- •1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
- •2) Некеге тұру жағдайлары
- •3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •4) Некені тіркеу тәртібі.
- •5) Некені мемлекеттік тіркеу.
- •6) Некенің жарамсыздығы
- •7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
- •8) Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғалар
- •9. Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайлар:
- •10. Некені жарамсыз деп тану салдары.
- •11. Некені тоқтатылу түсінігі
- •12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
- •13.Ерлі – зайыптылардың екеуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •14. Ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;
- •16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •18.Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері.
- •19.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •20.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •22 Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері
- •23 Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •24 .Алимент төлеу туралы келісім.
- •25 Алиментті өндіріп алу және төлеу тәртібі.
- •26 Алиментті индекстеу.
- •27 Алимент мөлшерін азайту негіздері.
- •28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.
- •29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .
- •30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.
- •31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •32. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •33. .Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •35. Некенің зани белгілерін атаңыз.
- •36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз
- •37. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •38. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •39. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •40. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •41. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •42. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •48 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •49 .Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •50 .Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •58. Некеге тұру жағдайлары?
- •59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •60. . Некені тіркеу тәртібі.
- •61. Некені мемлекеттік тіркеу.
5) Некені мемлекеттік тіркеу.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
6) Некенің жарамсыздығы
1)жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде; 2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде; 3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану кезінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезіндегі өзі таңдаған тегін сақтауға құқылы.
7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:
некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;
неке жасына жетпеген адаммен некелескен;
іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;
жақын туыстарымен;
өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;
бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.
Бұдан басқа, жалған неке, яғни отбасын құру мақсатын көздемейтін неке жарамсыз деп танылады. Әдетте, жалған некеге тұру қандай да бір мүліктік құқыққа және игілікке қол жеткізу мақсатында жасалады. егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
Некені жарамсыз деп тану тәртібіне келетін болсақ,Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.(25 бап)
