Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvet_3_list_1-40.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.63 Кб
Скачать

15Гомер поэмасындағы тарихи оқиға мен грек мифологиясы арасында байланыс бар ма?

Одиссией мен Илиада туралы жаз. Бар болса мысал арқылы дәлелдеңіз.

16Цицерон - оратор, адвокат.

Шамамен б.з.б. 106-43 жж. Болашақ адвокат, мемлекет қайраткері, талантты жазушы және шешендік өнердің атасы Марк Туллий Цицерон б.з.б. 106 жылы 3 қаңтарда Римнің оңт-шығ.орналасқан Арпин қаласында «салт аттылар» сословиесіне жататын отбасында дүниеге келді. Цицеронның атақ-лауазымдары: претор,квестор. Өз еліне көп еңбегі сіңген мемлекет қайраткері. Цицеронды өлтірген Антоний. Цицерон 800-ге жуық хат, сот процесі, 58 сөз, грек тілінде 1000-ға жуық хаты сақталмаған.

17.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, мазмұнын баяндаңыз.

Адамға да, малға да шабуыл жасап, тыныштық бермей, қатты қола қауырсындарын жебе сияқты көктен лақтырып, мыс тырнақтарымен жіне тұмсықтарымен қырып отырған, Стимфал қаласының маңын мекендеген құстарды Афина-Паллада берген екі тимпанды даңғырлата соғып қорқытып, ұшқан құстарды садақпен атып, өлтіріп отырды.

18.«Ахиллестің өкшесі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.

Адам бойындағы ең осал жер.Бұл аңыз рим ақыны Гигин жазып кеткен. Аңыз бой-ша Ахиллестің анасы Фетида баласының денесін қасиетті Стикс өзеніне малып алады. Тек баланың өкшесі ғана суға тимей қалады. Уақыт келе Ахиллес сол өкшесінен жараланады. Садақты атқан Парис еді.

19.Гераклдың екінші ерлігі қандай болды, тарқатып жазыңыз.

Гераклдың екінші ерлігі: Немей арыстаны секілді Тифон мен Ехиднадан жаралған, жылан денелі,тоғыз айдаһар басты, Лерн қаласының маңын мекендеп, малдың бәрін жалмап біткен, тоғыз басының біреуі ешқашан өлмейтін Лерн айдаһарын өлтіріп, мәңгі өлмейтін басын жерге көміп, үстін жартаспен басып тастайды. Ал денесін қақ жарып, өтін суырып алады да, айдаһардың улы өтіне жебесін батырып алады. Осыдан бастап, Гераклдың жебесі тиген адам, мәңгілік жазылмайды.

20.«Сизиф еңбегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.

Бұл тіркестің мағынасы – нәтижесі жоқ еңбек.

21.Гераклдың төртінші ерлігінің қысқаша сюжетін баяндаңыз.

Мүйіздері алтын, аяқтары мыс ғажайып сұлу, желдей жүйткитін, Артемида құдайдың бұғысын егістік алқаптарын таптап кеткендігі үшін аяғынан жарақаттап, ұстап алып, Микеныға Эфрисфейге әкеледі.

22.Грек мифологиясындағы тоғыз музаны тарқатып жазыңыз.

II ғасырда Геродоттың «Тарихын» 9 кітапқа бөліп, оның әрқайсысына 9 музаның атын берді. Ежелгі гректерде Зевс пен есте сақтау қабілетінің құдайы Мнемозинаның ғылым мен өнерді жақтатын қыздары- музалар деп аталды. Атап айтар болсақ, Каллиопа- эпикалық поэзия музасы;Эфтерпе-лирика; Эрато- махаббат әндері,Мельпомена- трагедия; Талия- комедия, Терпсихора- би; Клио- тарих; Урания- астрономия; Полигимния- қасиетті гимндер музасы.

23.«Бүлік алмасы» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.

Бұл тіркестің мағынасы бүлік, ұрыс-керіс, дау-дамай шығару. Аңыз бой-ша батыр Пелей мен теңіз құдайы Фетида некелесіп, олар ұлан-асыр той жасайды. Тойға барлық құдайлар шақырылады,тек қана шақырылмай қалған дау-жанжал мен ұрыс-керістің құдайы Эрида болатын. Себебі ешбір құдай оның келгенін қаламайды. Эрида ештеңені сезбей тойға дайындалып жүреді. Той күні өзінің шақырылмағанын білген ол кек алғысы келеді. Той ортасында ешкімге байқатпай келіп, стол үстіне қызыл алманы домалатып жібереді. Алмада «ең әдемі әйелге» деген жазу болады. Тойға жиналған барлық әйелдер алмаға таласа бастайды. Соңында беріспеген үш әйел құдай: отбасы мен неке құдайы – Гера, махаббат пен сұлулықтың құдайы – Афродита, қалаларды қорғаушы, батыр құдай – Афина болды. Олар бұл таласты шешу үшін Зевс құдайға барады. Ол бұл таласты шеше алмаймын деп, үшеуін Приамның ұлы бақташы Париске жібереді. Парис алманы Афродитаға береді. Себебі ол Париске жер бетіндегі ең сұлу әйелдің махаббатын сыйлаймын дейді. Қатты ренжіген Гера мен Афина бар қаһарын Троя қаласына жібереді. Нәтижесінде Троя қаласы жермен жексен болаы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]