- •Жағдайлықесептер Тақырыбы:²Жалпыфармакология²
- •Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар тақырыбы бойынша жағдайлық есептер
- •Жағдайлық есептердің жауаптары:
- •Жағдайлық есептің жауаптары
- •Микробтарға қарсы заттар бөлімі бойынша жағдайлық есептер
- •«Антибиотиктер» тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары.
- •«Сап, микробтарға қарсы химиялық құрлысы әр түрлі заттар» тақырыбы бойынша жағдайлықесептердіңжауаптары:
- •Тақырыбы бойынша жағдайлық есептердің жауаптары:
Афференттік иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар тақырыбы бойынша жағдайлық есептер
Жедел жәрдем дәрігерімен кардиология бөлімшесіне аритмиясы бар науқас келіп түсті. Анамнезінен науқастың көп жылдар бойы жүрек жетіспеушілігімен ауыратыны және жүрек гликозидтерін қабылдап жүргені анықталды, соның нәтижесінде жүрек ырғағының бұзылыстары дамыған. Кардиолог жергілікті анестетиктер тобынан аритмияға қарсы қарсы препарат тағайындады. Осы жағдайда қандай препарат тағайындалды? Бұл препараттың аритмияға қарсы әсер механизмін түсіндіріңіз.
Саусағының күбірткесі бар науқасқа терінің қабаттарына новокаин ертіндісін енгізу арқылы жарасын өңдеу жасалды. Өңдеуді аяқтағаннан кейін хирург науқасқа сульфаниламидті препаратты тағайындады. Дәрігер қандай қате жіберді?
Миалгиясы бар науқасқа дәрігер ішкі ағзалардың трофикасын жақсарту және аурусындырмау үшін препарат тағайындады. Қай топтың дәрілік заты тағайындалды?
Хирург ауырсынуды азайту үшін ойық жараның бетіне себетін ұнтақ түріндегі жергілікті анестезиялаушы затты тағайындады. Қай топтың препараты тағайындалды?
«Тік ішектің жарылуы» диагнозы бар науқасқа ауыру сезімін төмендету мақсатында супозитори түрінде дәрілік зат тағайындалды. Қандай препарат тағайындалды?
Жағдайлық есептердің жауаптары:
Лидокаин, натрий каналдарын тежейді
Жергілікті анестетик дұрыс таңдалмаған
Анестезин
Анестезин
5. Висмуттың негізгісубнитраты
Холинергиялық заттар тақырыбы бойынша жағдайлық есептер.
Бронх демікпесі бар науқасқа препарат тағайындалды. Бронхоспазм ұстамасы тоқтады, бырақ науқас жүректің соғуы, ауыздың құрғауы, көрудің өткірлігі төмендегені туралы шағымданды. Қандай препарат тағайындалған? Осы асқынулардың даму механизмдері неге байланысты болды?
Миастениясы бар науқасқа қаңқа бұлшықетінің тонусын күшейту мақсатында дәрілік зат тағайындалды. Бырақ аз уақыттан соң миоз, ішектің гиперперистальтикасы, сілекейдің ағуы, брадикардаия дамыды. Қандай зат тағайындалған? Осы асқынуларды болдырмау үшін не істеу қажет?
Гипертензиялық ауыруы және стенокардиясы бар, бронх демікпесімен ауыратын науқасқа М-холиноблокатор тағайындалды. Қандай М-холиноблокатор тағайындаған жөн?
4. Тынысы кенеттен тежелген науқастың (электрожарақат алған) көк тамырына препарат салынды. Тынысы дәрілік затты енгізгеннен кейін қалыптасты, бырақ құсық пайда болды. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?
5. Гипертензиялық ауруы бар науқас гипотензивті дәрілік зат қабылдады. Қан қысымы төмендеді, науқас төсектен тұрған кезде бірден бозарып, басы айналып, есінен танып қалды. Науқасты қайта төсекке жатқызды. Аздан соң барлық симптомдар жоғалды. Науқасқа қандай препарат салынды? Науқас төсектен тұрған кезде неліктен естен тану болды? Осы асқынудың алдын алу үшін қандай шаралар жасалуы қажет?
Жағдайлық есептердің жауаптары:
Атропин. Жанама әсердің себептері: n. vagus блокадасы.
Прозерин. М-холинорецепторларды тежейді.
3. Платифиллин.
4. Цититон
5 .Бензогексоний.
Тақырыбы: Адренергиялық заттар.
1. Бронх демікпесі бар науқас жүрек соғуының жиілеуіне шағымданып дәрігерге келді. Дәрігер дәрі тағайындады. Тахикардия жоғалғанымен науқасты тұншықпа ұстамалары мазалай бастады. Бета-адреноблокаторлар тобынан қандай препарат науқасқа тағайындалды? Тұншықпа ұстамалары неліктен дамыды?
2. Бронх демікпесі бар науқасқа дәрілік зат тағайындалды . Науқастың жағдайы жақсарғанымен, АҚ көтеріліп, мазасыздық, ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болды. Қандай препарат науқасқа тағайындалды?
3. Гипертониялық ауыруы бар науқас дәрігерге шағымданды: асқазан тұсындағы ауыру сезімі, гиперсаливация, мұрнының бітуі. Қандай гипотензивтік препарат осы аталған асқынуларды шақыруы мүмкін? Неліктен?
4. Науқасқа гипертониялық ауыруын емдеу мақсатында стенокардия және тахиаритмияларды емдеуге болатын препарат тағайындалды. Қандай препарат науқасқа тағайындалды?
5. Облитерациялық эндоартериитте қандай адренергиялық препарат тағайындауға болады?
