
- •2Гераклдың екінші ерлігі қалай аталды? Және осы ерліктің бүгінгі күнгі тарихи шындықпен байланысы бар ма?
- •3.Гераклдың қиындықтар мен бақытсыздықтарға тап болу себебі неде? Оған қай құдайдың ықпалы көп болды?
- •4.Демосфен - оратор ғалым.
- •5.Гераклдың тоғызыншы ерлігін қысқаша сюжетін мазмұндаңыз.
- •6.Ежелгі гректер фреска деп нені атаған?
- •7.Ең алғашқы жазу құралы не болды?
- •8.Көне гректердегі стиль сөзінің мәні қандай болды?
- •9.Троялықтар мен гректер арасындағы он жылға созылған соғыс ненің салдарынан болды?
- •10.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ой толғаңыз.
- •11.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •12.Гомердің «Одиссейдің басынан кешкендері» поэмасындағы негізгі оқиға не болды?
- •13.Гомердің «Илиада» поэмасында қандай тарихи оқиға және оның тарихи оқиға екендігін дәлелдеген жырланды ғалым, археолог кім еді?
- •14.Грек мифологиясының тарихи маңызы қандай?
- •15Гомер поэмасындағы тарихи оқиға мен грек мифологиясы арасында байланыс бар ма?
- •16Цицерон - оратор, адвокат.
- •17.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, мазмұнын баяндаңыз.
- •18.«Ахиллестің өкшесі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •19.Гераклдың екінші ерлігі қандай болды, тарқатып жазыңыз.
- •20.«Сизиф еңбегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •21.Гераклдың төртінші ерлігінің қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •22.Грек мифологиясындағы тоғыз музаны тарқатып жазыңыз.
- •23.«Бүлік алмасы» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •24.Гераклдың алтыншы ерлігінің басқа ерліктерінен қандай айырмашылығы бар.
- •25.«Ариадна жібі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •26.«Прокрусттың төсегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •27.Ежелгі гректер «библос» деп нені атады? Ежелгі гректер «библос» деп папирус қағазын атады.
- •28.Гомердің «Илиада», «Одиссей» поэмасына кірмей қалған мифтер қалай аталды? Себебі? Тарқатып жазыңыз.
- •29.«Авгийдің атқорасы» тіркесі бүгінгі таңда қолданыста бар ма, қандай мағынада жұмсалады деп ойлайсыз?
- •30.Қара түнек Аид патшалығында әділдік бар ма? Бар болса немен дәлелдейсіз?
- •31.Қара түнек Аид патшалығының бүгінгі өнер саласымен (кино, әдебиет) байланысы бар ма?
- •32.Полифемге өзін «Ешкіммін» деп таныстырған кейіпкер кім еді және оның әрі қарайғы тағдыры қалайша өрбіді. Толықтырыңыз.
- •33.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ойтолғаңыз.
- •34.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •35.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар жөнінде әңгімелеңіз.
- •36.Кикондар мен лотофагтар туралы не білесіз?
35.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар жөнінде әңгімелеңіз.
Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар-тағдыр құдайлары мойралар. Олар да Олимпте тұрады. Тағдыр адамдарды да, құдайларды да билейді.Қатал тағдырдың құрығынан ешкім де қашып құтыла алмайды. Құдайлар мен адамдардың пешенесіне жазылып қойылған нәрсені өзгерте алатын күш те, өкімет те жоқ. Тағдырдың әмірін жалғыз мойралар ғана біледі. Мойра Клото адам өмір жолының жібін тоқып, оның өмірінің ұзақтығын анықтап отырады. Жіп үзілсе-өмірдің де үзілгені. Мойра Лахесис әр адамның пешенесіне жазылып қойылған жеребені, оған көз салмастан, суырып отырады.Мойралар белгілеген тағдырды ешкім де өзгерте алмайды, өйткені үшінші мойра Атропос әр адам үшін өз апа- сіңлілері белгідеген нәрсенің бәрін ұзыннан ұзақ тізімге енгізіп отырады, ал тағдыр тізіміне енген нәрсе- болмай қоймайды. Ұлы,қатігез мойралар аяушылық дегенді білмейді.
36.Кикондар мен лотофагтар туралы не білесіз?
