Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

37. Қандай жағдайларда сот ерлі-зайыптыларды татуластыру шараларын қолдануы мүмкін?

20-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені(ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде

некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талап-арызы бойынша осы Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

38. Ерлі-зайыптылардың қандай талаптарын сот ерекше өндіріске бөле алады?

39.Ахаж органдарында бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?

23-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі

1. Тіркеуші органдарда бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) - азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін шешім шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеген жер бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.

2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген соттың шешімі сот шешімі шығарылған жер бойынша не ерлі-зайыптылардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатады.

Ерлі-зайыптылар алдындағы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы куәлік алғанға дейін жаңадан некеге (ерлі-зайыптылыққа) отыруға (тіркелуге) құқылы емес.

40. Сот тәртібімен бұзылған неке қай кезден бастап тоқтатылды деп есептелінеді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]