Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

67. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты алименттік міндеттемелерді тоқтату негіздері.

Алименттік міндеттемелерді тоқтату

1. Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік- міндеттемелер осы келісімнің күшінде болу мерзімі біткенде немесе осы келісімде көзделген негіздер бойынша, сондай-ак тараптардың бірі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2. Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу:

1) бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін алған жағдайларда;

2) асырап-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге тұрғанда;

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

68. Ата-аналарды өздерінің кәмелетке толған балаларына алимент төлеуді міндеттеі негіздері.

Ата-аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға міндетті.

2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерін сот алимент төленетін кезде қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып белгілейді.

142-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттері

1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

2. Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртібімен өндіріп алынады.

3. Әрбір баладан өндіріп алынатын алимент мөлшерін сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, алимент төлеу кезіндегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынастарында белгілейді.

4. Алимент мөлшерін айқындау кезінде сот, балаларының бәріне, олардың біреуіне немесе олардың бірнешеуіне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрін ескеруге құқылы.

5. Егер сот ата-аналардың осы балаларға қатысты ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады.

6. Кәмелетке толған, асырап алынған балалардың асырап алушыларды асырап-бағу жөніндегі міндеттері де балалардың ата-аналары алдындағы міндеттеріндей анықталады.

69. Ата-аналарды өздерінің балаларына алимент төлеуді міндеттерінен

босату негіздері.

1) бала кәмелетке толғанда немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетті болған жағдайда немесе алимент төлеу туралы келісімде көрсетілген жасқа толғанда;

2) күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алынған бала асырап алынғанда;

3) сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірілген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылған деп танығанда;

4) еңбекке жарамсыз, бұрынғы жұбайының көмегіне мұқтаж болып келген алимент алушы жаңа некеге отырғанда (ерлі-зайыпты болғанда);

5) алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]