
- •2Гераклдың екінші ерлігі қалай аталды? Және осы ерліктің бүгінгі күнгі тарихи шындықпен байланысы бар ма?
- •3.Гераклдың қиындықтар мен бақытсыздықтарға тап болу себебі неде? Оған қай құдайдың ықпалы көп болды?
- •4.Демосфен - оратор ғалым.
- •5.Гераклдың тоғызыншы ерлігін қысқаша сюжетін мазмұндаңыз.
- •6.Ежелгі гректер фреска деп нені атаған?
- •7.Ең алғашқы жазу құралы не болды?
- •8.Көне гректердегі стиль сөзінің мәні қандай болды?
- •9.Троялықтар мен гректер арасындағы он жылға созылған соғыс ненің салдарынан болды?
- •10.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ой толғаңыз.
- •11.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •12.Гомердің «Одиссейдің басынан кешкендері» поэмасындағы негізгі оқиға не болды?
- •13.Гомердің «Илиада» поэмасында қандай тарихи оқиға және оның тарихи оқиға екендігін дәлелдеген жырланды ғалым, археолог кім еді?
- •14.Грек мифологиясының тарихи маңызы қандай?
- •15Гомер поэмасындағы тарихи оқиға мен грек мифологиясы арасында байланыс бар ма?
- •16Цицерон - оратор, адвокат.
- •17.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, мазмұнын баяндаңыз.
- •18.«Ахиллестің өкшесі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •19.Гераклдың екінші ерлігі қандай болды, тарқатып жазыңыз.
- •20.«Сизиф еңбегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •21.Гераклдың төртінші ерлігінің қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •22.Грек мифологиясындағы тоғыз музаны тарқатып жазыңыз.
- •23.«Бүлік алмасы» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •24.Гераклдың алтыншы ерлігінің басқа ерліктерінен қандай айырмашылығы бар.
- •25.«Ариадна жібі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •26.«Прокрусттың төсегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •27.Ежелгі гректер «библос» деп нені атады? Ежелгі гректер «библос» деп папирус қағазын атады.
- •28.Гомердің «Илиада», «Одиссей» поэмасына кірмей қалған мифтер қалай аталды? Себебі? Тарқатып жазыңыз.
- •29.«Авгийдің атқорасы» тіркесі бүгінгі таңда қолданыста бар ма, қандай мағынада жұмсалады деп ойлайсыз?
- •30.Қара түнек Аид патшалығында әділдік бар ма? Бар болса немен дәлелдейсіз?
- •31.Қара түнек Аид патшалығының бүгінгі өнер саласымен (кино, әдебиет) байланысы бар ма?
- •32.Полифемге өзін «Ешкіммін» деп таныстырған кейіпкер кім еді және оның әрі қарайғы тағдыры қалайша өрбіді. Толықтырыңыз.
- •33.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ойтолғаңыз.
- •34.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •35.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар жөнінде әңгімелеңіз.
- •36.Кикондар мен лотофагтар туралы не білесіз?
30.Қара түнек Аид патшалығында әділдік бар ма? Бар болса немен дәлелдейсіз?
Жердің астында, тереңде, Зевстің без бүйрек, сұсты ағасы Аид патшалық құрған.Патшалықтың шығар есігін мойнында жыландар ысылдар жүретін, үш басты Кербер төбет күзетеді. Өлгендердің аруағын тасымалдайтын қарт Харон ешкімді де қайтадан жер бетіне апарып тастамайды. Бұл патшалықтың әміршісі Аид әйелі Персефонамен бірге алтын тақта отырады. Оған аяушылық дегенді білмейтін кекшіл әйел құдайлар эриниялар қызмет етеді.Жүздері қаһарлы, қолдарына қамшы мен жылан ұстаған олар қылмыстың қыр соңынан қалмай қудалайды; олар күнәһарға бір минут та тыныштық бермейді;ар-ұяттың азабымен қинайды. Бұл патшалықта Минос пен Радамант, Танат, сұсты Керлер, Геката құдай-әйел,Эмпус және өзі сұлу, өзі жас Гипнос та осы жерде өмір сүреді. Негізінен алып қарасақ, Аид патшалығыда рақымшылдық, аяушылық жоқ. Бірақ, күнәһарлар өздеріне тиесіліні ғана көреді. Сондықтан да әділдік жартылай бар деп ойдаймын. Әрине, жазықсыз адамдарды өлтіруі дұрыс емес.
