
- •Жағдайлықесептер Тақырыбы:²Жалпыфармакология²
- •Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар тақырыбы бойынша жағдайлық есептер
- •Жағдайлық есептердің жауаптары:
- •Жағдайлық есептің жауаптары
- •Микробтарға қарсы заттар бөлімі бойынша жағдайлық есептер
- •«Антибиотиктер» тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары.
- •«Сап, микробтарға қарсы химиялық құрлысы әр түрлі заттар» тақырыбы бойынша жағдайлықесептердіңжауаптары:
- •Тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары:
Жағдайлық есептің жауаптары
1. Пропранолол. Бронхтардың бета 2-адренорецепторларының тежелуінен.
2.Эфедрин - ОЖЖ ынталандырады
3.Резерпин – симпатикалық жүйені тежейді, парасимпатикалық жүйені ыталандырады
4.Бета-адреноблокаторлар
5.Альфа1 и альфа 2- адреноблокаторлар
Тақырыбы: ГАМҚ –рецепторларына әсер ететін заттар. Ұйықтатқыш, тырысуға қарсы заттар, эпилепсияға қарсы, паркинсонға қарсы заттар
1. Ұйқысыздықпен зардап шегетін науқас ұйықтатқыш препаратты төрт күн қабылдағаннан кейін, оның әсерінің азайғанын байқады. Бұл жағыдай науқастың препараттың мөлшерін жоғарлатуыа мәжбүр етті. Қандай топқа жататын ұйықтатқышты науқас қабылдаған және оған толеранттық дамудың мүмкін болатын себебі неде?
2. Бұлшық ет тартылысын азайту үшін паркинсонизм құбылысымен зардап шегетін науқасқа дәрілік препарат тағайындалған, дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін бұлшық ет тырысуы азайды. Бірақ науқас ауыздың құрғауын, жүрек жиырылуының жиілеуін, жақыннан көрудің бұзылуын, іш қатуды байқады. Науқас қандай препарат қабылдаған?
3. Эпилепсиямен ұзақ уақыт зардап шегетін науқас ұстаманың алдын алу үшін препарат қабылдаған. Науқас қызыл иектің ісінуіне, қызаруына, ауратындығына және қанайтындығына көңіл аударды. Науқас қандай препарат қабылдаған?
Жағыдайлық есептерге жауаптар
№1. Барбитураттар, өйткені олар бауырдың микросомалды ферменттерінің белсенділітерін жоғарлатады.
№2. Циклодол
№3. Дифенин
Тақырыбы: Опиатты рецепторларға әсер ететін заттар (наркотикалық анальгетиктер), наркотикалық емес анальгетиктер.
1.Қолы сынған науқас ауруханаға жеткізілді. Ауру шогының алдын алу үшін анальгетик енгізді. Ауру сезімі азайды. Бірақ жүрек айну құсу басталды. Жарақаттан болған ауру сезімдерін басу үшін қандай анальгетик қолданды. Көрсетілген асқынуларды қалай түсіндіруге болады?
2. Асқазанның ойық жарасының асынуына шағым жасап науқас дәрігерге келді: эпигастралды аймақта ауру сезімі пайда болды, жүрек айыну, үлкен дәреті қара түсті (мелена), әлсіздік. Анамнезін анықтау барысында, дірілдеумен және бастың ауруымен қатар жүрген суық тиген ауруына бір апта бойы анальгетикалық препарат қабылдаған. Науқас қандай препарат қабылдаған?
3. Шок алды жағдайында және қан түкірумен қабаттасқан жөтелмен стационарға көкірек клеткасының жаншылған жарақатымен науқас түсті. Науқасқа көмектесу үшін бір мезгілде шокқа қарсы және жөтелге қарсы қандай препарат қабылдауға болады?
Жағыдайлық есептерге жауаптар.
Наркотикалық анальгетик. Құсу орталығының тригер аймағын қоздырады.
Ацетилсалицил қышқылы
Наркотикалық анальгетик
Тақырыбы: Қабынуға және аллергияға қарсы заттар. Иммундық үрдістерге әсер ететін дәрілік заттар.
№1. Науқас әйел кезектегі көктемгі ревматизмнің алдын алу емі біткенен кейін, дәрігерге асқазаны ауыруына, сонымен бірге геморрагия және қызыл иектен қан кету жөнінде көрінеді. Науқас қандай препарат қабылдаған, құбылыстардың пайда болу себептері, бұл жанама әсерлердің алдын алу шаралары?
№2. 12 жастағы науқасқа ревматизмдік емес буыннан тыс қабыну үрдісі жөнінде, уақыт бойы қабынуға қарсы препарат тағайындайды. Науқаста ісінулер, асқазанда ауру езім, қанның анализін тексергенде анемия және агранулоцитоз бары анықталады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды.
№3. Науқас бірнеше жылдан бері жүрек және буын зақымдалған ревматизммен, жәнеде қосымша асқазан ойық жарасының ауыр түрімен сырқаттанады. Стероидты емес ЦОГ – 2 таңдап тежейтін қандай препаратты науқасқа тағайындауға болады?
Жағдайлық есептердің жауаптары.
1. Ацетилсалицил қышқылы, асқазанның шырышты қабатының жарақаттануын шақыратын, антиагрегант болғандықтан қанның ұюын бұзады, сондықтан геморрагия болады. Астан соң қабылдау, езіп, көп сумен ішу.
2. Бутадион қабылданған.
3. Мелоксикам – ЦОГ - 2 таңдамалы ингибиторлары, сондықтан асқазан ішек жолына теріс әсерлер көрсетпейді.