
- •1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
- •2) Некеге тұру жағдайлары
- •3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •4) Некені тіркеу тәртібі.
- •5) Некені мемлекеттік тіркеу.
- •6) Некенің жарамсыздығы
- •7) Некені жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі
- •8) Некені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар тұлғалар
- •9. Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайлар:
- •10. Некені жарамсыз деп тану салдары.
- •11. Некені тоқтатылу түсінігі
- •12. Некенің тоқтатылуының негіздері және тәртібі
- •13.Ерлі – зайыптылардың екеуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •14. Ерлі – зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша ахаж органдарында некені тоқтату
- •15.Сот тәртібімен некені тоқтату тәртібі;
- •16.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •18.Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері.
- •19.Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •20.Алименттік міндеттемелердің түсінігі мен маңызы.
- •22 Ерлі-зайыптылардың(бұрынғы ерлі-заыптылардың)алиментік міндеттемелері
- •23 Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері .
- •24 .Алимент төлеу туралы келісім.
- •25 Алиментті өндіріп алу және төлеу тәртібі.
- •26 Алиментті индекстеу.
- •27 Алимент мөлшерін азайту негіздері.
- •28 Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алимент мөлшері.
- •29. Тұрақты ақша сомасы түрінде алимент төлеу .
- •30. Кәмелеттік жасқа толғандарға алимент төлеу негіздері.
- •31. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
- •32. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •33. .Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •34. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •35. Некенің зани белгілерін атаңыз.
- •36. Қр заңы бойынша неке түсінігін беріңіз
- •37. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •38. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •39. Алименттік міндеттемелердің мазмұны
- •40. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •41. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •42. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •43.Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •44 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •45 . Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •48 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •49 .Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •50 .Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •51. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •53. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •54. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •55. .Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •56. .Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •57.Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •58. Некеге тұру жағдайлары?
- •59. Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
- •60. . Некені тіркеу тәртібі.
- •61. Некені мемлекеттік тіркеу.
1 )Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Неке — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ
2) Некеге тұру жағдайлары
Некеге тұру -некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі болып табылады. Некенi тiркеуге ниет бiлдiрушi адамдар немесе арыз берушiнiң бiреуi өздерiнiң тұрғылықты жерiнде АХАЖ органына өтініш бередi.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі(13 бап)
Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.(10бап)
3) Некеге тұрушыларды медициналық тексеру .
1.Некеге отыруға тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация беруді және зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдары және тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. 2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.
4) Некені тіркеу тәртібі.
Тіркеуші органдар некені (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді.
Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін.