Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
551.94 Кб
Скачать
    1. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы Инттерполдың құрлымы мен ынтымақтастығының негізгі қағидалары

Халықаралық қылмыстық ролиция ұйымы Бас Ассамблеядан, Атқарушы комиететтен, Бас хатшылықтан, Ұлттық Орталық бюродан және Интерпол кеңесшілерінен құралады. [17]

Интерполдың жоғарғы рангі болып жоғарғы рангтағы қылмыстық полиция шенеулігінен тұратын Бас Ассамблея болып табылады. Яғни Жарғыға сәйкес жоғарғы органды, ұйымның мүшелігіне сайлауға түсетіндерден және делегациялардан тұрады. Әр мемлекеттің делегациясында бір басшы бола тұра, әр ұйымның мүшесін бір немесе бірнеше делегация өкілдік ете алады.

Бас Ассамблеяның жыл сайынғы өтетін сессиясында 1 жылға жоспар бекітеді. Бас Ассамблеяның сессиясында қабылданатын резолюциялар екіге бөлінеді: ұйымның қызметтендірі туралы резолюциясы және халықаралық құқық қорғау қызметінің әр түрлі аспектілері туралы резолюция.

1923 жылдан бастап өткен халықаралық қылмыстық полиция ұйымының сессиялар тізімі:

Интерполдың

Бас Ассамблеясының

өткен сессияларының жылдары

Өткен жерлер

1-ші Сессия, 1923 жыл

Вена (Австрия)

2-ші Сессия, 1924 жыл

Вена (Австрия)

3-ші Сессия, 1926 жыл

Вена (Австрия)

4-ші Сессия, 1927 жыл

Амстердам (Нидерланды)

5- ші Сессия, 1928 жыл

Берн ( Швейцария)

6-ші Сессия, 1929 жыл

Вена (Австрия)

7-ші Сессия, 1930 жыл

Антерпен (Бельгия)

8-ші Сессия, 1931 жыл

Париж (Франция)

9-ші Сессия, 1932 жыл

Рим (Италия)

10-ші Сессия, 1934 жыл

Вена (Австрия)

11-ші Сессия, 1935 жыл

Копенгаген (Дания)

12-ші Сессия, 1936 жыл

Белград (Югославия)

13-ші Сессия, 1937 жыл

Лондон (Ұлыбритания)

14-ші Сессия, 1938 жыл

Бухарест (Румыния)

15-ші Сессия, 1946 жыл

Брюссель (Бельгия)

16-ші Сессия, 1947 жыл

Париж (Франция)

17-ші Сессия, 1948 жыл

Прага (Чехословакия)

18-ші Сессия, 1949 жыл

Берн (Щвейцария)

19-ші Сессия, 1950 жыл

Гаага (Нидерланды)

20- ші Cессия, 1951 жыл

Лиссабон (Португалия)

21- ші Сессия, 1952 жыл

Стокгольм (Щвеция)

22- ші Сессия, 1953 жыл

Осло (Норвегия)

23- ші Сессия, 1954 жыл

Рим (Италия)

24- ші Сессия, 1955 жыл

Стамбул (Түркия)

25- ші Сессия, 1956 жыл

Вена (Австрия)

26- ші Сессия, 1957 жыл

Лиссабон (Португалия)

27- ші Сессия, 1958 жыл

Лондон (Ұлыбритания)

28- ші Сессия, 1959 жыл

Париж (Франция)

29- ші Сессия, 1960 жыл

Вашингтон (АҚШ)

30- ші Сессия, 1961 жыл

Копенгаген (Дания)

31- ші Cессия, 1962 жыл

Мадрид (Испания)

32- ші Сессия, 1963 жыл

Хельсинки (Финляндия)

33- ші Сессия, 1964 жыл

Каракас (Венесуэла)

34- ші Сессия, 1965 жыл

Рио – де Жанейро (Бразилия)

35- ші Сессия, 1966 жыл

Берн (Щвейцария)

36- ші Сессия, 1967 жыл

Киото (Жапония)

37- ші Сессия, 1968 жыл

Тегеран (Иран)

38- ші Сессия, 1969 жыл

Мехико (Мехико)

39- ші Сессия, 1970 жыл

Брюссель (Бельгия)

40- ші Сессия, 1971 жыл

Оттава (Канада)

