
- •1) Әртүрлі халықтардағы әртүрлі кезең бойынша некенің рәсімделуіне мысал келтірініз.
- •2)«Некенің жасалуын мемлекеттік тіркеу » түсінігіне не жатады?
- •3)Некені мемлекеттік тіркеудің тәжірибелік маңызы неде?
- •4 )Ресми тіркелмеген некенің қандай құқықтық салдары болуы мүмкін?
- •5 )Отандық заңдар бойынша көп некелілікке жол беріле ме?
- •6)Қазақстанда «әмеңгерлік» институтын жандандыруға бола ма?
- •7) Қазіргі кезде Қазақстанда «конкубинат» институты бар ма?
- •8) Діни тәртіппен жасалған некенің заңдық күші бар ма?
- •9. Некенің жасалу жағдайларын атаңыз және сипаттаңыз
- •10. Өкіл арқылы некеге тұруға бола ма?
- •11. Қандай елдерде өкіл арқылы некеге тұруға болады?
- •12. Некеге тұрушылардың келісімінің юриидикалық маңызын атаңыз.
- •13. Қр заңы бойынша некеге тұру жасы қай жастан белгіленген.
- •14. Қандай жағдайларда неке жасын төмендетуге болады.
- •15. Елімізде «акселерация» жағдайында болашақта неке жасын төмендету мүмкін бе?
- •16. Әр елдердегі неке жасы туралы мәліметтер келтіріңіз.
- •17.Қр заңдары бойынша некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды атаңыз?
- •18.Қр заңдары бойынша алыс-жақын туыстар арасында некеге тұруға рұқсат етіле ме?
- •19.Қазақстан аумағында некені мемлекеттік тіркеу тәртібі қандай?
- •20.Некеге тұрушылар арасында өтініш бергеннен кейін некені тіркеу мерзімдері қандай?
- •21.Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз
- •22.Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін?
- •23.Некеге тұрушыларды медициналық тексеруді жүргізудің негіздері қандай?
- •24.Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •25.Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •26 Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •27 Сот тәртібімен жарамсыз деп танылған некенің құқықтық салдары қандай?
- •28 Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •29 Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз.
- •30 Ахаж органдарында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды қарау тәртібі.
- •31 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •32 Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •33 Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •34. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •35. Некені тоқтатуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде сот тәртібімен некені бұзу ерекшеліктері қандай?
- •36. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •37. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •38. Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •39.Ахаж органдарында бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •40. Сот тәртібімен бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •41. Некені тоқтатудың құқықытық салдарын атаңыз.
- •42. Сот тәртібімен өлді деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған ерлі -зайыптылардың қайтып келуі жағдайындағы некені қалпына келтіруге қандай негіздер қажет?
- •43.Некені бұзу және некені тоқтатудың айырмашылығы неде?
- •44. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •45. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •46. Алименттік міндеттемелердің мазмұны.
- •52 Кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналардың өз баларына қатысты міндеттерінің мазмұны.
- •53 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу жөніндегі келісім шарттың субъектілері.
- •54. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алимент туралы шарттың мазмұны .
- •57 . Алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану негіздері.
- •58. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеу туралы талап қою мерзімдері .
- •59. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •60. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •61. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •62. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •63. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •64. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •67. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату негіздері.
- •70.Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеіге қатысыру негіздері
- •72.Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатыстыру негіздері.
- •73. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеуден босату негіздері.
- •74. Бұрынғы жұбайды екінші жұбайы асырап –бағу жөніндегі міндеттен босату негіздері.
- •75. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы жұбалардың) арасында жасалған
- •76. Отбасының басқа мүшелері болып табылатын тұлғалар щеңбері
10. Өкіл арқылы некеге тұруға бола ма?
Некеге өкіл арқылы тұруға болмайды, бұған 186-баптың 4 тармағына сілтеме жасауға болады: Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге жол берілмейді.
11. Қандай елдерде өкіл арқылы некеге тұруға болады?
Қазақстанда өкіл арқылы некеге тұруға тиым салынғанғ сол сияқты көптеген елдерде бұған тиым салынған. Бірақ өкіл арқылы некеге тұруға рұқсат етілген бірқатар елдер бар. Мысалы, Панама, Испания, Перу. Бұл мемлекеттерде көзделген жағдайларға байланысты, атап өткенде, ерлі – зайыптылардың біреуі ұзақ мерзімге басқа елгн кеткен жағдайда, өкілдік арқылы некеге тұруға рұқсат етілген. Алайда, некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
12. Некеге тұрушылардың келісімінің юриидикалық маңызын атаңыз.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» кодесінің 9 бабына 1 – тармағына сәйкес, Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. Алайда, Кодекстің 11 – бабында көрсетілген мән – жайлар болған кезде неке қиылмайды:
Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға): 1) бір жынысты адамдардың; 2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың; 3) жақын туыстардың; 4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; 5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
13. Қр заңы бойынша некеге тұру жасы қай жастан белгіленген.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, некеге тұру жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас, яғни кәмелет жас болып белгіленген. Алайда, дәлелді себептер боллған кезде некеге тұру жасын төмендетуге болады. Атап айтқанда, 1) жүкті болғанда; 2) ортақ бала туған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бйынша тіркеуші органдар неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
14. Қандай жағдайларда неке жасын төмендетуге болады.
ҚР неке және отбасы кодексінің 10-бабына (Неке (ерлі-зайыптылық) жасы) )сілтеме жасаймыз,
1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 2. Мынадай дәлелді себептер болған: 1) жүкті болған; 2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді. 3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. 4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі. 5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.