
- •1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
- •2) Некеге тұру жағдайлары
- •3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •4) Некені тіркеу тәртібі.
- •5) Некені мемлекеттік тіркеу.
- •6) Некенің жарамсыздығы
- •7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
- •8) Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғалар
- •9. Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайлар:
- •10. Некені жарамсыз деп тану салдары.
- •11. Некені тоқтатылу түсінігі
- •12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
- •13.Ерлі – зайыптылардың екеуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •14. Ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;
- •16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •18.Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері.
- •19.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •20.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •22 Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері
- •23 Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •24 .Алимент төлеу туралы келісім.
- •25 Алиментті өндіріп алу және төлеу тәртібі.
- •26 Алиментті индекстеу.
- •27 Алимент мөлшерін азайту негіздері.
- •28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.
- •29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .
- •30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.
- •31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •32. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •33. .Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •35. Некенің зани белгілерін атаңыз.
- •36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз
- •37. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •38. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •39. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •40. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •41. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •42. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •48 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •49 .Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •50 .Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •58. Некеге тұру жағдайлары?
- •59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •60. . Некені тіркеу тәртібі.
- •61. Некені мемлекеттік тіркеу.
11. Некені тоқтатылу түсінігі
Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.
12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады. 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін. 3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.
16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. 2. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.
Тәртібі:
17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке (ерлі-зайыптылық) бұзылатын болады. 2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуін: 1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса; 4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады. 3. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.
19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу
1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 2. Мынадай: 1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған; 2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған; 3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған; 4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 4. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.