
- •1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
- •2) Некеге тұру жағдайлары
- •3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •4) Некені тіркеу тәртібі.
- •5) Некені мемлекеттік тіркеу.
- •6) Некенің жарамсыздығы
- •7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
- •8) Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғалар
- •9. Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайлар:
- •10. Некені жарамсыз деп тану салдары.
- •11. Некені тоқтатылу түсінігі
- •12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
- •13.Ерлі – зайыптылардың екеуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •14. Ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;
- •16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •18.Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері.
- •19.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •20.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •22 Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері
- •23 Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •24 .Алимент төлеу туралы келісім.
- •25 Алиментті өндіріп алу және төлеу тәртібі.
- •26 Алиментті индекстеу.
- •27 Алимент мөлшерін азайту негіздері.
- •28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.
- •29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .
- •30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.
- •31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •32. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •33. .Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •35. Некенің зани белгілерін атаңыз.
- •36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз
- •37. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •38. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •39. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •40. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •41. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •42. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •48 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •49 .Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •50 .Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •58. Некеге тұру жағдайлары?
- •59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •60. . Некені тіркеу тәртібі.
- •61. Некені мемлекеттік тіркеу.
43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
174-бапқа сәйкес Алимент төлеуге міндетті адам Қазақстаннан тыс жерлерге уақытша кеткен немесе тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ол заң бойынша күтіп-бағуға қаражат беруге міндетті отбасы мүшелерімен осы Кодекстің 157-162-баптарына сәйкес алимент төлеу туралы келісім жасасуға құқылы. Алимент төлеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және ол нотариатта куәландырылуға тиіс. Алимент төлеу туралы келісімнің заңда белгіленген нысанын сақтамау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларында көзделген салдарларға әкеп соғады. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар осы келісімде айқындайды. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс. Алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төлеудің тәсілдері мен тәртібі осы келісімде айқындалады. Алимент оны төлеуге міндетті адамның табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлеспен кезең-кезеңмен төленіп тұратын тұрақты ақша сомасымен; біржолғы төленетін тұрақты ақша сомасымен; мүлік беру жолымен, сондай-ақ келісімде қол жеткізілген өзге де тәсілдермен төленуі мүмкін. Алимент төлеу туралы келісімде алимент төлеудің әртүрлі тәсілдерін ұштастыру көзделуі мүмкін.
44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
139-бап. Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.
45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
141-бапқа сәйкес егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттің мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгіленеді. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.
46 . Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіртіп алу тәртібі.
142-бап.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 138-141-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына немесе қамқоршысына немесе олардың патронат тәрбиешілеріне төленеді.
Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронат тәрбиешіге берілген балаларға арналған алимент төлемдерінің сомасы екінші деңгейдегі банктерде ашылған осы балалардың депозиттік шоттарына аударылады.
47 Ата–аналардың, алимент төлеушілердің балаларды асырап- бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуының негіздері .
144-бап. Ата-аналардың балаларды күтіп-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы
1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде және ерекше жағдайлар (кәмелетке толмаған балалардың немесе көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) болған кезде сот осы мән-жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға ата-аналардың әрқайсысын тартуы мүмкін.
2. Егер ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі және осы шығыстардың мөлшері екіжақты келісім бойынша айқындалмаса, онда сот ата-аналардың, басқа да балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, ай сайын төленуге тиісті алиментті төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында белгілейді.
3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды күтіп-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуын міндеттеуге құқылы.