Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

41. Некені тоқтатудың құқықытық салдарын атаңыз.

Некені бұзу нәтижесінде ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге түруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеде тұрған кезінде бірлесіл жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен-өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы — асыраушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.

Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге түру құқығын туғызады.

Неке бұзылғаннан кейін тек таңдау мәселесі жиі шешіледі: бұрынғы жұбайынын тегін қалдыра ма, не некеге тұрғанға дейінгі тегіне көше ме? Некеде тұрған кездегі тегін сақтау толығымен басқа текті қабылдаған жұбайының қалауына байланысты. Оның бұл қалауына ешкім де, тіпті некені бұзғаннан кейін кімнің тегін қалдыруды қалайтын жұбайы да, ықпал ете алмайды. Некенің бұзылуымен байланысты, әдетте, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі материалдық қолдау жөніндегі міндеттерге де тоқтайды. Бірақ бұл жағдайда, сот арқылы бұрынғы жұбайының еңбекке жарамсыздығы және мұқтаждығы анықталған болса, онда оның өзінің бұрынғы жұбайынан алимент алуға қақысы бар.

Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата-аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.

Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы занда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында немесе сотта іске асырылады.

42. Сот тәртібімен өлді деп жарияланған немесе хабар-ошарсыз кетті танылған ерлі -зайыптылардың қайтып келуі жағдайындағы некені қалпына келтіруге қандай негіздер қажет?

15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы,соттың оны қайтыс болды деп жариялауы

немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың)

тоқтатылуы

1. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) қалпына келтіруі мүмкін.

3. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса (ерлі-зайыпты болса), некенің (ерлі-зайыптылықтың) қалпына келтірілуі мүмкін емес.

43.Некені бұзу және некені тоқтатудың айырмашылығы неде?

Тоқтату: Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасында некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде (ерлі-зайыптылықтан) туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.

Бұзу: Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]