Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvet_2_list_1-_40_surak.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.06 Кб
Скачать

1.Классикалық филологияның зерттеу обьектісіне тоқтала отырып, талдау жасаңыз.

Филология (грек,philologiaсөзге кұмарлык) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалык жағынан талдау аркылы адамзаттын рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б. гуманитарлык пәндердің жиынтығы мәтін Филологиянын алғашкы накты негізі болды, онын дамуына философияелеулі ыкпал етті. Филологиянын ішкі кұрылымы екі жакты карама-карсылыкка негізделген: бір жағында — накты мәтіннің карапайым кызметі, екінші жағында — шегі дәл белгісіз онын жалпы кызметі. Mәдениеттін өзін-езі тануына кызмет ете отырып, Филология жазу өркениетінін неғұрлым толыскан шағында пайда болған. Таяу Шығыстын өте жоғары көне мәдениеті тіпті Филологияны білмеген, ал батыс еуропалык орта ғасырда да ол жоғары сатыда болмаған. Ежелгі Үнді мен Грецияда Филология дүниетанымдык рефлексияның ойлау мен сөйлеуге катысы тұрғысынан зерттелген. Филологиянын жоғарылауы дүниетанымдык ойдын ұлы дәуірлерімен (Аристотельденкейінгі эллинистік әлемде, Р. Декарттан кейінгі 17 ғ-дағы Еуропада, И. Канттан кейінгі 19 ғ.-дағы Германияда) сәйкес келіп отырады. Неміс филологі Ф. А. Вольф "Филология" терминін колданыска енгізді, 19 ғ,- дағы неміс филологтерінін (Г. Узенер, Э. Роде т. б.) аркасында көне тарихтан Филология бөлініп шыкты. Сол кезде романтизм және баска идеялыкағымдардыңәсерімен классикалык Филологиямен бірге "жана филология", онын түрлері германтану (ағайынды Я. және В. Гриммдер), славянтану (А. X. Востоков, В. Ганка) және шығыстану пайда болды. Бірак кейін тіл білімі, әдебиеттану, тарих т. б. салалар бір кездегі біртүтас тарих-филология ғылымынан бөлініп шыкканына карамастан, Филология баспасездің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сактап келеді. Казіргі заманда гуманитарлык білімді математика сиякты формалдандыруға тырысушылык басым. Математиканын накты әдістері Филологиянын шеткі салаларында ғана колданылуы мүмкін, бірак онын негізгі мәніне эсер ете алмайды.

2.Көне гректер мен римдіктердің әдет-ғұрпы, діни түсінігі, тұрмыс-тіршілігі қандай болды, оның біздің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен үндес келетін тұстары бар ма?

Грек: Ежелгі грек тілінің лексикасы, латын тілімен қатар қазіргі ғылым мен ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына негіз болды. Жаңа грек окйнесі оңтүстік диалектілердің негізінде құрылып, 18-19 ғғ. қалаларда кеңінен таралды. Койнеден басқа жаңа грек тілінде 4 диалект ерекшеленеді: понтийлік, каппадокийлік (понтийлікке жақын, бірақ түрік тілінің күшті әсеріне ұшыраған), цакондық, төменгі италийлік. Діни сенімдері – православиелік. Гректер үлкен европеоидтық нәсілдің үнді-жерорта теңізі нәсіліне жатады. Кейбір солтүстік топтар балқандық-кавказдық нәсілдерге жатады. Гректер этносының негізін ежелгі грек қоғамы құрайды, ол б.д.д. 2-ші мыңжылдықта Балқан түбегінің оңтүстігіне, Эгей теңізінің аралдарына және Кіші Азияның батыс жағалауларына байырғы халықпен сіңісіп кеткен ионийліктер, ахейліктер, эолийліктер мен дорийлер тайпаларының қоныс аударуынан кейін қалыптаса бастады. Гректердің мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерінің тамыры тереңде жатыр. Гректер ежелгі халықтардың арасындағы дара некелік қағидасын ұстанғандардың алғашқысы. Христиандықты қабылдап, діни сенімге сәйкес, азаматтық некеден басқа неке қию және шоқындыру рәсімдерін өткізеді. Понтийлік гректердің өздеріне тән мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері бар. Дәстүрлі понтийлік гректер үйлерін биік іргетасқа немесе екі қабатты етіп салған, оның бірінші қабаты мал ұстау үшін пайдаланылған. Қазіргі уақытта үйлер кірпіштен және басқа да құрылыс материалдарынан салынады. Понтийлік гректер Түркиядан Кавказға қоныс аударылған кездің өзінде еуропалық үлгідегі фабрикалық киімдер киген. Ерлер «қалалық костюм» - пиджак, шалбар, картуз және фуражка киген. Әйелдердің костюмдері дәстүрді ұзағырақ сақтады. Грек әйелдері шальвар, белдемше және бас орамал киіп жүрген. Гректердің тұрмысында дәстүрлі понтийлік былғары аяқ киім – чаруши көп уақытқа дейін сақталды. Қазіргі уақытта гректердің киімдері заманауи сипатта болып табылады. Римдік құл иеленушілік республика Жерорта теңізіндегі ірі мемлекеттердің бірі болды. Римдіктердің Италиядан тыс жаулап алынған жерлерді өз «провинцияларына» айналдырып, олардан салық жинады. Жаулап алушылық соғыстар арқасында нобилитет пен салт аттылар баи түсті.Нобилитет дегеніміз – римдік ақсүйектер, ірі жер иеленушілерге айналған сенаторлық аристократия. Римдік тәрбие мен білім беру бүкіл римдік мәдениет сияқты гректік үлгілерге негізделген, бірақ өзінің тарихы бар. Рим тарихының бастапқы кезеңінде римдік тәрбие мен білім беру патриархалды және ашық түрде тәжірибелік сипатта болды; ауылдық тәрбие мен білім беруге үлкен назар аударылды. Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап Римде гректік білім беру жүйесі бекітіледі.Грециядағы сияқты, тәрбие және білім беру үрдісі үйде оқыту (үйге ұстаздарды шақыртып сабақ оқу) және қоғамдық түрдегі (жеке меншік немесе мемлекеттік мектептер) элементтерді біріктіре алды.Ежелгі Рим өнерінің ерекше бейнелері. Гректермен салыстырғанда ежелгі Римдіктердің еңбектерінде символика мен аллегория көп кездеседі. Осылайша эллиндердің пластикалық бейнелері артта қалып, римдік кескіндеме өнері алға шықты, онда иллюзорлық кеңістік формасы тек фреска мен мозайкада ғана емес, сонымен қатар рельефте де кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]