
- •Ежелгі түркілер тарихының деректері және олардың
- •Ежелгі бітік тастардағы түркілердің саяси жағдайы
- •Антикалық және византиялық еңбектер
- •Ежелгі түркілер туралы шығыс деректері
- •Араб және парсы зерттеулері
- •Ежелгі түркілер тарихы туралы қытай деректері
- •Қытай деректерінің маңызы және олардың зерттелуі
- •Қорытынды
Ежелгі түркілер тарихы туралы қытай деректері
Қытай деректерінің маңызы және олардың зерттелуі
Түркілер тарихы ежелден, сонау сақ, ғұн заманынан басталады. Француз зерттеушісі Рене Груссе: «ҚытайТүркілердің тарихы ежелден, сонау ғұн, сақ дәуірінен басталады. Француз ғалымы Рене Груссе: «Қытай деректері мәліметі бойынша түркілер бөріні пір тұтқан және олар ғұндардың ұрпағы болып табылады», – деп көрсетеді. «Түркі» атауы 542 жылы алғаш рет аталған. Қытай жылнамасларының бірінде: Солтүстік-батыс жақтан келген туцзюэлер (түркілер) қытайлық Вэй империясының солтүстік аймағын жыл сайын шауып, ойрандап кетеді» делінген. «Түркі» атауының түрлі нұсқасы болғанымен, әлі күнге тұрақты байлам жасалған жоқ. Қытайлар Ашина ханның қол астындағыларды «Ту-кю» деп атаған. П.Пелльо «турк ют» (түркілер) деп аударған. «Түркі» сөзі «күшті, мықты, құдіретті» дегенді білдіруі мүмкін.
ХІХ ғасырдың орта шенінде Н.Я.Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығаруы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды [102]. Үш томдық еңбекте қытай деректемелерінің Қазақстанды ертеде және ортағасырларда мекендеушілердің: хуннулардың, усуньдердің, кангюйлердің, яньцайлармен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Қытай хроникаларының материалдарына уқымды тарихи-филологиялық түсініктемелер берілген. Қытай деректемелеріне негізделген нақсондай ертедегі зерттеулерді арабдеректемелерін қоса отырып Абель Ремюза, Ст. Жюлен жүргізген.Оларда түріктердің эфталиттердің тарихы, Орта Азия мен Қазақстанда манихей, будда діндерінің таралуы қарастырылады. Орталық және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға жол ашатын қытай деректемелерін басып шығару өз кезеһінде одан әрі жалғастырылды (Э.Бретшнейдер). Қытай және Византия деректерін салыстыру негізінде Э.Шаванн (1903) ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы Жетісудағы Батыс түріктердің тарихын зерттеді, Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынаста мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде Батыс түріктернің атқарған рөлін анықтад: Сюань Цзаньның маршрутының тарИхи-географиялық тұрғыдан түсіндіріп берді, Сыма Цзяньның ''Тарихи жазбаларын'' аударуды жүзеге асырып, оған ауқымды тарихи түсініктемелер жазды. Біршама уақыт өткен соң де Грот (1921) хуннулар туралы тарауды аудару және олар туралы неғұрлым толық текстологиялық мәліметтер келтіру үшін Сыма Цзянның шығармасын қайтадан қолға алады [103]. Қытай деректерінің арасында Сыма Цяннің еңбегі ерекше маңызға ие.
Ертедегі және алдыңғы ортағасырлардағы Қазақстан жөніндегі қытай деректерінің хабарлары таратылған. Оларға усуньдер, Түрік қағанаты кезіндегі түріктер, түргештер, қарлұқтар жөнінде Ю.А.Зуев жасаған талдау жемісті болып шықты [104]. Қытай жылнамаларынан аудармалардың жариялануы, әулеттік хроникалардың мәліметтерін ежелгі түрік ескерткіштерімен генеалогиялық аңыздардың материалдарымен, сол сияқты антик дәстүрімен
салыстыру ертедегі Қазақстанның этникалық үрдістерінің, саяси оқиғалары мен тарихи-географиясының кейбір жақтарын жаңаша түсінуге мүмкіндік берді.
Әулеттік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б. 145-86 жж.) ''Тарихи жазбалар'' (''Шицзи'') деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда, ''Өмірбаян'' бөлімінің ''Сюнну туралы хикая'' және ''Давань туралы хикая'' деген екі тарауында , сондай-ақ хань императорлары мен қолбасшыларының өмірбаяныһдық суреттемелерінде келтірілген. Мұнда Орталық Азия иеліктері, олардың өзара және Қытаймен қатынастары туралы маңызды мәліметтер жиналған. Сыма Цянның еңбегінде аңызға айналған кезден аса көрнекті тарихшы өмір сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең қамтылады.
''Шицзиден'' кейін ''Ежелгі Хань тарихы'' (''Цянь Ханшу'') келеді, оны негізнен біздің заманымыздың І ғасырында Бань Гу жазып, оның оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциандық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа жанрын - бір әулеттің басқару тарихын бастап берді.
Әулеттік тарихтар ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы ең көлемді және бағалы деректер Сыма Цянның (б.з.б. 145-86 жж.) ''Тарихи жазбалар'' (''Шицзи'') деген тарихи еңбегінде,атап айтқанда, ''Өмірбаян'' бөлімінің ''Сюнну туралы хикая'' және ''Давань туралы хикая'' деген екі тарауында, сондай-ақ хань императорлары мен қолбасшыларының өмірбаяныһдық суреттемелерінде келтірілген. Мұнда Орталық Азия иеліктері, олардың өзара және Қытаймен қатынастары туралы маңызды мәліметтер жиналған. Сыма Цянның еңбегінде аңызға айналған кезден аса көрнекті тарихшы өмір сүрген кезге дейінгі көз жететін бүкіл тарихи кезең қамтылады.
''Шицзиден'' кейін ''Ежелгі Хань тарихы'' (''Цянь Ханшу'') келеді, оны негізнен біздің заманымыздың І ғасырында Бант Гу жазып, оның оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциандық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа жанрын - бір әулеттің басқару тарихын бастап берді.Қытай мен Орталық Азияның б.з.б. ІІ ғасырынан бастап жаңа заманға дейінгі тарих баяндалатын 26 әулет тарихы Қытайдың бірегей тарихи мұрасы болып табылады. Бань Гудың шығармасында Орталық Азияның жатшерлік халықтары суреттелетін мәліметтерге ''Сиюй чжуань'' (''Батыс өлке туралы хикая'') деген арнаулы тарау бөлінген. Осы тарихи-географиялық жағынан жаңа аймақты бөліп көрсету қытайлардыңгеографиялық білімінің кеңейгенін ғана емес, сонымен қатар Қытайдың сыртқы саясаты мен геосаясатында оған стратегиялық мән берілгенін де дәлелдейді. Хроникада Хань империясынан Орта Азияға апаратын негізгі жолдар көрсетіліп, оның этникалық топтары, олардың айналысатын жұмыс түрі, экономикалық және әскери жағдайы, Шығыс Түркістанның полистері, олардың арасындағы соғыстар мен сауда, саяси одақтар суреттелген. Онда Қытайдың Батыс өлкедегі дипломатиясы да сипатталған. Тарихшының туған бауыры, Қытайдың аса көрнекті дипломаты Сиюйге жіберіліп, онда Хань әулетінің саясатын ойдағыдай жүзеге асырылғаны мәлім. Бань Гудың еңбегі 200 жылдай кезеңді қамтиды, онда Давань, Усун, Кангюй, сондай-ақ Сунну иеліктері туралы, оның ішінде сунну билеушісі (шаньюй) Чжичжидің Солтүстік-батыс Тянь-Шаньдағы иеліктері туралы мәліметтер бар. Алайда Бань Гу өзінің еңбегінде өз кезіндегі оқиғалар туралы жазбаған, сондықтан да оның еңбегі ''Ертедегі Хань әулетінің тарихы'' деп аталады. Бұл жөнінде осы еңбекке қосымшаны Ү ғасырдағы ғалым Фань Е жазған. Фань Е ''Цянь Ханшу'' мәліметтерін толықтыра келіп, БаньГудың еңбегіне баға берген, Бань Гудың бауыры Бань Чжао жұмыс істеген Сиюйдегі қызмет пен жағдайларды бірнеше рет жазған. Фант Е Қытайдың сыртқы саясаты мен Орталық Азиядағы дипломатиясына, Қытайдың дәстүрлі ''батыс'' саясатының саяси тұжырымдамаларына неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл фактінің зор маңызы бар, өйткені ол Орталық Азия халықтары туралы материалдар іріктеп алуға және олардың Қытай тарихнамасында көрсетілуі мен бағалануына ықпал жасады. Қытайдың феодалдық тарихында көршілес халықтардың тарихын баяндау ұлыхандық шовинизм мен қытайлық центризм тұрғысынан жүргізілген.
Хань әулеті билік еткен кезеңде (б.з.б. ІІ ғ.-б.з. ІІ ғ.) Жібек жолының негізі салынып, Қытай мен Орталық Азия мемлекетінің сауда және саяси байланыстары, Орталық Азия халықтарының мәдениеттері мен қытай мәдениетінің өзара әері мен өзара ықпал жанжанды. Қытайға және Қытайдан үлкен сауда керуендерін ілестірген бірнеше елшілік аттандырылды. Қытаймен саудаға Орта Азия көпестері дәнекер болды.
Жібек жолының толысып гүлденуі Қытайда Тан әулеті билік еткен кезеңге (618-907) тұтас келеді. Орталық Азия халықтары, олардың тарихы туралы мәліметтердің келесі үлкен кешені сол дәуірге арналған екі хроникалар бар. ''Таң әулетінің ескі тарихын'' ('' Цзю Таншу'') Қытайдың бөлшектенікезінде - авторлар тобы, ал ''Тан әулетінің жаңа тарихын'' (''Синь Таншу'') да Сун дәуірінде (1043-60) Қытайдың аса көрнекті ғалымы әрі ақыны Суян Сю (1007-72) бастаған авторлар ұжымы жазған. Тан әулетінің тарихы жөніндегі екінші еңбек біріншісінен жансақтықтар мен қателер көп табылуына байланыстыжазылған. Хроникаларда батыс түріктер, түргештер, олардың этногенезі, Батыс түрік қағанатының құрылуы мен олардың ыдырауы туралы саяси тарих пен этнологиялық мәліметтер берілген. Қарлұқтар, олардың Жетісуда және Қазақстанның оңтүстігінде, сондай-ақ қазіргі Қырғызстанда орналасуы туралы қытай материалдары өте құнды. Ертедегі дәуір мен б.з.ҮІІІ ғасырына дейінгі Орталық Азия айпалары мен олардың мемлекеттік құрылымдары тарихының негізгі арқауын нақ қытай деректемелері бойынша біршама толық жасауға болады, бұл әсіресе усуньдердің, кангюйлердің, ежелгі түріктердің, түргештердің қарлұқтардың саяси тарихына байланысты.
Орталық Азияға саясатшылардың жазбалар жанры Тан әулеті билеген кезеңде де, ХІІІ ғасырда да ең басты деретеме болып қала берді. ''Синь Таншу'' мен ''Цзю Таншуда''Жетісуғк Шығыс Түркістан полистері арқылы жүріп өткен қытай саяхатшыларының маршруттары: Шу, Талас өзендерінің аңғарлары, Ыстықкөл суреттелген. Алайда олардың ішінде буддаға тауап етуші Чюань Цзань (шамамен 596-664) қалдырған жазбалар мейлінше толық болып табылады. Ол жазған шығарма ''Ұлы Тан әулеті кезіндегі Батыс өлкесі туралы жазбалар'' (Да Тан Сиюй Цзи) деп аталады және Сюань Цзанның Орта Азия арқылы Үндістанға саяхатына арналған. Сюань Цзань Суяб, Невакет, Талас арқылы жүріп өткен. Ол қаһан сарайын, түрік тайпалары мен басқа да тайпалар кәсібінің әдет-ғұрпын суреттеген.
Батысқа саяхат жасаушылардың жолжазба жанры моңғол дәуірінде толыға түсті, бұл кезде қытайлардың география мен этнографиябойынша түсініктері едәуір кеңейді. Бұл - ''Сопы Чан Чунның батысқа саяхаты туралы жазбалар'' ('' Чжан Чунь чжен және Сию цзи'') Чан Чунь Солтүстік Қытайдан Орта Азияға 1220-1224 жж. Шыңғысхан жорықтары кезінде саяхат жасаған, ол Жетісу, Шу, Талас аңғарларымен жүріп өтіп, саяхатшы жергілікті тайпалардың мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысуын суреттеген. Басқа бір ''Батысқа саяхат суреттемесін'' билік етуші Ляо (кидан әулеті) үйінің ұрпағы Елюй Чуцай жазған, ол Шыңғысхан Орта Азия жорықтар жасағанда оған еріп жүрген еді. Елюй Чуцай моңғол ханы жаулап алған халықтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мінез-құлқымен жақсы таныс болған.
Жазба деректер бойынша түркі тайпалары туралы алғашқы тарихи жазбалар немесе ғылымға таныс етуші ғалымдар Н.В.Кюнер [105] мен Н.Я.Бичурин болды [106]. Олар қытай тілін өте жақсы меңгергендіктен, олардың аудармаларын және басқа деректерді пайдалана отырып, В.В.Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихы очеркі» атты еңбегінде үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жазды. Сол сияқты қытай маманы Ю.А. Зуев та үйсін тайпасы туралы жаңа деректер тобын пайдалана отырып, қазақстан тарихын жазуда түркілtр жайлы өз үлесін қосты [107].
Тарихшы Нығмет Мыңжанұлы Қытай елінің б.з.б. деректерінде кездесетін «Большой Юэчжи», «Малый Юэчжи» деген ұлыстарды Ұлы жүз және Кіші жүз деп оқуға болады десе, ғалым С.Жолдасбайұлының пікірі бойынша мүмкін ''Ұлы жүз'' деген сөзді қытай тілінде «Юэчжи» деп атуы мүмкін, ал оның өзі (юэчжи) түркі тілдес тайпалар болған соң, қайтадан бұрынғы ''Ұлы жүз'' сөзі жанданған деген ой туғызады дейді [108].
Н.А.Аристов еңбектерінде қаңлы, қыпшақ тайпаларынан басқа тайпалардың барлығы түркі тілдес емес деген қате пікірді дәлелдеген. Ғалым өз кезегінде түркі, қытай дерегі және қазақ шежіресіне сүйене отырып дәлелдер келтірген. Ғылыми жағынан күнбилердің есімдеріне, жер-су аттарына сұрыптама жасап, көз жеткізген. Жетісу аймағын мекен еткен тайпалардың антропологиялық жағынан зерттелу жұмыстары да ғалымдар назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Ұлттық Ғылым академиясының кореспондент мүшесі, профессор О.Исмағұлов өзінің монографиясында көне дәуір мен жаңа дәуірдегі қазақтардың яғни 500-600 жылдарға жуық аралықта олардың антропологиялық жағыанан онша өзгеріске түсе қоймағандығын дәлелдеді және ежелгі этникалық топтармен соңғы кездегі қазақ халқының арасында генетикалық байланыстың үш мың жылға созылған ұзақтығына қарамастан арада өте тығыз ұқсастық бар екендігін айтады [109]. Қытай деректеріне сүйене отырып, ежелгі түркі тайпаларының көздері көк делінсе, ал археологиялық деректер үйсіндердің европойдтық рассаға жататындығын дәлелдеп отыр Іле өзенінің бойында орналасқан обадан табылған 50 адамның бас сүйегінің 44–і европейдтық болса, қалғаны моңғолойдтық аралас типте болғанын зерттеуші О.Исмағұлов дәлелдеп берді.. Бұдан біз бүгінгі осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға ежелгі түркітайпаларының антропологиялық типінің үлкен әсері болғандығын байқауға болады. Қазаққа әйгілі ғалым Ә.Хасенов «Юбань және Чубань кім?» деген мақаласында: ''Үйсін, дулат, қыпшақ, найман және т.б. қазақ халқы елдігін құраған көне түркі тілдес тайпалар'' деп пікір білдіреді.
Соңғы кезде Қытай тарихшысы Су Бейхэй еңбегінде «усундердің көші-қоны Іле алқабында өткен. Бірақ бұл жер олардың ата-мекені емес» деп жазды. Қытай ғалымдары ертедегі қытай деректеріне сүйеніп, ежелгі түркі тайпасы, үйсіндерді - шығыстан келген деп өздеріне жақын болғандығын көрсеткісі келеді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шығыстану секциясы жоспарлаған бес томдық «Қазақстан тарихы туралы қытай деректмелері» сериясының 4 томы Қытайдың ертедегі дәуірлерінде құрастырылған әйгілі «Ресми 24 патшалық тарихы» атты жыланамалырның біразында сақталған көне түрік тілдес елдер туралы деректемелер жинақталып, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударылып, оларға тарихи (деректанулық) тұрғысынан ғылыми түсіндірмелер берген. Бұл деректер мыналар:
1. «Вейшу» («Вэй патшалығының тарихы») кітабының «Юэбань баяны» (ВШ,102-цзюань);
2. «Вейшу» («Вэй патшалығының тарихы») кітабының «Гаочэ баяны» (ВШ,103-цзюань);
3. «Суйшу» кітабының «Телэ баяны» (СШ, 84-цзюань);
4. «Чжоушу» («Чжоу патшалығының тарихы») кітабының «Туцзюе баяны» (ЧШ,50-цзюань);
5. «Синь Тан шу» («Тан патшалығының жаңа тарихы») кітабының «Туцзюе баяны» (СТШ, 215-цзюань,1 және 2 бөлімі);
6. «Суй шу» кітабының «Батыс туцзюе баяны» (СШ,84-цзюань);
7. «Синь Тан шу» кітабының «Батыс туцзюе баяны» (СТШ,215-цзюань,2 бөлімі);
8. «Синь Тан шу» кітабының «Хуэйхэ баяны» (СТШ, 217-цзюань,1 және 2 бөлімі) [110].
Аталған деректемелер уақыт жағынан V-IX ғасырларды қамтиды. Осы уақыт ішіндегі Ұлы Еуразия даласындағы ең негізгі тарихи процесс – аталмыш өңірдегі «түркілену» процесі. Ұлы Еуразия даласындағы бұрынғы жүріп өткен күрделі саяси-этностық өзгерістердің нәтижесі ретінде V ғасырдан бастап түрік тілдес көшпенді ұлыстар тарих сахнасына көтеріле бастаған. Қытай деректерінде «Юебань», «Телэ» (немесе «Диньлин») және «Гаочэ» деп хатталған ұлыстар солардың ең алғаышқылардың қатарында. Біздің заманымыздың алды-артындағы сюннулардың батысқа ауа көшуі барысында қазіргі Жетісу жері мен ҚХР ШҰАР аумағандағы Юлдуз ойпатына дейінгі өңірге қоныстанып, сонад көшпенді мемлекет орнатқан Юебаньдар Қытайдың «Вейшу» атты дерегінің білдіруінше, гаочэлер мен (гаогюйлер), яғни «биік арбалы телэлермен» бір тілде сөйлейтін халық болған. Ғалымдар сол «Вейшу» кітабында сақталған гаочэлермен сөз атауларын зерттей келе, олар түрік тілдес болған деген қорытынды жасаған. Сонымен қоса, кейінгі көптеген түрік тілдес тайпа-ұлыстар, айталық, телэлер және ұйғырлар (хуэйхэлер) сол гаочэлермен тамыры бір халықтар екендігін көне қытай қаламгерлері жазып кеткен. Демек, юэбаньдар тілдік ерекшеліктері жағынан қытай деректерінде нақты сипатталған, қазіргі Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен көршілес аймақтарда мемлекет туларын көтерген түркі тілдес ел деп санауға болады. Сондықтан да, біз өзіміздің осы ғылыми дерек жинағында юэбаньдар туралы қытай деректемесінен бастауда.
Ғылымда күні бүгінге дәйекті тұжырымдама жасалмаған мәселердің бірі – көне түрік этногенезімен ең алғашқы мәдени дәстүрлері қай аймақта қалыптасқан деген мәселе. Қытай деректеріне сүйенсек, «Туцзюе» деп аталатын саяси-этностық топтант тыс көне түркі ұлыстарының немесе тайпа бірлестіктерінің басым көпшілігі «телэлердің» құрамына кіреді, ал телэлердің арғы тегі деп есептелген «диньлиндер» (көне қытай авторларының мәліметтерін мұқият зерттегенде, бұл этнонимнің өзі «телэ»
сөзінің жайылған көшпенділердің бір бөлігі. Бұрын Жаужань (жужу) қағандығының билігінде болған гаочэлер 487 жылы Жоңғария ойпатына қоныс аударып, сонда Гаочэ мемлекетін құрып, 541 жылға дейін өздерінің елдік тарихын жалғастырған. Гаочэ мемлекеті жойылған соң азын-аулақ ақсүйек әулеттерінің өкілдері солтүстік Қытайдағы Вей патшалығын паналағаны болмаса, ел-жұрттарының басым көпшілігі эфталиттердің мен өзге телэ тайпа бірлестіктерінің құрамына кіріп, содан соң Көк Түрік (Туцзюе) қағандығының туы астана жиналса керек. 552 жылы Жужань ордасын шабуыл жасап, алтайдан Хангайға дейінгі аумақтағы хандықтьың билігін өз қолына алған. Онан кейінгі бір-екі онжылдықта көк түріктер Хинган тауларынан Каспий теңізіне дейінгі ұлан-байтақ Еуразия даласындағы көшпелі тайпаларды бірлестіріп, Ұлы Түрік қағанатын құрды. Кейін келе біртұтас Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты еуразия құрлығының батыс бөлігіндегі, Шығыс Түрік қағанаты оның шығыс бөлігіндегі саяси, экономикалық және мәдени өмірге зор әрі терең ықпалдарын қалдырды.
