Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvet_3_list_1-40.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.63 Кб
Скачать

11.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.

Зевс құдай Крон мен Реядан туған бала. Оның ағайындарын әкесі Крон өзіне қарсы шығуы мүмкін деген қорқынышпен біртіндеп жұтып отырды. Анасы Рея енді соңғы баласынан айырылғысы келмеді. Ата-анасы Уран-Аспан мен Гея-Жердің кеңесі бой-ша ол Крит аралына кетіп қалып, сол жерде, терең үңгірде ұлы Зевсті босанды. Осы үңгірде Рея оны қатігез әкесінен жасырып қалды. Кронға ұлының орнына, жөргекке оралған ұзын сопақ тасты жұтуға береді. Крон алданып қалғанын сезген жоқ. Ал Зевс бұл кезде Критте өсіп жатты. Хор қыздары Адрастея мен Идея кішкентай Зевсті мәпелеп күтіп бақты. Олар оны құдіретті ешкі Амалфеяның сүтімен асырады. Аралар Зевске биік Дикта тауының бөктерлерінен бал жеткізіп тұрды. Зевс өсіп, ер жетіп келе жатты. Ол өз әкесіне қарсы бас көтеріп, жұтып қойған балаларын қайтадан жарық дүниеге келтіруге мәжбүр етті. Олимпиалық құдайлар Олимп тауында билік жүргізіп отырды. Олардың ішінде ең құдіреттісі- Зевс болды.

12.Гомердің «Одиссейдің басынан кешкендері» поэмасындағы негізгі оқиға не болды?

«Одиссея» поэмасы «Илиаданың» жалғасы, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. «Илиада» секілді «Одиссея» да 24 кітапқа бөлінген. Бірақ оның құрылысы «Илиадамен» салыстырғанда күрделірек, оның үстіне «Илиада» жырында оқиға сюжетті бірізді келсе, «Одиссеяның» әңгімесі оқиғаның ортасынан басталады. Гомер «Одиссея» поэмасында Итака сарбаздарының 12 кемемен жағалаудан жүзіп шыққаннан кейінгі оқиғадан баяндаған.Геллеспонттың жағалауын артқа тастаған Итака патшасы, қалаларды қиратқыш, алпыс екі айлалы Лаэрттың ұлы Одиссей отанына қайтар жолда өзінің сарбаздарымен шытырман оқиғалар баяндалады.

13.Гомердің «Илиада» поэмасында қандай тарихи оқиға және оның тарихи оқиға екендігін дәлелдеген жырланды ғалым, археолог кім еді?

«Илиада» поэмасы гекзаметр үлгісімен жазылған туынды. Оны жазған-Гомер. «Илиада» Троя сұрапылы туралы үлкен поэма.

14.Грек мифологиясының тарихи маңызы қандай?

Ежелгі грек мифтері төңірлік әрекеттер туралы баяндаса, ішінара ғажайып батылдық дарыған әр алуан ерлі-зайыпты Құдайлар ұрпағы болып есептелетін қаһармандардың ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған. Бұл бағзы хикаялар мен аңыздарды римдіктер де пайдаланған. Жаңа дәуірде ол хикая-аңыздар ежелгі грек мифологиясы дейтін ортақ атаққа ие болды. Басқа да ежелгі заман халықтарының аңыздары мен хикаялары сияқты, ежелгі грек мифтері де уақыт өткен сайын біртіндеп пайда болған. Табиғи және қоғамдық ортаның құбылыстарын өзінше бейнелеп, хикаялармен толықтырыла отырып, эпикалық поэмалар ("Илиада", "Одиссея", "Теогония", т.б.) фабуласына көтерілген. Грек мифологиясының тарихи маңызы аса зор. Өйткені гректердің тұрмысы, әдет-ғұрыптары,саяси белсенділіктері бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Б.з.д. болған мәдениет, әдебиет, т.б. қазба жұмыстарынан табылған заттар құнсыз. Ақын-зерттеушілердің жазып кеткендері, соғыс туралы, осының бәрінің бағасы жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]