Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

19.Қазақстан аумағында некені мемлекеттік тіркеу тәртібі қандай?

226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік

тіркеу тәртібі

1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жүргізеді

3. Тіркеуші органның лауазымды адамы:

1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;

4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды;

5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады.

4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.

20.Некеге тұрушылар арасында өтініш бергеннен кейін некені тіркеу мерзімдері қандай?

222-бап. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш

беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты

болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі

1. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.

Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.

21.Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз

27-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын жоятын мән-жайлар

1. Егер некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтірген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені (ерлі-зайыптылықты) жарамды деп тануға құқылы.

2. Сот неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адаммен қиылған некені (ерлі-зайыптылықты), егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.

3. Егер мұндай некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) жалған деп тани алмайды.

4. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) жағдайларды қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]