VIII ғасырдың 40-жылдарында Шығыс Түрік қағанаты күйреп, орнына көшпелі Ұйғыр (Хуэйхэ) қағанаты келді. Бұл қағанат 840 жылға дейін өмір сүріп, солтүстігіндегі Тан әулетімен біресе тату-тәтті болып, біресе әуре-сарсаңға салып, ал батысындағы Шығыс Тянь-Шань аймағында қарлұқтармен және тибеттермен Ұлы Жібек жолы үшін талас-тартыста болып тұрды. 840 жылы көшпенді Ұйғыр қағандығы қырғыздардың қолынан қирады. Оның құрамындағы ел-жұрттың басым көпшілігі солтүстік-батыс Қытайға және қазіргі ШҰАР аумағына қоныс аударып, кейінгі ұйғыр, сары-ұйғыр сынды түркі тілдес ұлттардың негізін қалады.
Қытай тарихнамасына зор ықпал жасаған Конфуций ілімі тек идеология құралы ғана емес, өмір сүру принциптері, әлеуметтік-отбасылық және саяси әкімшілік қарым-қатынастар жүйесі ретінде қытай өркениетінің зор потенциялына айналды. Сөйтіп ол ұзақ ғасырлар бойы аталған өркениеттің тұрақтылығының сақталып қалуын ғана емес, сондай-ақ оның кез-келген бөтен мәдениет элементтерін қорытып, өз түсініктері мен ұғымдарына ыңғайлап алатын қасиетін қалыптастырды.
Түркі мемлекеттерінің Қытай мемлекетімен байланысының мәселелерінің В.А.Шишкин, Л.С.Васильев, Н.Н.Валтурская және т.б. зерттеушілер көбінесе Якинф Бичурин аудармалары мен Орта Азия материалдарына сүйене отырып зерттеді.
Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі тарихшылардың зерттеулерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің доценті М.С.Ноғайбаеваның диссертацисында Қытай мен түркі тайпалары арасындағы мәдени байланыстардың тарихнамасын қарастыруда: «Қытайдың әлемнің басқа аудандарынан алыстығы оның мәдениетінің қалыптасуының ең алғашы кезеңінде ерекше із қалдырған. Бұл жағдай Қытай ғылымдарына Қытай мәдениетінің қалыптасуындағы жат ықпалдардың толықтай жоқтығы туралы концепция қалыптастыруына негіз болды. Сондықтан да, Қытай тарихнамасы мәдени байланыстар мәселесінде қытайдың «мәдени донор» ретіндегі роліне шек келтірмейді. Осыдан келіп, қытай мәдениетінің орталық ретіндегі ролі мен мәдени әсерлерді таратушы сипаты туралы логикалық қорытынды келіп туындайды. Әрине, бұл сипаты үшін қытайлық тарихнамалық еңбектердің бәрін іске лағысыз деп қарастыруға болмайды, дегенмен әрқашан бұл мәселеде «қытайорталықтық» бағыттың сипатын есте ұстауға тиіспіз» деп пікір білдіреді [111].
Мәселенің қытай тарихнамасында басқаша сипатта талданғанына қарамастан қытай мәдениетінің түркілерге әсерімен қатар, кері процестің де орын алғандығы тарихи деректерде сақталып қалған. Осы дерек көздері зерттеушілерге түркі мәдениетіне ықпал жасаған басқа халықтардың мәдени үлгілерімен қатар, түркі мәдениетінің өзі көрші халықтардың мәдени дамуына тигізіп отырған әсерін көрсетуге негіз бола алады. Өзінің зерттеу еңбегін Тан әулеті тұсындағы Қытайдың көрші халықтармен мәдени байланыистарына арнаған ағылшын тарихшысы Э.Шефер Қытай мәдениетіндегі шет елдік үлгілерді жан-жақты талдаған.
Көне түрік ұлыстарының алғашқы қалыптасу кезеңіндегі тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін алдымен қытай деректеріне сүйенеміз, өйткені қытайдың дәстүрлі тарихнамасындағы кемшіліктерге, әсіресе көне қытай авторларының кертартпа шовинистік пиғылдарына қарамастан, қытай деректемелері уақыт пен кеңістік тұрғысындағы дәлділігімен ерекшеленеді.