Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_1_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.41 Кб
Скачать

15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;

4-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы,соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы

1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.

16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.

Алименттер — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен немесе тараптардың келісімімен төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелердің мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері;

-кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері

17.Ата-аналар мен балалардың алименттік міндеттемелері.

ҚР-ң Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің

138-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды

күтіп-бағу жөніндегі міндеттері

1. Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағудың тәртібі мен нысанын ата-аналар дербес айқындайды.

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.

3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы.

Алименттің Мөлшері Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынаналиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]