Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_1_List.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.41 Кб
Скачать

57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?

 Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:

  • некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;

  • неке жасына жетпеген адаммен некелескен;

  • іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;

  • жақын туыстарымен;

  • өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;

  • бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.

Бұдан басқа, жалған неке, яғни отбасын құру мақсатын көздемейтін неке жарамсыз деп танылады.

58. Некеге тұру жағдайлары?

Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАЖ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Болашақ ерлі – зайыптылар АХАЖ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Егер ол дәлелді себептермен АХАЖ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАЖ органдарында қиылады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАЖ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі.

59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .

Некеге тұратын адамдар медециналық, сондай – ақ медециналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медециналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.  Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.

60. . Некені тіркеу тәртібі.

61. Некені мемлекеттік тіркеу.

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар ҚР неке және отбасы кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізеді. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.іркеуші органның лауазымды адамы:       1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді;       2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;       3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;       4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды;       5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады.       4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.       5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.       6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]