Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Semeynoe_2_List.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.19 Кб
Скачать

1) Әртүрлі халықтардағы әртүрлі кезең бойынша некенің рәсімделуіне мысал келтірініз.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей,

«Коутоу» дәстүрі аңызға айналған Хуан-ди патшаның билік еткен тұсында бастау алған еді. Сол заманда бұл дәстүр патшалармен амандасқан кезде және неке қию, үйлену сияқты салттарда қолданылған. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп, оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.

Ал Корей халықтары ерлі-зайыпты неке куәліктерін қолдарына алғаннан кейін, жігіттің ата-анасының алдына барып, қыз бен жігіт тізерлеп отырып бастарын сәждеге дейін апарып, иіледі.Мұнымен ата-анаға деген құрмет білдірсе керек.

Ғибадатханаға тек екі жастың ең жақын туыстары ғана бірге еріп кіре алады. Екі жас ғибадатханаға кірген бойда төрге қарай жүреді. Оларға күрішке толы ыдыстар, кептірілген балдырлар мен күріш арағы «сакэ» ұсынылады. Кото ұлттық аспабында бір абыз ән айтса, бірі қағаздан жасалған гүлдері бар таяқшамен жын-перілерді қашырады. Жас жұбайлар үш мәрте сакэден ұрттаған соң, оны туыстарына ұрттауға береді. Осы мен рәсім аяқталады. Ғибадатханаға әуелі қалыңдық кіреді, ал шыққанда күйеуінің соңынан еріп шығады. Буддистік рәсімнің синтаистіктен еш айырмашылығы жоқ. Дәстүрлі рәсімдерден соң, қалыңдық еуропалық сәндегі той көйлегін кисе, жігіт те кимононы костюмге ауыстырады. Содан кейін олар католик шіркеуіне кіріп, христиандік неке қию рәсіміне көшеді.

Түркияда неке қию салтанатында туған-туысқандар алтын әшекей-бұйымдарды сыйға тартса, Малайзияда жас жұбайларға неке рәсімі кезінде піскен жұмыртқа сыйлау дәстүрі бар. Наным бойынша, жұмыртқа жаңа шаңыраққа байлық пен бақ әкеледі. Сондай-ақ, үйлену тойы кезінде жас жұбайлар бір-бірлеріне гүлдермен безендірілген жеміс-жидектерге толы шара сыйлайды.

2)«Некенің жасалуын мемлекеттік тіркеу » түсінігіне не жатады?

Тіркеуші органдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі

3)Некені мемлекеттік тіркеудің тәжірибелік маңызы неде?

Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізеді.

2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеп бойынша тіркеуші органға келе алмайтын жағдайда, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу оның үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

3. Тіркеуші органның лауазымды адамы:

1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіргені туралы берілген өтініштерді жария етеді;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;

4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқ екендігін анықтайды;

5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті тапсырады.

4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қолы қойылған және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен бекітілген неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі.

5. Егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін растайтын айғақтары болса, тіркеуші орган неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]