тіркеуін қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігімен анықталады. [34, C. 143-144]

ХХI ғасырда Интерполдың атқаратаын маңызды мақсаттары бар. Ол ақпарат алмастырудың үйлестірушісі болуы қажет. Оның деңгейін жақсарту үшін ақпарат алмасу мен қылмыспен күресу саласындағы ынтымақтастықтың деңгейің арттыру қажет. Осыған сай Қазақстан Республикасынын Ұлттық Орталық Бюросыныда күрделі мәселелер күтіп тұр. Әсіресе аймақтық Ұлттық Орталық Бюро мен Интерполдың қатысушыларының жоспарларының бірегейлендіруіне тәуелді болып келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросы мемлекеттердің халықаралық қылмыспен күресудегі жедел іздестірудің ең маңызды үйлестіруші субъект болуы қажет. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының арасындағы қызметінің деңгейінің өсуіне Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросының органдарының дамуымен тұрақтану қажет.

Экстрадицияның тиімділігін арттару үшін жедел іздестіру қызметін толық түрде жүргізетін, арнайы Ұлттық Орталық Бюросының арнайы бөлімшелерін құруымыз қажет. [25, C.455-456]