Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_1_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.41 Кб
Скачать

28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.

139-бап. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .

141-бап. Тұрақты ақша сомасында балаларға алимент

өндіріп алу

1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін елеулі түрде бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе бір мезгілде үлеспен және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін айқындауға құқылы.

Мұндай жағдайларға тұрақты емес, өзгермелі табысы және (немесе) өзге де кірісі бар не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан алимент өндіріп алу жатады.

2. Күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен тұрақты ақша сомасында жүргізіледі.

3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән-жайларды ескере отырып, баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше сақтайтын көлемдегі айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге алып айқындайды.

4. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алименттің мөлшері оның біреуінен аз қамтылған екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот айқындайтын тұрақты ақша сомасында белгіленеді.

30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.

143-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балалардың

алимент алуға құқығы

1. Еңбекке жарамды ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын күтіп-бағуға міндетті.

2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент мөлшерін сот алимент төлеу кезіндегі қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мүдделерін негізге ала отырып, айқындайды.

Камелетке толғандарға алимент төлеу негізі болып еңбекке жарамсыздығы келед.

31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.

176-бап. Алимент төлеу жөніндегі міндеттерді тоқтату

1. Алимент төлеу туралы келісімде белгіленген алимент төлеу жөніндегі міндет осы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанда немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;

2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]