Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_1_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.41 Кб
Скачать

51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?

Соттар некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы iстi, әдетте, ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қарауға тиiстi. Тараптардың өзара қатынастарын, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенiң себептерiн, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нағыз себептерiн жан-жақты анықтау қажет. Алайда ортақ кәмелетке толмаған балалары бар ерлi-зайыптылардың арасында некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөнінде өзара келiсiм болса, ерлі-зайыптылардың бiр-бiрiне мүліктiк және өзге де талаптары болмаған кезде, сондай-ақ, егер ерлi-зайыптылардың бiреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға арыз берсе, ал екіншісі қарсылығының жоқтығына қарамастан өзiнiң әрекеттерiмен не әрекетсiздiгімен некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот ажырасудың себептерiн анықтамай-ақ некенi бұзады. Көрсетiлген жағдайларда некенi бұзу екi айға дейiнгі мерзімде жүргізіледі (АIЖК-нiң 174-бабы).

Міндетті емес.

53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

2. Мынадай:

1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған;

2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған;

3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған;

4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

4. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.

21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу

1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.

2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың біреуі бір-біріне мүліктік талаптар болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш берсе, ал екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.

54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?

20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені(ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талап-арызы бойынша осы Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]