Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

64. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса соттың алименттің мөлшерін бекітуі.

Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келісімі болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кірісіне үлестік қатынаста алимент өндіріп алу мүмкін болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бірінің мүдделерін айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бірге үлесте (осы Кодекстің 136-бабына сәйкес) және тұрақты акция сомасында ай сайын өндіріп алынатын алимент мөлшерін белгілеуге құқылы.

Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерін аз қамтамасыз етілген ата-ананың біреуінен екіншісінің пайдасына осы баптың 3-тармағына сәйкес ай сайын өндіріп алынатын және сот белгілейтін тұрақты ақша сомасы белгіленеді.

3. Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгілейді.

65. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алиментті өндіртіп алу тәртібі.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Кодекстің 135-138-баптарына сәйкес өндіріп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешісіне төленеді.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) немесе патронат тәрбиешіге берілген балаларға төленетін алимент сомасы екінші деңгейдегі банктерге ашылған осы балалардың шотына аударылады.

2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу. медициналық мекемелері мен өзге де мекемелердегі балаларға ата- аналарынан өндіріп алынатын алимент сол мекемелердің шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледі.

Аталған мекемелер бұл соманы банкілерге салуға құқылы. Көлін түскен алимент сомасының айналысынан түскен кірістің елу пайызы аталған мекемелердегі балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кірістің елу пайызы екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады.

Психовенерологиялық медико-әлеуметтік мекемелердегі ата-аналардан балаларға өндірілген алименттер екінші деңгейдегі банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады және қорғаншы баланың қосымша қажетіне пайдаланады.

Қорғаншылар (қамқоршылар), патронат тәрбиешілер әрбір жарты жылда бала ұсталатын тәрбиелеу, медициналық және басқа да мекемелердің әкімшіліктері қорғаншы және қамқоршы органға балаға тиесілі алименттер, жәрдемақылар және т.б. ақшалай және басқа да түрдегі қаржыны жұмсағаны туралы есеп береді.

66. Ата –аналардың ,алимент төлеушілердің балаларды асырап- бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуының негіздері .

Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға арналған қосымша шығыстарға қатысуы

1. Алимент төлеу туралы келісім болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертігуі, оларға бөгде адамның бағып-күтуіне ақы төлеу қажеттігі және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығыстарды көтеруге қатысуға әрбір ата-ананы тартуы мүмкін.

2. Ата-аналардың қосымша шығыстарды көтеруге қатыстырылу тәртібі мен бұл шығыстардың мөлшерін сот егер екіжақты келісім бойынша анықталмаса, ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып ай сайын төленуге тиісті алимент төленетін кездегі айлық есептік көрсеткішке еселенген қатынасында белгілейді.

3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығыстарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиіс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға міндеттеуге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]