
- •1) Әртүрлі халықтардағы әртүрлі кезең бойынша некенің рәсімделуіне мысал келтірініз.
- •2)«Некенің жасалуын мемлекеттік тіркеу » түсінігіне не жатады?
- •3)Некені мемлекеттік тіркеудің тәжірибелік маңызы неде?
- •4 )Ресми тіркелмеген некенің қандай құқықтық салдары болуы мүмкін?
- •5 )Отандық заңдар бойынша көп некелілікке жол беріле ме?
- •6)Қазақстанда «әмеңгерлік» институтын жандандыруға бола ма?
- •7) Қазіргі кезде Қазақстанда «конкубинат» институты бар ма?
- •8) Діни тәртіппен жасалған некенің заңдық күші бар ма?
- •9. Некенің жасалу жағдайларын атаңыз және сипаттаңыз
- •10. Өкіл арқылы некеге тұруға бола ма?
- •11. Қандай елдерде өкіл арқылы некеге тұруға болады?
- •12. Некеге тұрушылардың келісімінің юриидикалық маңызын атаңыз.
- •13. Қр заңы бойынша некеге тұру жасы қай жастан белгіленген.
- •14. Қандай жағдайларда неке жасын төмендетуге болады.
- •15. Елімізде «акселерация» жағдайында болашақта неке жасын төмендету мүмкін бе?
- •16. Әр елдердегі неке жасы туралы мәліметтер келтіріңіз.
- •17.Қр заңдары бойынша некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды атаңыз?
- •18.Қр заңдары бойынша алыс-жақын туыстар арасында некеге тұруға рұқсат етіле ме?
- •19.Қазақстан аумағында некені мемлекеттік тіркеу тәртібі қандай?
- •20.Некеге тұрушылар арасында өтініш бергеннен кейін некені тіркеу мерзімдері қандай?
- •21.Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз
- •22.Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін?
- •23.Некеге тұрушыларды медициналық тексеруді жүргізудің негіздері қандай?
- •24.Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •25.Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •26 Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •27 Сот тәртібімен жарамсыз деп танылған некенің құқықтық салдары қандай?
- •28 Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •29 Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз.
- •30 Ахаж органдарында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды қарау тәртібі.
- •31 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •32 Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •33 Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •34. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •35. Некені тоқтатуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде сот тәртібімен некені бұзу ерекшеліктері қандай?
- •36. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •37. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •38. Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •39.Ахаж органдарында бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •40. Сот тәртібімен бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •41. Некені тоқтатудың құқықытық салдарын атаңыз.
- •42. Сот тәртібімен өлді деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған ерлі -зайыптылардың қайтып келуі жағдайындағы некені қалпына келтіруге қандай негіздер қажет?
- •43.Некені бұзу және некені тоқтатудың айырмашылығы неде?
- •44. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •45. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •46. Алименттік міндеттемелердің мазмұны.
- •52 Кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналардың өз баларына қатысты міндеттерінің мазмұны.
- •53 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу жөніндегі келісім шарттың субъектілері.
- •54. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алимент туралы шарттың мазмұны .
- •57 . Алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану негіздері.
- •58. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеу туралы талап қою мерзімдері .
- •59. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •60. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •61. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •62. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •63. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •64. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •67. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату негіздері.
- •70.Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеіге қатысыру негіздері
- •72.Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатыстыру негіздері.
- •73. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеуден босату негіздері.
- •74. Бұрынғы жұбайды екінші жұбайы асырап –бағу жөніндегі міндеттен босату негіздері.
- •75. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы жұбалардың) арасында жасалған
- •76. Отбасының басқа мүшелері болып табылатын тұлғалар щеңбері
22.Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін?
223-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік
тіркеу мерзімдерін қысқарту және ұзарту
1. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша бiр ай өткенге дейін некенi қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат етеді не бұл мерзiмдi ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.
Мерзiмдi қысқарту уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты айқындалады.
2. Жекелеген жағдайларда неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеудi күту мерзiмi неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуге кедергi келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана тіркеуші органның бастамасы бойынша ұзартылуы мүмкiн.
23.Некеге тұрушыларды медициналық тексеруді жүргізудің негіздері қандай?
12-бап. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын)
адамдарды медициналық зерттеп-қарау
1. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация беруді және зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдары және тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.
24.Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану
1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;
3) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп таниды.
2. Сот некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.
3. Неке (ерлі-зайыптылық) қиылған күнінен бастап жарамсыз деп танылады.
25.Жалған некенің түсінігін беріңіз .
Жалған неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің отбасын құру ниетінсіз, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қиылған неке (ерлі-зайыптылық);
Жалған некеге тұру қандай да бір мүліктік құқыққа және игілікке қол жеткізу мақсатында жасалады. Тұрғын үй алу, астаналық қалада тіркелу, тұрақты тұру үшін шетелге көшуді қалау, азаматтық алу, мұраға ие болу — мұндай мақсаттың көбінесе көздейтіні осылар. Жалған некені көзге басқаша көріну үшін жасалатын неке деп атауға болады.