Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

15. Елімізде «акселерация» жағдайында болашақта неке жасын төмендету мүмкін бе?

Елімізде акселерация жағдайы, соңғы статистикаларға қарағанда, айқын көрініс алып келеді. Кәмелет жасқа толмағадар арасында жүкті болу, сәбилерін тастау, заңсыз түрде аборт (бала алдырту) секілді жағдайлар соның бір көрінісі болып табылады. Осы жағдайларды назарға ала отырып, ҚР депутаттары неке жасын 14 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Олардың осындай байламға келуге елдегі жаға ұстатарлық статистикалық жағдай түрткі болса керек. Денсаулық сақтау министрлігі келтірген есеп бойынша өткен жылы Қазақстанда 5 мыңға жуық қыз бала жүкті болып, тең жартысы түсік жасатқан.  Неке жасы ол біздің елде әйелдер мен ерлерлер үшін де бірдей және 18 жасты құрайды. Дәлелді себептің бар болуы кезінде неке жасы 16 жасқа дейін, ерекше жағдайларда одан да төмендетілуі мүмкін.

 Некеге тұру үшін белгілі физикалық және психологиялық деңгейдің қажеттігімен неке жасы белгіленеді. Неке жасын кез-келген жұбайға төмендетуге болады. Неке жасын төмендетудің ең көп таралған себебі болашақ әйелдің жүктілігі немесе оның бала тууы болып табылады.

16. Әр елдердегі неке жасы туралы мәліметтер келтіріңіз.

Неке, әрине, заңда белгіленген  шарттарға сай болу керек. Алайда, дүниедегі елдердің некелену  жасы жөніндегі шектемесі ұқсамайды. Мысалы, Англия заңында белгіленген некеге тұрудың ең төменгі жас мөлшері: қыз бен жігіт үшін 16 жас, Францияда жігіт үшін 18 жас, қыз үшін 15жас, Жапонияда жігіт үшін 18 жас, қыз үшін 16 жас, Италяда жігіт үшін 16 жас, қыз үшін 14 жас, Испанияда жігіт 14 жас, қыз 12 жас, Ресейде қыз бен жігітке 18 жас.     Аталған мемлекеттердің көбінде бас құрамақшы болған қыз - жігіттердің өз еркіндігі бойынша некеге тұру тиіс екендігі белгіленген. Сондай – ақ бірнеше мемлекетте елдерде қыз - жігіт ата – анасының, немесе қамқоршысының рұқсатын лу арқылы ғана екеге тұруға рұқсат етілді.

17.Қр заңдары бойынша некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды атаңыз?

ҚР-ң Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің

11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты

болуына) жол берілмейтін адамдар

Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):

1) бір жынысты адамдардың;

2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;

3) жақын туыстардың;

4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;

5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді

18.Қр заңдары бойынша алыс-жақын туыстар арасында некеге тұруға рұқсат етіле ме?

ҚР-ң Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 11 бабының 3 тармақшасында алыс- жақын туыстардың арасында некеге тұруға рұқсат берілмейді.

 11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты               болуына) жол берілмейтін адамдар

      Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға):       1) бір жынысты адамдардың;       2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың;       3) жақын туыстардың;       4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;       5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]