Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_1_List.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.41 Кб
Скачать

34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

35. Некенің зани белгілерін атаңыз.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана танылады. Сонымен некенің заңи белгілеріне: АХАЖға тіркелуі, арасында мүлікті және мүлікті емес қатынастардың пайда болуы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқықтардың пайда болуы, шарт жасалуы.

36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз

Неке ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіп пен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйел арасындағы құқықтық одақ.

Неке АХАЖ мемлекеттік органдарында қиылады. Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі немесе ата анасы тұрған жердегі АХАЖ органдарына арыз береді.

Арыз беруге қажетті құжат: жеке куәлік; белгіленген жас мөлшерін кеміту; бұрынғы некелері туралы және балалары туралы мәліметтер. Некені қию, тілек білдірушілер АХАЖ органына өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болса, 1 ай өткенге дейін немесе мерзімді ұзартуға мүмкін.

Ерекше мән-жағдайлар болған кезде неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін. Некені тіркегеннен кейін ерлі зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]