Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Farm_esep.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.95 Кб
Скачать

Жағдайлықесептер Тақырыбы:²Жалпыфармакология²

Жағдайлықесеп №1

Қатты күйзеліс жағдайын да жүрген науқасқа транквилизатор-диазепам тағайындалды. Бұл күйден шыққансо науқас ұзақуақыт препаратты алдын алу мақсатында қолданды. Дәрілік затты қолдануды тоқтатқансоң жүрек-қантамыры жүйесі, асқазан-ішек жолдары жағынан кейбір қолайсыздықты, депрессиялық күйдісезінді. Бұл құбылыс қалай аталады? Осындай жағдайларды қандай препараттар шақырады?

Жағдайлықесеп №2

Анамнезінде жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқаста, стоматологтың қабылдауында (тісінжұлу) ентігу, бетініңкөгеруі, тамырсоғуының жиілеуі байқалды. Осы жағдайды қайтару үшін қолданылатын препаратты қандай жолмен енгізген дұрыс?

Жағдайлықесеп №3

Гипохромды анемиямен ауыратын науқасты темір препараттарымен емдеген соң қанның құрамы жақсарды, бірақ іштің қатуы (обстипация), қызылиегінде қаражолақ пайда болды. Дәрілік заттың соңғы әсерлері қандай терминмен белгіленеді?

Жағдайлықесеп №4

Созылмалы іш қатумен ауыратын науқасқа іш айдайтын дәрілік зат тағайындалды, бірақ екі апта дан соң дәрінің іш айдайтын әсері байқалмайтын болды. Бұл құбылыс қалайаталады?

Жағдайлықесеп №5

Операция алдында науқасқа ауыру сезімін басу үшін 1%-1 мл морфингидрохлориді ерітіндісіненгізді. Содан кейін науқасқа наркоз берілді. Дәрілік заттың әсері қандай бағытта өзгереді?

Жағдайлықесеп №6

Травма алған науқастың жарақатының шеттерін 10% йод ерітіндісімен өңдеді. Препараттың терімен жанасқан жерінде теріде күйіктәрізі күлдіреу пайда болды. Йодқа деген жоғарысезімталдықты қалай түсіндіруге болады және қандай терминмен белгіленеді?

Жағдайлықесеп №7

Дәрігер науқастың морфинмен уланғанын анықтап, асқазанын және ішектерін шаюды активтелген көмірдіқосып жүргізді. Бұл емді жүргізудің негізінде не жатыр, қандай терминмен белгіленеді?

Жағдайлықесеп №8

Жедел босану. Нәресте әлсіз және төмен салмақпен туды, анасының анамнезінде жүктілік кезінде анасының шылым шегуді тастамағаны белгілі болды. Дәрілік заттың іштен туа пайда болатын кемтарлыққа әкелмейтін әсері қалай аталады ?

Жағдайлықесеп №9

Наркоздық затты (тиопентал-натрий) енгізген соң науқастың тыныс алуының тежелуі байқалды. Тынысты қоздырғыш әсері бар дәрілік заттардың қайсысын (цититион рефлекторлыәсері бар, бемегрид – орталықәсері бар) қолданғанжөн?

Жағдайлықесеп №10

Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар науқасқа дигитоксин тағайындады. Соған байланысты бүйректің қанайналымы жақсарып, зәршығару жоғарылады. Дәрілік заттың соңғы әсері қалай аталады?

²Жалпыфармакология²тақырыбыбойыншажағдайлықесептердіңжауаптары:

  1. Бұл құбылыс дәріге тәуелділік деп аталады. Кейбір психостимуляторлар, галлюциногендер, никотин, марихуана (анаша, гашиш) дәріге психикалық тәуелділікті, ал барбитураттар, бензодиазепиндер, опиоидтар (героин, морфин және т.б.), алкаголь дәріге физикалық тәуелділікті шақырады.

  2. Науқаста анафилаксиялық шок дамыған. Жедел көмек көрсету үшін препаратты көк тамырға енгізу керек.

  3. Гипохромды анемиямен ауыратын науқаста қан құрамының жақсаруы дәрілік заттың негізгі әсері болып табылады, іштің қатуы, қызыл иегінде қара жолақтың пайда болуы дәрілік заттың екіншілік жанама әсері деп аталады.

  4. Дәрілік затқа бейімделу дамыған. Бейімделудің дамуы дәрілік заттың сіңірілуінің төмендеуіне, тез инактивациялануына, ағзадан шығарылуының жоғарылауына және нысаналы мүшелерде сезімтал рецепторлардың санының азаюына байланысты.

  5. Күшейтілген синергизм. Наркотикалық анальгетиктер наркозға арналған заттардың, ОЖЖ тежейтін заттардың әсерлерін күшейтеді.

  6. Бұл құбылыс дәрілік заттың аллергиялық жанама әсері деп аталады. Аллергиялық реакцияның баяу дамитын түрі. Сенсиблизацияланған Т-лимфоциттер, макрофагтар қатысатын жасушалық иммунитет арқылы жүзеге асады.

  7. Улаушы заттың қанға сіңуін тоқтатуға бағытталған детоксикалық шара болып табылады.

  8. Дәрілік заттың қалыптасқан ұрыққа әсері фетотоксикалық (жүктіліктің 8-12 аптасы) әсер деп аталады.

  9. Тиопентал-натрий май тіндерінде жинақталады, ми тіндеріндегі концентрациясы азаяды, сондықтан әсері қысқа. Май тінінен біртіндеп босап шығып қанға түсуі әдетте операциядан кейінгі 2-3 сағатқа созылған ұйқы шақырады. Препараттың инактивациясы бауырдың, бүйректің ауруларында баяулайды. Сол себепті аталған мүшелердің патологиясы бар науқастарға қолдануға болмайды.

  10. Дәрілік заттың оң жанама әсері деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]