41- ші Сессия, 1972 жыл

Франкурт (Германия)

42- ші Сессия, 1973 жыл

Вена (Австрия)

43- ші Сессия, 1974 жыл

Канны (Франция)

44- ші Сессия, 1975 жыл

Буэнос – Айрес (Аргентина)

45- ші Сессия, 1976 жыл

Аккра (Гана)

46- ші Сессия, 1977 жыл

Стогольм (Щвеция)

47- ші Сессия, 1978 жыл

Панама (Панама)

48- ші Сессия, 1979 жыл

Найроби (Кения)

49- ші Сессия, 1980 жыл

Манила (Филиппин)

50- ші Сессия, 1981 жыл

Ницца (Франция)

51- ші Сессия, 1982 жыл

Терромолинос (Испания)

52- ші Сессия, 1983 жыл

Канна (Франция)

53- ші Сессия, 1984 жыл

Люсембург (Люксембург)

54- ші Сессия, 1985 жыл

Вашингтон (АҚШ)

55- ші Сессия, 1986 жыл

Белград (Югославия)

56- ші Сессия, 1987 жыл

Ницца (Франция)

57- ші Сессия, 1988 жыл

Бангкок (Тайланд)

58- ші Сессия, 1989 жыл

Лион (Франция)

59- ші Сессия, 1990 жыл

Оттава (Канада)

60- ші Сессия, 1991 жыл

Пунта – дель- Эсте (Уругвай)

61- ші Сессия, 1992 жыл

Дакар (Сенегал)

62- ші Сессия, 1993 жыл

Аруба

63- ші Сессия, 1994 жыл

Рим (Франция)

64- ші Сессия, 1995 жыл

Бейжің (Қытай)

65- ші Сессия, 1996 жыл

Анталия (Түркия)

66- ші Сессия, 1997 жыл

Жаңа Дели (Үндістан)

67- ші Сессия, 1998 жыл

Каир (Мысыр)

68- ші Сессия, 1999 жыл

Сеул (Корея)

69- ші Сессия, 2000 жыл

Родос (Грекия)

70- ші Сессия, 2001 жыл

Будапешт (Венгрия)

71- ші Сессия, 2002 жыл

Яонде (Камерун)

72- ші Сессия, 2003 жыл

Бенидорм (Испания)

73- ші Сессия, 2004 жыл

Канкун (Мексика)

74- ші Сессия, 2005 жыл

Берлин (Германия)

Кестеден қарап 1938 жылдан 1946 жылға дейін интерполдың ешқандай сессиясы өтпегенін көруімізе болады. Бұл дегеніміз сол уақытта Комиссяның қызметін қауіпсіздік неміс қызметі атқарды. Сол кезде қауіпсіздік қызметі халықаралық Комиссияның мұрағатын пайдаланған болатын. [18, C.105-110].

Бельсонның Я.М. айтуы бойынша «2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Комиссияның қызметін шектетуге тура келді» - деп айтқан болатын.

Ал енді Бас Ассамблеяның атқаратын қызметіне келетін болсақ:

  1. Өзінің міндеттерін Жарғыға сәйкес атқарады;

  2. Қызметіне сай барлық қағидаларды және бұл ұйымның алдында тұрған барлық міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізетін барлық амалдарды қарастырып анықтайды;

  3. Ережелер шығарады;

  4. Келесі жылға ұйымның Бас хатшысы ұсынатын жұмыстың ортақ жоспарын қарастырады және растайды;

  5. Ұйының қызметін орындайтын лауазымды тұлғаларын сайлайды (Бас Ассамблея Ұйымның Президентін, үш презденттің орныбасарларын, Атқарушы комитеттің делегеттарын қабылдап, Бас хатшылықты мақұлдайды);

  6. Резолюциялар қабылдайды, Ұймның мүше мемлекеттеріне Интерполға құзіреті шегінде ұсыныстар береді;

  7. Басқа ұйымдармен келетін келісімді қарайды және мақұлдайды;

  8. Жарғыда көрсетілгендей барлық функцияларын орындайды және ұйымның қаржылық саясатын анықтайды. (6,7,8 б.б)

Бас Ассамблея өзінің сессияларын жыл сайын өткізеді, сонымен қатар басқа органдардың өтініші бойынша немесе ұйымның барлық мүшелерінің өтініші бойынша Бас Ассамблеяның төтенше сессиясы өткізіледі. Сессия барысында Бас Ассамблеяның алдындағы жүктелдген мәселелерді нақты шешу үшін, арнайы комитет құрады. Бас Ассамблеяға дауыс беру әр мемлекеттің бір делегатына тиесілі және жарғыға сай барлық 2/3 дауысты қажет ететін қабылдауды қоспағанда барлық шешімдер жәй ғана көпшілік дауысымен қабылданады. [19].

