
- •1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
- •2) Некеге тұру жағдайлары
- •3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •4) Некені тіркеу тәртібі.
- •5) Некені мемлекеттік тіркеу.
- •6) Некенің жарамсыздығы
- •7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
- •8) Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғалар
- •9. Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайлар:
- •10. Некені жарамсыз деп тану салдары.
- •11. Некені тоқтатылу түсінігі
- •12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
- •13.Ерлі – зайыптылардың екеуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •14. Ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;
- •16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •18.Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері.
- •19.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •20.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •22 Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері
- •23 Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •24 .Алимент төлеу туралы келісім.
- •25 Алиментті өндіріп алу және төлеу тәртібі.
- •26 Алиментті индекстеу.
- •27 Алимент мөлшерін азайту негіздері.
- •28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.
- •29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .
- •30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.
- •31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •32. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •33. .Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •35. Некенің зани белгілерін атаңыз.
- •36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз
- •37. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •38. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •39. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •40. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •41. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •42. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •48 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •49 .Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •50 .Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •58. Некеге тұру жағдайлары?
- •59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •60. . Некені тіркеу тәртібі.
- •61. Некені мемлекеттік тіркеу.
55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
21. Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы талапты қанағаттандырмаған кезде сот ерлi-зайыптылардың осы талаппен бiрге мәлiмделген өзге талаптарын сол өндiрiсте қарауға құқы жоқ, Кодекстің 22-бабына сәйкес олар жеке өндiрiске шығарылады.
22. Соттың некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешiмi, сондай-ақ ажырасудан бас тарту жөнiндегi шешiмi де заңды және сот мәжiлiсiнде жан-жақты тексерiлген дәлелдерге негізделген болуы тиiс.
Ерлi-зайыптылардың бiреуi некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуына қарсылық бiлдiрген жағдайда шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде ерлi-зайыптылардың арасындағы араздықтарының сот анықтаған себептерi, отбасын сақтау мүмкiн еместiгi туралы дәлелдер немесе отбасын сақтап қалу мүмкiн екенi туралы соттың тұжырымдары, кей-бiр дәлелдердi жоққа шығарғанының негiздерi, басшылыққа алған заңдары көрсетiлуi керек.
Некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнiндегi талапты қанағаттандыру туралы шешiмнiң қорытынды бөлiгінде тараптардың Кодекстің 22-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарының барлығы бойынша, оның iшiнде тараптардың бiрге қарау үшiн бiрiктiрiлген талаптары бойынша соттың қорытындылары болуы тиiс. Шешiмнiң бұл бөлiгiнде некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғанын мемлекеттiк тiркеуге қажеттi мәлiметтер (некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеу күнi, актiнi жазу нөмiрi, некенi (ерлі-зайыптылықты) тiркеген тіркеуші органның атауы, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзғанда олардың тектерi сақталған ба, немесе бұрынғы некеге (ерлі-зайыптылыққа) дейiнгi тектерiн қайтып алған ба) көрсетiледi. Ерлi-зайыптылардың тектерi шешімде неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлiкке сәйкес жазылады, ал тегi некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырған кезде өзгертiлген болса, шешiмнiң кiрiспе бөлiгінде некеге (ерлі-зайыптылыққа) отырғанға дейiнгi тегiн де көрсету қажет.
Шешiмде мемлекеттiк баж салығы ерлi-зайыптылардың қайсысынан және қандай мөлшерде алынатыны және материалдық жағдайына, балалардың кiмнің қолында тәрбиеленетiнiне және басқа да нақтылы жағдайларға байланысты қайсысы төлемнен босатылатыны шешiмде атап көрсетiлуi тиiс. Некенiң (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған кезi - шешiмнiң заңды күшiне енген күнi - көрсетiледi.
56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
Жалған неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық);
Жалған неке, яғни отбасын құру мақсатын көздемейтін неке жарамсыз деп танылады. Әдетте, жалған некеге тұру қандай да бір мүліктік құқыққа және игілікке қол жеткізу мақсатында жасалады. Тұрғын үй алу, астаналық қалада тіркелу, тұрақты тұру үшін шетелге көшуді қалау, азаматтық алу, мұраға ие болу — мұндай мақсаттың көбінесе көздейтіні осылар. Жалған некені көзге басқаша көріну үшін жасалатын неке деп атауға болады. Жалған некені өз пайдасын көздеп жасалатын есепті некеден айыра білу керек. Соңғысы ерлі-зайыптылардың біреуі не екеуі тарапынан белгілі бір пайданы көздеп жасалатын неке болса да, алайда сөзсіз отбасын құру мақсатын көздейді. Жалған некеде мұндай мақсат мүлдем болмайды.