
- •1) Әртүрлі халықтардағы әртүрлі кезең бойынша некенің рәсімделуіне мысал келтірініз.
- •2)«Некенің жасалуын мемлекеттік тіркеу » түсінігіне не жатады?
- •3)Некені мемлекеттік тіркеудің тәжірибелік маңызы неде?
- •4 )Ресми тіркелмеген некенің қандай құқықтық салдары болуы мүмкін?
- •5 )Отандық заңдар бойынша көп некелілікке жол беріле ме?
- •6)Қазақстанда «әмеңгерлік» институтын жандандыруға бола ма?
- •7) Қазіргі кезде Қазақстанда «конкубинат» институты бар ма?
- •8) Діни тәртіппен жасалған некенің заңдық күші бар ма?
- •9. Некенің жасалу жағдайларын атаңыз және сипаттаңыз
- •10. Өкіл арқылы некеге тұруға бола ма?
- •11. Қандай елдерде өкіл арқылы некеге тұруға болады?
- •12. Некеге тұрушылардың келісімінің юриидикалық маңызын атаңыз.
- •13. Қр заңы бойынша некеге тұру жасы қай жастан белгіленген.
- •14. Қандай жағдайларда неке жасын төмендетуге болады.
- •15. Елімізде «акселерация» жағдайында болашақта неке жасын төмендету мүмкін бе?
- •16. Әр елдердегі неке жасы туралы мәліметтер келтіріңіз.
- •17.Қр заңдары бойынша некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды атаңыз?
- •18.Қр заңдары бойынша алыс-жақын туыстар арасында некеге тұруға рұқсат етіле ме?
- •19.Қазақстан аумағында некені мемлекеттік тіркеу тәртібі қандай?
- •20.Некеге тұрушылар арасында өтініш бергеннен кейін некені тіркеу мерзімдері қандай?
- •21.Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз
- •22.Қандай жағдайларда некені тіркеу мерзімдері өзгертілуі мүмкін?
- •23.Некеге тұрушыларды медициналық тексеруді жүргізудің негіздері қандай?
- •24.Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •25.Жалған некенің түсінігін беріңіз .
- •26 Некені жарамсыз деп тану тәртібі қандай?
- •27 Сот тәртібімен жарамсыз деп танылған некенің құқықтық салдары қандай?
- •28 Некені жарамсыз деп танудың негіздері қандай?
- •29 Некенің жарамсыздығын болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз.
- •30 Ахаж органдарында ерлі-зайыптылар арасындағы дауды қарау тәртібі.
- •31 Некені бұзудың сот тәртібі.
- •32 Қандай даулар сотпен некені бұзу кезінде бір мезгілде қаралуы мүмкін?
- •33 Ерлі-зайыптылардың екеуінің де келісімі болған кезде соттың некені бұзу туралы істерді қарау ерекшеліктері.
- •34. Некені бұзу туралы істерді қарау кезінде ерлі-зайыптылардың екеуінің де сотқа қатысуы міндетті ме?
- •35. Некені тоқтатуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде сот тәртібімен некені бұзу ерекшеліктері қандай?
- •36. Сотта некені бұзудың негіздері қандай?
- •37. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?
- •38. Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?
- •39.Ахаж органдарында бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •40. Сот тәртібімен бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?
- •41. Некені тоқтатудың құқықытық салдарын атаңыз.
- •42. Сот тәртібімен өлді деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған ерлі -зайыптылардың қайтып келуі жағдайындағы некені қалпына келтіруге қандай негіздер қажет?
- •43.Некені бұзу және некені тоқтатудың айырмашылығы неде?
- •44. Алименттік міндеттемелер түсінігі.
- •45. Алименттік міндеттемелердің пайда болу негіздері.
- •46. Алименттік міндеттемелердің мазмұны.
- •52 Кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналардың өз баларына қатысты міндеттерінің мазмұны.
- •53 . Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу жөніндегі келісім шарттың субъектілері.
- •54. Кәмелеттік жасқа толмағандарға алимент туралы шарттың мазмұны .
- •57 . Алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану негіздері.
- •58. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеу туралы талап қою мерзімдері .
- •59. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.
- •60. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .
- •61. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент ұсталатын жалақының түрлері.
- •62. Шет мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелердің жұмысшылардың жалақыларынан ұсталатын алиментті есептеу тәртібі.
- •63. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына тұрақты ақша сомасы түрінде өндірілетін алименттің мөлшерін бекіту негіздері.
- •64. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.
- •67. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату негіздері.
- •70.Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеіге қатысыру негіздері
- •72.Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына жасалған қосымша шығындарға қатыстыру негіздері.
- •73. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің ата-аналарына алимент төлеуден босату негіздері.
- •74. Бұрынғы жұбайды екінші жұбайы асырап –бағу жөніндегі міндеттен босату негіздері.
- •75. Ерлі-зайыптылардың (бұрынғы жұбалардың) арасында жасалған
- •76. Отбасының басқа мүшелері болып табылатын тұлғалар щеңбері
8) Діни тәртіппен жасалған некенің заңдық күші бар ма?
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздерне сүйене отырып,2баптың 3тармақшасында көрсетілгендей, Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.
Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.
9. Некенің жасалу жағдайларын атаңыз және сипаттаңыз
9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) үшін некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке (ерлі-зайыптылық) жасына толуы қажет. 2. Осы Кодекстің 11-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде неке қиылмайды (ерлі-зайыпты болмайды).
10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы
1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 2. Мынадай дәлелді себептер болған: 1) жүкті болған; 2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді. 3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. 4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі. 5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
11-бап. Араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар
Некелесуге (ерлі-зайыпты болуға): 1) бір жынысты адамдардың; 2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдардың; 3) жақын туыстардың; 4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың; 5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
12-бап. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды медициналық зерттеп-қарау
1. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация беруді және зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдары және тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді. 2. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін. Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамның некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.
13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі
1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі. 2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады. Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі. 3. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі. 4. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкін.