
- •2Гераклдың екінші ерлігі қалай аталды? Және осы ерліктің бүгінгі күнгі тарихи шындықпен байланысы бар ма?
- •3.Гераклдың қиындықтар мен бақытсыздықтарға тап болу себебі неде? Оған қай құдайдың ықпалы көп болды?
- •4.Демосфен - оратор ғалым.
- •5.Гераклдың тоғызыншы ерлігін қысқаша сюжетін мазмұндаңыз.
- •6.Ежелгі гректер фреска деп нені атаған?
- •7.Ең алғашқы жазу құралы не болды?
- •8.Көне гректердегі стиль сөзінің мәні қандай болды?
- •9.Троялықтар мен гректер арасындағы он жылға созылған соғыс ненің салдарынан болды?
- •10.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ой толғаңыз.
- •11.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •12.Гомердің «Одиссейдің басынан кешкендері» поэмасындағы негізгі оқиға не болды?
- •13.Гомердің «Илиада» поэмасында қандай тарихи оқиға және оның тарихи оқиға екендігін дәлелдеген жырланды ғалым, археолог кім еді?
- •14.Грек мифологиясының тарихи маңызы қандай?
- •15Гомер поэмасындағы тарихи оқиға мен грек мифологиясы арасында байланыс бар ма?
- •16Цицерон - оратор, адвокат.
- •17.Гераклдың үшінші ерлігі қалай аталды, мазмұнын баяндаңыз.
- •18.«Ахиллестің өкшесі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •19.Гераклдың екінші ерлігі қандай болды, тарқатып жазыңыз.
- •20.«Сизиф еңбегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •21.Гераклдың төртінші ерлігінің қысқаша сюжетін баяндаңыз.
- •22.Грек мифологиясындағы тоғыз музаны тарқатып жазыңыз.
- •23.«Бүлік алмасы» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •24.Гераклдың алтыншы ерлігінің басқа ерліктерінен қандай айырмашылығы бар.
- •25.«Ариадна жібі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •26.«Прокрусттың төсегі» тіркесінің мәні неде, тарқатып жазыңыз.
- •27.Ежелгі гректер «библос» деп нені атады? Ежелгі гректер «библос» деп папирус қағазын атады.
- •28.Гомердің «Илиада», «Одиссей» поэмасына кірмей қалған мифтер қалай аталды? Себебі? Тарқатып жазыңыз.
- •29.«Авгийдің атқорасы» тіркесі бүгінгі таңда қолданыста бар ма, қандай мағынада жұмсалады деп ойлайсыз?
- •30.Қара түнек Аид патшалығында әділдік бар ма? Бар болса немен дәлелдейсіз?
- •31.Қара түнек Аид патшалығының бүгінгі өнер саласымен (кино, әдебиет) байланысы бар ма?
- •32.Полифемге өзін «Ешкіммін» деп таныстырған кейіпкер кім еді және оның әрі қарайғы тағдыры қалайша өрбіді. Толықтырыңыз.
- •33.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ойтолғаңыз.
- •34.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың дүниеге келуі туралы әңгімелеңіз.
- •35.Найзағай патшасы, «құдайлардың құдайы» атанған Зевтың өзі сескеніп, қорқып, қаймығып жүретін қатал қатігез құдайлар жөнінде әңгімелеңіз.
- •36.Кикондар мен лотофагтар туралы не білесіз?
1.Гераклдың 12 ерлігі бар екені белгілі. Соның әрқайсысы өліммен бетпе-бет келумен пара-пар еді. Соны Гераклдың ерліктері деп атаумен келісесіз бе? Сіз өз тәжірибеңізде қалай атап, қалай түсіндірер едіңіз?
Әрине Гераклдың 12 ерлігін ерлік деп атауға болады. Арыстанды, айдаһарды, Стимфал құстарды,қабанды жеңу оңай емес. Алтыншы, жетінші және басқа да ерліктерінде де тек қара күш емес, сонымен қатар ақыл, тапқырлық та керек болды.
2Гераклдың екінші ерлігі қалай аталды? Және осы ерліктің бүгінгі күнгі тарихи шындықпен байланысы бар ма?
Гераклдың екінші ерлігі: Немей арыстаны секілді Тифон мен Ехиднадан жаралған, жылан денелі,тоғыз айдаһар басты, Лерн қаласының маңын мекендеп, малдың бәрін жалмап біткен, тоғыз басының біреуі ешқашан өлмейтін Лерн айдаһарын өлтіріп, мәңгі өлмейтін басын жерге көміп, үстін жартаспен басып тастайды. Ал денесін қақ жарып, өтін суырып алады да, айдаһардың улы өтіне жебесін батырып алады. Осыдан бастап, Гераклдың жебесі тиген адам, мәңгілік жазылмайды.
3.Гераклдың қиындықтар мен бақытсыздықтарға тап болу себебі неде? Оған қай құдайдың ықпалы көп болды?
Гераклдың қиындықтар мен бақытсыздықтарға тап болу себебі Гера құдайдың жіберген қарғыстары еді. Гераның бұлай қаһарын Гераклға жабу себебі Зевстің Алкменаға Амфитрон кейпінде келіп, оған егіз бала туғызуында еді.
4.Демосфен - оратор ғалым.
Демосфен б.з.б. 384 жылы Афины қаласындадүниеге келді. Және б.з.б. 322 жылы Афиныда қайыс болған. Өз ұлтын ерекше сүйген, өз елінің тәуелсіздігі жолында бар ғымырын арнаған, Афинының мемлекет қайраткері, ұлы шешен. Исей, Платон, Сократ сияқты қайраткерлерден тәлім алған. Демосфен өте көп білім алған. Бірақ ол өте ақырын сөйлейтін, тілге шорқақ, иығын қозғалта беретін әдеті болған. Бірақ соған қарамастан ол мұның бірін жеңіп мықты шешен болады. Ол өмір сүрген уақыт грек жерін македондықтар жаулып алған, әуелі филипп патшаны одан соң баласы Александрдың билігімен тұспа-тұс келді. Демосфер Посейдон храмында у жұтып өледі. Осылай жасап ол Архий мен оның жасағына тірідей берілмейді.
5.Гераклдың тоғызыншы ерлігін қысқаша сюжетін мазмұндаңыз.
Гераклдың тоғызыншы ерлігі: амазонкалар-жаугерші-әйелдер еліне барып, амазонкалар патшасын Ипполитаға соғыс құдайы Арестің өзі сыйға тартқан белдікті Эфрисфейдің қызы Адметаға әкеліп береді.
6.Ежелгі гректер фреска деп нені атаған?
7.Ең алғашқы жазу құралы не болды?
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
8.Көне гректердегі стиль сөзінің мәні қандай болды?
9.Троялықтар мен гректер арасындағы он жылға созылған соғыс ненің салдарынан болды?
Оған шын мәнінде тек қана бір-біріне ғашық болған Елена сұлу мен Парис қана кінәлі ме? Өз ойыңыз. Менің ойымша, соғыстың болуы тек қана Парис пен Еленаның махаббаты емес. Негізіне келер болсақ, Еленаны Париске ғашық қылдырған Афродита құдай еді. Ал Афина мен Гера әйел-құдайлардың жібнрген қарғысы Троя қаласының қирауына әкелді.
10.Зевтың әйелі әрі әпкесі болған, неке және отбасының құдайы Гераның барлық іс-әрекетін құптайсыз ба, соның ішінде Геракл тағдырына қатысты ой толғаңыз.
Зевстің әйелі құдай Гера некеге қамқорлық жасап,қиылған некенің пәктігін мен беріктігін қорғап отырады. Ол ерлі-зайыптыларға үбірлі-шүбірлі ұрпақ беріп, бала туған кезде анаға шапағатын тигізеді. Гера құдай өте әдемі,ақылды,қуатты және ол да Зевс құдай сияқты найзағайға әмір береді. Көбіне Гера Зевспен келіспей қалады. Және де Зевстің көңілдестері мен олардан туған балаларға күн көрсетпейді. Мысалы айтар болсақ, Ионы сиырға айналдырып жіберді;нимфа Эхоға қарғыс жіберді; аяғы ауыр Летоға жерде босануға мұрша бермейді; нимфа Каллистоны аюға айналдырып жіберген. Соның ішінде Зевстің Алкменадан туған баласы Гераклды ерекше жек көріп, оған жіберген ауыртпалықтары мен қарғыстары аңызда ерекше орын алады. Гераның бұл әрекеттері қызғаныштан туды.