Бұл Одиссей батырдың және оның серіктерінің басынан өткен оқиғаларының бірі. «Біз Троя қаласының жағалауынан кемемен жүзіп кеттік»,-деп бастайды Одиссей әңгімесін. « Жүзіп отырып, кикондардың жеріне де жеттік. Олардың қаласы Исмарды басып алдық. Барлығын жойып, әйелдерін құлдыққа алдық, ал қаланы жермен жексен еттік. Осы кезде кейбір қашып кеткендер аралдағы кикондарды жинап, бізге шабуыл жасады. Олардың саны ағаштағы жапырақтардай, алаңда өсіп тұрған гүлдердей көп еді. Біз көп айқастық. Ақыры қашып тындық. Әр кемеден алты адамнан жоғалттық. Бір жағынан қайтыс болғандарды жоқтасақ, бір жағынан өзіміздің аман ұалғанымызға қуандық. Сөйтіп теңізге қайта шықтық. Найзағай құдайы- Зевс бізге қаһарын шашты. Жолымыздан адастық. Әрең дегенде, оныншы күні бір аралға келдік. Бұл арал лотофагтардікі еді. Жағалауда от жағып тамақ ішпекші болдық. Лотофагтар бізді жақсы қарсы алып,тәтті лотос жегізеді. Лотостың бәрін ұмыттыратын қасиетті күші бар еді. Мұны білген мен жолсеріктерімді кемеге байлап отырғызып, жүріп кеттік.
37.Грек мифологиясындағы циклоптардың біздің қазақ ертегілеріндегі дәулермен ұқсастығы бар ма?
Грек мифологиясындағы циклоптардың біздің қазақ ертегілеріндегі дәулермен ұқсастығы бар. Өйткені циклоптар дәулер сияқты үлкен, бір көзді және үңгірде тұрады. Көптеген ертегілерімізде дәу сияқты кейіркерлер де бар. Олар кейде жақсы, кейде жаман, бірде аңқау, бірде айлакер болып келеді.
38.Сиреналардың адам баласына әкелер азабы қандай болды. Сиреналар аралын суреттеңіз.
Сиреналар туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның бірі Гомердің әйгілі «Одиссея» поэмасы. Поэмада Одиссейдің өзінің серіктерінің құлағын бітеп, өзін діңгекке байлап тастауын өтінеді. Өйткені сиреналар өздерінің әдемі дауыстарымен адамдарды арбап, кейін оларды қатты қинап өлтірген. Сондықтан да сиреналар аралының жағалауы аппақ болып адам сүйектеріне толып жататын.
39.Одиссейдің күйеу жігіттерден кек алуы дұрыс деп ойлайсыз ба? Одиссей қатты ашумен қаланың белгілі жастарын өлтірді. Мұны бейбіт жолмен шешуге болар ма еді? Өз ойыңыз.
Менің ойымша болар еді. Одиссей бұл жерде тым қаталдық көрсетті. Бірақ бір жағынан қарасақ, егер Одиссей оларды өлтірмесе, күйеужігіттердің Одиссейді тірі қалдыратынына ешкім кепіл бола алмайды ғой....
40.«Одиссей» жырындағы қала тұрғындарының көтерілісі және олардың Одиссеймен татуласуын баяндаңыз.
Одиссей батыр көп қиындықтан өтті. Соңында күйеусымақтарды өлтіріп, өз жанұясымен табысып, сағынышын басады. Бірақ Одиссейді тағы бір қиындық тосып тұр еді. Ол- күйеужігіттердің туыстарының азғыруымен Одиссейге қарсы шыққан қала халқы еді. Бұл жолы да Одиссейге әрқашан қиын кезде келетін Афина-Паллада көмекке келіп, Итака тұрғындарының қырғын болып, қан төгілмей тұрғанда тез тарап кетуін талап етеді. Көктен әйел-құдайдың өктем дауысын естіген адамдардың зәресі ұшып,жерге жата қалады. Өздерінің құдайларға қарсы әрекет жасап, күнәһар болудың сәл-ақ алдында тұрғанын түсінген кезде, кері қарай қашады. Сонымен Афина-Паллада қала халқы мен патша Одиссейдің арасында татулық орнатып, мәңгілік бейбітшілік, бақытты ғұмыр сыйлайды.