Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

57 . Алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану негіздері.

160-бап. Алимент алушының мүддесін бұзатын алимент төлеу туралы келісімді жарамсыз деп тану

Егер алимент төлеу туралы келісімде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесін күтіп-бағу шарттары олардың мүдделерін елеулі түрде бұзатын болса, атап айтқанда, осы Кодекстің 161-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, мұндай келісім кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз отбасы мүшесінің заңды өкілінің, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның немесе прокурордың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

161-бап. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшері

1. Алимент төлеу туралы келісім бойынша төленетін алименттің мөлшерін тараптар осы келісімде айқындайды.

2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу туралы келісім бойынша белгіленетін алименттің мөлшері олардың сот тәртібімен алимент өндіріп алған кездегі алуы мүмкін алименттің мөлшерінен төмен болмауға тиіс.

58. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент төлеу туралы талап қою мерзімдері .

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері

1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.

2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.

Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

59. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіртіп алудың сот тәртібі.

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

1. Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

2. Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

60. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға төленетін алименттің мөлшерін азайтуға немесе көбейтуге негіз болатын жағдайлар .

Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды.

Ата-аналар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ак 21 жасқа дейінгі жастағы күндізгі оқыту нысаны бойынша оқу орындарында оқитын балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы.

Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуына ерікті түрде алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады.

Ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берілмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы талап қоюға құқылы.

Алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндіріп алады.

Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

Тұрақты ақша сомасының мөлшерін сот баланың бұрынғы қамтамасыз етілу деңгейін мүмкіндігінше барынша сақтауды негізге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгілейді.

Егер алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда алимент мөлшері сот тәртібімен белгіленгеннен кейін тараптардың бірінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, сот кез келген тараптың талап етуі бойынша белгіленген алимент мөлшерін өзгертуге немесе алимент төлеуге міндетті адамды оны төлеуден босатуға құқылы. Алимент мөлшері өзгертілген немесе оны төлеуден босатылған жағдайда сот тараптардың назар аударарлық мүддесін де ескеруге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]