Сонымен Бас Ассамблеядан кеінгі Интерполың әкімшілік органын Атқарушы коммитет атқарады. Ол Президенттен, 9 делегаттан, 3 Вице Президентен және Президенттен тұратын тар құрамды қатысушылар мен тар өкілеттен тұратын әкімшілік орган болып табылады. Атқарушы комитетінің барлық мүшелері әділетті-географиялық өкілдік қағидасына сай әр мемлекеттен болуы міндетті. Президентті Бас Ассамблеяның делегаттары арқылы 4 жылға сайланады. Ол Бас Ассамблеяның, Атқарушы Комитеттің отырысында басшылық етеді, пікір-таласты басқаарып,Ұйымның барлық органдарымен шығарған шешімнің орндалуын қадағалайды сонымен қатар Бас хатшылықпен байланыста болып отырады. Ал Вице Президент пен делегаттарды Бас Ассамблея 3 жылға сайланды. Президент пен Вице Президент аймақтан болуы тейіс. Ұйымның Президенті Бас Ассамблеяның, Атқарушы Комиссияның сессиясында басшылық етеді және басқарады. Бас Ассамблея мен Атқарушы комитет шығарған шешімдер мен ұйымның қызметінің сай келуін бақылап отырады. Мүмкіндігінше Ұйымның Хатшысымен тұрақты байланыс орнатып отырады.

Ұйымның Прездентінің шақырылуымен 1жылда 1 рет Атқарушы комитетті отырысқа шақырады (ереже бойынша 3 рет шақырылады, екі рет штаб-квартирада, бір рет Бас Ассамблея өткізетін мемлекеттің сессиясыенда).

Оның атқаратын қызметіні келетін болсақ:

  1. Бас Ассамблеяның шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

  2. Бас Ассамблеяға жұмысқа байланысты ұсыныстар мен жоспарлар ұсыну;

  3. Бас хатшының және өзгеде құзіретті органдардың қызметіне бақылау жасайды. (20,22 б.б)

Ұйымның әкімшілік және техникалық қызметін Бас хатшыменлық атқарады.

Бас хатшы:

  1. Бас ассамблея мен Атқарушы комитетке байланысты шешім қабылдайды;

  2. Қылмыспен күресу жөніндегі халықаралық орталық ретінде қызмет атқарады;

  3. Қылмыс және қылмыскерлер туралы ақпарат жинайды;

  4. Ұлттық және Халықаралық ұйымдармен байланыс болады;

Бас хашылықтың құрамында Бас хатшы, техникалық және басқарма перснолдары бар. Бас хатшылықтың қызметкерлері Ұйым атынан қызет етеді. Оларды қызмет етендер, ұлттық органдар ұйымына ауыстырылғандар, ұлттық органдар ұйымына іс сапармен жібрілгендер немесе Ұйымнің шарты бойнша қызметін орндау бойынша жалданғандар (бірақ қылмыстық қызетке қатысты емес) деп бөлуге болады.

Сонымен қатар ақпараттандырылған және мамандандырылған орталық ретінде де қызмет атқарады: Халықаралық және ұлттық органдармен де байланыста отырады. Бас хатшы ол бас хатшыдан, ұйымның қызметін қамтамасыз етіп отырған әкімшілік және техникалық персоналдардан тұрады. (25,26,27 баптар)

Бас хатшыны Атқарушы комитетің ұсынылумен Бас Ассамблея полицияға қатысты жоғары құзіреті бар тұлғаладарды 5 жылға тағайындайды. (28 бап)

Бас хатшының құрамына атқарушы бөліммен бес басқарма кіреді. Бірінші басқарма жалпы әкімщілік мәселелер мен Бас Ассамблеяның сеесиясына және Интерполға қатысты басқада жиналыстар мен курстарға қатысты жиналытарға дайындық жүргізу қызметтері кіреді.