31.Қара түнек Аид патшалығының бүгінгі өнер саласымен (кино, әдебиет) байланысы бар ма?
32.Полифемге өзін «Ешкіммін» деп таныстырған кейіпкер кім еді және оның әрі қарайғы тағдыры қалайша өрбіді. Толықтырыңыз.
Полифемге өзін «Ешкіммін» деп таныстырған кейіпкер Одиссей. Гомер өзінің «Одиссея» поэмасында Одиссей батыр мен оның серіктерінің басынан кешкенін суреттейді. Одиссей батыр мен оның серіктері циклоптар аралына кемемен жүзіп келеді. Аралға келіп жабайы ешкілерді аулап, қарын тойдырып, әлденіп алған Одиссей қасына 12 сенімді серігін ертіп, ең қаһарлы циклоп Полифемнің үңгіріне келеді. Үңгір ішіндегі себеттерді ірімшікті, қозы-лақтардың семізін алып, кемеге қайтайық деген достарының сөзін тыңдамай Полифемді өз көзімен көруге бел буады. Бірақ Полифем олардың 6 адамын жеп қояды. Одиссей қулық ойлап, Полифемнің көзін ойып алып, өзі және серіктері аман құтылады.
33.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ойтолғаңыз.
Зевстің әйелі құдай Гера некеге қамқорлық жасап,қиылған некенің пәктігін мен беріктігін қорғап отырады. Ол ерлі-зайыптыларға үбірлі-шүбірлі ұрпақ беріп, бала туған кезде анаға шапағатын тигізеді. Гера құдай өте әдемі,ақылды,қуатты және ол да Зевс құдай сияқты найзағайға әмір береді. Көбіне Гера Зевспен келіспей қалады. Және де Зевстің көңілдестері мен олардан туған балаларға күн көрсетпейді. Мысалы айтар болсақ, Ионы сиырға айналдырып жіберді;нимфа Эхоға қарғыс жіберді; аяғы ауыр Летоға жерде босануға мұрша бермейді; нимфа Каллистоны аюға айналдырып жіберген. Соның ішінде Зевстің Алкменадан туған баласы Гераклды ерекше жек көріп, оған жіберген ауыртпалықтары мен қарғыстары аңызда ерекше орын алады. Гераның бұл әрекеттері қызғаныштан туды.
34.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
Зевс құдай Крон мен Реядан туған бала. Оның ағайындарын әкесі Крон өзіне қарсы шығуы мүмкін деген қорқынышпен біртіндеп жұтып отырды. Анасы Рея енді соңғы баласынан айырылғысы келмеді. Ата-анасы Уран-Аспан мен Гея-Жердің кеңесі бой-ша ол Крит аралына кетіп қалып, сол жерде, терең үңгірде ұлы Зевсті босанды. Осы үңгірде Рея оны қатігез әкесінен жасырып қалды. Кронға ұлының орнына, жөргекке оралған ұзын сопақ тасты жұтуға береді. Крон алданып қалғанын сезген жоқ. Ал Зевс бұл кезде Критте өсіп жатты. Хор қыздары Адрастея мен Идея кішкентай Зевсті мәпелеп күтіп бақты. Олар оны құдіретті ешкі Амалфеяның сүтімен асырады. Аралар Зевске биік Дикта тауының бөктерлерінен бал жеткізіп тұрды. Зевс өсіп, ер жетіп келе жатты. Ол өз әкесіне қарсы бас көтеріп, жұтып қойған балаларын қайтадан жарық дүниеге келтіруге мәжбүр етті. Олимпиалық құдайлар Олимп тауында билік жүргізіп отырды. Олардың ішінде ең құдіреттісі- Зевс болды.