- •1) Әртүрлі халықтардағы әртүрлі кезең бойынша некенің рәсімделуіне мысал келтірініз.
- •2)«Некенің жасалуын мемлекеттік тіркеу » түсінігіне не жатады?
- •3)Некені мемлекеттік тіркеудің тәжірибелік маңызы неде?
- •4 )Ресми тіркелмеген некенің қандай құқықтық салдары болуы мүмкін?
- •5 )Отандық заңдар бойынша көп некелілікке жол беріле ме?
- •6)Қазақстанда «әмеңгерлік» институтын жандандыруға бола ма?
- •7) Қазіргі кезде Қазақстанда «конкубинат» институты бар ма?
- •8) Діни тәртіппен жасалған некенің заңдық күші бар ма?
- •9. Некенің жасалу жағдайларын атаңыз және сипаттаңыз
- •10. Өкіл арқылы некеге тұруға бола ма?
- •11. Қандай елдерде өкіл арқылы некеге тұруға болады?
- •12. Некеге тұрушылардың келісімінің юриидикалық маңызын атаңыз.
- •13. Қр заңы бойынша некеге тұру жасы қай жастан белгіленген.
- •14. Қандай жағдайларда неке жасын төмендетуге болады.
- •15. Елімізде «акселерация» жағдайында болашақта неке жасын төмендету мүмкін бе?
- •16. Әр елдердегі неке жасы туралы мәліметтер келтіріңіз.
- •17.Қр заңдары бойынша некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды атаңыз?
- •18.Қр заңдары бойынша алыс-жақын туыстар арасында некеге тұруға рұқсат етіле ме?
- •19.Қазақстан аумағында некені мемлекеттік тіркеу тәртібі қандай?
- •20.Некеге тұрушылар арасында өтініш бергеннен кейін некені тіркеу мерзімдері қандай?
- •21.Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз
- •22.Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін?
- •23.Некеге тұрушыларды медициналық тексеруді жүргізудің негіздері қандай?
- •24.Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •25.Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •26 Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •27 Сот тәртібімен жарамсыз деп танылған некенің құқықтық салдары қандай?
- •28 Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •29 Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз.
- •30 Ахаж органдарында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды қарау тәртібі.
- •31 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •32 Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •33 Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •34. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •35. Некені тоқтатуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде сот тәртібімен некені бұзу ерекшеліктері қандай?
- •36. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •37. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •38. Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •39.Ахаж органдарында бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •40. Сот тәртібімен бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •41. Некені тоқтатудың құқықытық салдарын атаңыз.
- •42. Сот тәртібімен өлді деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған ерлі -зайыптылардың қайтып келуі жағдайындағы некені қалпына келтіруге қандай негіздер қажет?
- •43.Некені бұзу және некені тоқтатудың айырмашылығы неде?
- •44. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •45. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •46. Алименттік міндеттемелердің мазмұны.
- •52 Кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналардың өз баларына қатысты міндеттерінің мазмұны.
- •53 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу жөніндегі келісім шарттың субъектілері.
- •54. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алимент туралы шарттың мазмұны .
- •57 . Алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану негіздері.
- •58. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеу туралы талап қою мерзімдері .
- •59. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •60. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •61. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •62. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •63. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •64. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •67. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату негіздері.
- •70.Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеіге қатысыру негіздері
- •72.Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатыстыру негіздері.
- •73. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеуден босату негіздері.
- •74. Бұрынғы жұбайды екінші жұбайы асырап –бағу жөніндегі міндеттен босату негіздері.
- •75. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы жұбалардың) арасында жасалған
- •76. Отбасының басқа мүшелері болып табылатын тұлғалар щеңбері
29 Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз.
27-бап. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтірген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені (ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы. Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін. Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.
30 Ахаж органдарында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды қарау тәртібі.
18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде
ерлі-зайыптылар арасында туындайтын дауларды
қарау
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.
31 Некені бұзудың сот тәртібі.
19-бап.Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Мынадай: 1)ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған; 2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған; 3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған; 4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Ерекше жағдайларда сот көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы.
32 Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
18-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.
33 Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.
Екеуінің де келісімі болған жағдайда, сот біржақты некені бұзады. Яғни, бұндай жағдайларда екеуінің өтініші негізінде қаралып, неке бұзылды деп жарияланады. Еріктілік қағидасы ұстанылады.
Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін. (21бап )