Бас Хатлық құрамына келесі қызметтер мен бөлімшелер кіреді:

Бас хатшылық қызметі Бас хатшының техникалық және әкімшілік қызметін жүзеге асырады. Ол атқарушы бюродан, қоғамдық байланыс бөлімшесінен, хатшылықтан тұрады. [19, C.61-69].

Бірінші бөлім - әкімшілік бөлім.

Бұл бөлім құрылғылар мен кадрларды бөлу, ұйымның қызметінің шаруашылықтық қамтамасыз ету, Бас Ассамблеяның сессиясына және Ұйымның басқада отырыстарына дайындық. Әкімшілік бөлім: құжаттар дайындау секторынан, буғалтірлік-қаржылық бөлімшелерден, қацуіпсіздік қызметінен, шаруашылық қызметтерден, әлументтік қамтамасыз ету мен кадрлар бөлімшелерінен, делегеттар қабылдау және конференция өткізу бойынша бөлімдерден тұрады.

Екінші бөлім – байланыс және ақпарат алмасу бөлімі.

Бөлім полициялық, қылмыстық тіркеуді бастау, іздестіру хабарламаларын құру қызметтерді атқарады. Бұл бөлім полициялық ақараттарлы компьютерлік жасап шығару, электронды архив жүйесі сияқты қызметтерін атқарады. Байланыс және ақпарат алмасу бөлімі Еуропалық байланыс бюросынан, аумақтық үйлестіруші бюродан, 1-ші бөлімшенден – қарапайып қылмыс түрімен жұмыс атқарады: тұлға мен мүлкіне қарсы сонымен қатар терроризм мен ұйымдас жасалған қылмыс түрімен күресу бойынша үйлестіру қызметін атқарады; 2-ші бөлімшенден – экономикалық, қаржылық-несиелік қылмыстармен жұмыс істейді: алаяқтық, жалған ақша жасау, қылмыстық кірістеррді заңдастыру; 3-ші бөлімшеден – заңыз есірткі тасымалдау қызметімен айналысады; 4-ші бөлімшеден – ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

Үшінші бөлім - Заң бөлімі.

Заң бөлімінде екі бөлім бар. Біріншісі халықаралық құқыққа байланысты мәселелер, екіншісі ресми және шартты құқыққа байланысты мәселелермен айналысады. Бұл бөлім құқыққа байланысты кеңес береді, мемлекеттермен шарт жасау жобасын жасайды, Ұйымның қызметіне байланысты құқықтық акт жасайды, Ұйының мүше мемлекеттеріне эксрадициялауға байланысты нұсқамасыны жаңартады және т.б қызметтерді атқарады.

Төртінші бөлім - техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Бұл бөлім ұйымның қызметтендіруіне қажетті компьютерлік және телекоммуникациялық құрылғыларды қолдау, өңдеу, зерттеу қызметімен айналысады.

Қаржыландыруды қадағалау қызметі

Қаржы саласына байланысты қызметретрге жауапты ол қаржы Инспекторы. Қаржы инспекторы Ұйымның басқаратын құжатына сай бюджетке дайындық және мақұлданған бюджеті орындады қамтамасыз ету болып табылады.

Жарғыға сәйкес ұйымның 4-ші органы ол кеңесшілер институты (34,35,36,37 б.б) Ұйымның кез келген органдары кеңесшілеріне тек ғана кеңес алуға жүгіне алады. Кеңесшілерге басқа жеке жұмыстар тапсырылады. Олар: заңсыз есірткі және психатроптық заттар тасымалдау, кәмелетке толмағандарлың қылмысы, оқ ататын қаруларды іздестіру және оны сәйкестендіру, полициялық қызметте электронды есептеу техникасын қолдану, баланыс арқылы саусақ іздері бар суретті жіберу сияқты қызметтермен айналысады. Кеңесшілерді Атқарушы комитет білікті мамандарының арасынан 3 жыл мерзіміне сайлайды.

Интерполдың құрамында ешқандай ұйымның құрамында болмаған Ұлттық Орталық Бюро қызмет етеді. (31,32,33 б.б). Хатшымен бірге сонымен қатар қылмыспен күресетін халықаралық орталық, мамандандырылған және ақпараттандырылған орталық ретінде танылады. Қылмыспен күресуде барлық мемлекеттер бірегей механизммен құрылған хатшының серіктесі болып табылады. 1965 жылы қабылданған ҰОБ жарғысыда қосымша ретінде ҰОБ-ны мемлекеттерде орталық пункт ретінде түсіндіріледі. Интерполдың ынтымақтастығының таңдау еркіндігі болғандықтан және мелекеттің Ішкі Істері болғандықтан Интерполдың жарғысында Ұлттық Орталық Бюроның бағыныштылығы, ұйымдық құрылымы және қызметі туралы жазылмаған. Мысалға алатын болсақ АҚШ-тағы Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросын Қаржы Министірі жүзеге асырады және оның қызметіне құқық тәртібін қорғау мәселелері, келетін және кететін сауалдарды үйлестіру кіреді. Норвегияның Ұлттық Орталық Бюросын Ұлтты Бюроның құрамындағы қылмыстық тергеу жүзеге асырады сонымен қатар іздестіру істері мен сауалдар қызметін атқарады. Соған қарамастан халықаралық қылмыспен күресудегі әр мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросының қызметі Интерполдың жарғысының 2-ші бабына сәйкес келуі қажет: барлық мемлекеттін криминологиялық полициялар арасындағы өзара көмек беруге ұлтық заң мен Жалпы адам құқықтары шегінде қамтамасыз ету және жәрдем беру. Сонымен қатар қылмыспен күресу мен алдына алатын тиімді институттар құру және дамыту қажет. [20].

Енді Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының ынтымақтастығының қағидаларына келетін болсақ қылмыспен куресу саласында мемлекеттердің ортақ бір қағидаларға бағыну қажет. Олардың қатарында ынтымақтастық қағидасы, мемлекеттер тәуелсіздгінің теңдігі, ішкі істеріне араласпау және адам құқтарын қорғау қағидалары жатады.

Сонымен қатар басты қағидалардың біріне заңсыз әрекет жасағаны үшін жауаптылықтан бұлтартпаушылықты қамтамасыз ету қағидасы табылады.

Бұл дегеніміз Интерполдың мүше мемлееттері халықаралық құқық және халықаралық ынтымақтастықтың қағидаларымен келісуі қажет. Демократия принципі Интерполдың мүше мемлекеттері шешім қабылау барысында қаржылық салымның көлеміне қарамастан, олардың құқықтары тең болып келеді. [21, C.68].

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымындағы қағидалар жалпы және арнайы бөлінеді.

Жалпы қағадаларға төмендегілер жатады:

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау және құрметтеу қағидасы;

  2. Ұйымның мүше мемлекеттерінің тендік қағидасы;

  3. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік егемендігін құрметтеу қағидасы;

  4. Жасаған қылмыстарын үшін жауаптылықққа тартудан бұлтартпаудық қамтамасыз ету қағидасы; [22.C.300].

Интерполдың қызметіндегі арнайы қағаидасына келетін болсақ:

Жалпы сипаттаға қылмыстармен күресу ынтымақтастығындағы шектеу қағидасы –1946 жылы Халықаралық қылмыстық полицияның Комиссиясы жалпы сипаттағы қылмыстармен күресу және оны алдан алу қызметтерін шектеу туралы анықтаған болатын. Бұл ұйымның бейтараптылығы мен мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтуге кепілдік беру қажет.

Функционалды ынтымықтастық қағидасы – кез келген қылмыспен күресуді жүзеге асыру саласындағы құзіретті құқық қорғау органдар, өзінің арнайы атына қарамастан Интерпол саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатыса алады.

Интерпол қызметіндегі икемді және жылдам әдістілік қағидасы - әр түрлі мемлекеттердегі мәседелер мен әр түрлі саяси, әлеументтік құрылымдарды еске ала отырып Интерпол өз қызметінде икемді және жылдам әдістерді қолданады. Сонымен бірге Интерпол мүше мелекеттердің полиция органдарының қолданылатын қызметіне бағынышты болып келеді. [23].

Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының мемлекеттермен әріптестігінде, ынтымақтастық принципі басты рөл атқарады. Бұл негізінен функционалды принцип негізінде қарастырылады. Яғни Интерполмен полициялар ғана емес, сонымен қатар құқық қорғау органдары да бірігіп қызмет атқара алады және оның қызметіне: ескерту, қылмысты ашу, қылмысты тергеу, хабар ошарсыз кеткен тұлғаларды іздеу және қылмыскерледі іздесіру жатады. Жан Непоттың (Интерполдың Бас хатшылық қызметін атқарған) айтуынша «кез келген мемлекеттің полициялық органдарының нақта міндеттері мен юрисдикцияның болуына қарамастан, олардың қылмыстық құқық нормаларын қолдануға мүмкіндігі болған жағдайда, халықырылық ынтымықтастық арнасна рұқсат болуы қажет. Қылмыспен күресуге қатысу үшін бір немесе арнайы бөлімшелермен шектелмеуі қажет» - деп айтқан болатын.

1) Ұлттық деңгейдегі әріптестік, тұрақты ұйымдық негізге сүйену қажет: әр мемлекетте ерекше Ұлттық орталық бюро құруы қажет, әр мемлекетті жедел ақпаратпен қамтамасыз ету, ынтымақтастықтың механизмін тек қана полициялық қызметімен ғана емес, сонымен қатар мүдделі құқық қоргау органдарымен құруы қажет ( Cот, прокуратура, қаржы полициясы және т.б).

2) Кез келген мемлекеттің Ұлттық Орталық Бюросының қылмыспен күресудегі механизімін, басқада құқық қоргау органдары арасындағы қарым-қатынасы құзіретінің шегі анықтау Нормативтік Құқық Актілерінде көрсетіледі.

3) Интерпол мен оған мүше мемлекеттердің Ұлттық Орталық Бюро арасында өзаралық ынтымақтастық қағидасын ұстану;

4) Интерполдың полициялық ынтымақтастығы саяси, діни, әскери, нәсілдік сипаттағы қызметтерді қоспағанда, қылмыстылыққа қатысты істерді жүзеге асыру қажет.

Осыған байланысты келесі сұрақтар туындайды:

«Қылмыс» терминін қалай түсінеміз? Әңгіме « Жалпы қылмыстылық» ұғымын немесе «Халықаралық қылмыстылық» ұғымын түсінемізбе? Егерде «жалпы қылмыстылық» туралы болса Интерпол шектеулі мүмкінділігімен қылмыспен күресуге күші келеді ме?

Бұл сұрақтың жауабын Интерпол Жарғысына өзгерулер мен толықтаруларды енгізген зерттеуші ғалымдардан сұраумымыз қажет. Сонымен қатар әр мемлекеттің қылмыстылығы оның ішкі мәселесі болып табылады. Әр мемлекет басқа мемлекттерді ішкі мәселелріне араластырмай, қылмыстылықпен өзі күреседі. Яғни бұл сұрақтың қойылу себебі, мемлекеттің ішкі істеріне араласу қағидасы болып отыр.

И.И.Карпецтің ойынша «Ұлттық қылмыстық заңнамада қарастырылғандай, егерде халықаралық қылмыс болған жағдайда, жалпы қылмыстылық халықаралық қылмыстылық құқық қызметіне жатпайды» - деп айтқан болатын. Біріқ И.И.Карпец бұл мәселені саяси сипатта қарастырған болатын.

Халықаралық қылмыстылықпн күресу саласы Мемлекеттердің ұлттық тәуелсіздігін құрметтеу қағидасына сай жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Интерпол қызметінде аса маңызды рөлді атқармайтын қағидалар:

  1. Өзара ынтымықтастықты лингвитикалық және географиялық тосқауылдар кедергі келтірмеу қажет;

  2. Ұйымға мүше мемлекеттерге Интерпол тарапынан бірдей қызмет көрсетуі қажет;

Сонымен қатар кез келген құқық қорғау органдары ұлттық заңнама мен халықаралық құқықтық шарттарды қолдану арқылы мемлекеттің ұқсас құрылымдық болімшелермен бірігіп қызмет атқарады. Бұл дегеніміз Интерполдың қызметі мен доктриналары келесі қағидаларға негізделген.

  1. Ұймдаса жасалған халықаралық қылмыстылықпен күресу жөніндегі мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастық;

  2. Мемлекеттердің тәуелсіздігі;

  3. Интерпол жарғысына сай барлық қатысушы мемлекеттерге бірдей ақпарат тарату және басқада қызметтерге қатысты бірдей қарау

  4. Мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына араласпау;

  5. Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

  6. Әмбебаптық; [19, С.61-67].