Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Негізгі бөлім,.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162.94 Кб
Скачать
  1. Ежелгі түркілер тарихының деректері және олардың

МАҢЫЗЫ

    1. Ежелгі бітік тастардағы түркілердің саяси жағдайы

Біздің заманымыздағы І мыңжылдықта ежелгі түрік және түркі тілдес тайпалар мекендеген жерлерден шыққан көне түрік жазба ескеткіштерінің құны баға жетпес. Түрік авторлары жазған бұл жазбаша деректемелердің елеулі және даусыз екі қасиеті бар, олар – автохтондылығы, яғни жергілікті сипатта болуымен жәнетүпнұсқалығымен ерекшеленеді-автор өзінің көз алдында не болганы немесе болганынан көп уақыт өтпеген оқиғалар жайында,өзі жаксы білетін фактілер туралы жазған. Сол аркылы ежелгі түрік деректемелері түрік қоғамындагы этникалық,әлеуметтік және мәдени үрдістер туралы жат жерлік бақаушылар жазған мәліметтерге қарағанда не ғурлым дәл түсінік береді.Монғолия жерінен мейлінше құнды ежелгі түрік мәтіндері табылды. Деректануда Енисей мен Таластан ашылған ескерткіштедің зор маңызы бар.

Ең алдымен түрік хандары Күл-тегін тегін (732) мен Білге-қаған (735) құрметіне қойылган ескерткіштер–Кошоцайдам құлпытастарын атап өту керек. Бұл жазбалардың авторы, бақа да көпшілігіндегі сияқты, қаған әулетінен шыққан Йолығ-тегін болган, ол түрік тілінде жазған есімі бізге белгілі тұңғыш жазушы. Осы екі ескерткіш баска да руна жазбаларының бәрі дерлік салыстырылатын өзінше бір өлшемдерге айналды. Тоныкөк ескерткіш (716), Құлшора құрметіне орнатылган ескерткіш (722), Онгин жазбасы қосылатын Кошоцайдам мәнерлі мәтіні негізінен Шығыс түрік қағанаты жөнінде мәліметтер береді. Сонымен бірге оларда Қазақстан мен Орта Азияның батыс түріктері тарихының оқиғаларына қатысты маңызды естеліктер бар, оларға талдау жасау тарихи-географиялық, тарихи-саяси және этнорграфиялық проблемалардың тұтас кешенін зерттеу жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең құндысы – «он оқ» (он жебе) халқы, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, кеңгерестер, Жетісу соғдылары туралы мәліметтер.

Елетміш Білге қаған (747-759) құрметіне жазылған эпитафия болып табылатын Селенга тасы, (яғни, Шине Усу ескерткіші) Орхон ескерткіштеріне жатады. жазбада түріктермен бірге ұйғырлардың тайпалық бірлестігіне билік еткен қыпшақтар уақыты жағынанең бірінші рет ауызға алынады. Елетміш қағанның түріктермен, түркештермен, қарлұқтармен, басмылдармен және т.б.көрші тайпалармен өзара қатынастарының тарихы да баяндалады. Түрколог ғалымдар атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне, яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қағанға қойылған ескерткіштерде де маәліметтер бар. Түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды Сонымен қатар, ол туралы әртүрлі болжам айтыла бастады.

VII-X ғасырлар деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа құлпытастарынан тұратын қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір ынта-ықылас туғызады. Енисейдің екі мәтінінен Қазақстанның алдыңғы ортағасырлық тарихына қатысты материалдар табылады.Бір эпитафияда қырғыздаржерінде өлген түргеш бегі туралы айтылады. Басқа да жазбада түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, қатып оралмаған атақты қырғызды жоқтау мәтінінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744және 756 жылдарға жатады.

Батыс түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени – тарихи қазына болып табылады, олар қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғары мерзімі едәуір айқын – VIII ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, тегінде, VI-VII ғасырлар шебі болуы ықтимал. Талас эпитафиялары «қара рудан» шыққан түргеш қағандары –Сұлық Шабыт-Шора мен оның ұлы билік еткен кезге (716-740жж.) жатады.

Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІІ ғ.). Бұл ескерткіштердегі жазуды сібір татарларының жазуына ұқсатқан алғашқы ғалымдар Г.И.Спасский [1], М.А.Кастрен және Г.Вамбери. Осыған ұқсас тұжырымды Н.А.Аристов та ұсынған болатын. Оның пайымдауынша, «Ежелден сақталған таңбалар Орхон-Енисей әліпбиіндегі әріптер ретінде қолданылған» [2, 28-29 б.]. Н.А.Аристовтың тұжырымын Н.Г.Маллицкий да қолдаған болатын.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ сібірде айдауда жүрген щвед офицері И.Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы П.Г. Мессершмидт және т.б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.

Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз қазақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И.Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Бұл тіл білімінің термині ретінде бертін келе кеңінен тарап кетті. Орыс география қоғамының Шығыс Сібір бөлімі 1889 жылы Монголия арнайы экспедия ұйымдастырды. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В.В.Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы суретке түсіріп, атлас жасаған еді. Алайда, бұл руна жазуының құпиясы көпке дейін ашылмай-ақ қойды.

Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әртүрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі моңғол жазуы , фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады. Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғандығын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.

Солтүстік Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан Н.М. Ядринцев тапқан ескерткіштер Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны Білге қаған (алғашқы аты Могилянь) мен қағанның інісі, данқты әскери қолбасшы Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан құлпытастарға қашап жазылған ұзақ жыр жолдары еді. Сөйтіп, руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылды. Осыған орай руна жазуының өзін бертін келе «Орхон-Енисей» жазуы деп атап кетті. Бұл жазуды тілі мен сипатына қарай бағалап, оны көне түркі жазуы деп атап береді. Бергілі орыс саяхатшысы әрі ғалымы Н.М.Ядринцев көне түркі ескерткіштерін іздестіруді осымен шектеп қойған жоқ. Тағы да іздене түсті. Ақыры 1891 жылы Моңғолияның Онгин деген өзен алқабынан тағы бір құлпытасқа бедерлеп жазылған ескерткіш тапты. Бұл кейінірек ғылымда «Онгин ескерткіші» деп аталды. 1886 ж. Минусинск өлкесіне, 1890 – 91 ж. финн археологтарының Қарақорымға жасаған экспедициясына қатысты. Ядринцев Ұйғыр қағандығының астанасы – Қарабаласағұн мен Шыңғысхан империясының астанасы – Қарақорымның орнына және Орхон өзені бойындағы ежелгі руна жазба ескерткіштеріне зерттеулер жүргізді. 1891 ж. «Сібір тұрғындары, олардың тұрмысы мен қазіргі жағдайы» атты кітабын шығарып, онда жергілікті халықтардың құқығын қорғады. Зерттеулер барысында Ядринцев Орталық Азия халықтарының өзіне тән жазуы болған деген қорытындыға келіп, ол ойларын “Орхон экспедициясы жайлы еңбектер” жинағында (1892) және “Байырғы моңғол атласы” (1892 – 99) атты еңбегінде жариялады.

Көп ұзамай түрколог ғалымдар атақты қағаны Білге қаған мен оның інісі Күлтегіннің әкесі мен шешесіне яғни Елтеріс қаған мен Елбілге қағанға қойылған ескерткіштер екен. Кейінірек сол маңайдағы Селенга өзені аңғарынан түрік елін билеген бірнеше қағанның кеңесшісі болған, данышпан қарт Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіш табылды. Оны тапқан ағалы-інілі Клеменцтер еді. Іле-шала түркологтар Тоныкөк ескерткішін жан-жақты зерттей бастады.

Орхон бітіктастары мен ескерткіштері тарихи мазмұны мен деректанулық тұрғыдан аса құнды. Онда Түрік Елінің саяси тарихы толықтай қамтылмаса да, едәуір дәрежеде хатталынып қашалған. Сондықтан орхон бітіктастары мен ескерткіштері ішінде ең ірісі Білге қаған бітіктасы мен Күлтегін бітіктасында көне түріктердің этносаяси тарихы, этномәдениеті және және т.б. жақтарына қатысты мол деректер бар. Одан кейін Тұңықұқ, Ел етміш қаған, Онгин (Ел етміш йабғұ) және т.б.бітіктастарда сол дәуірдегі этнотарихы және этносаяси жағдайлардан нақты мәліметтер кездестіруге болады.

Орхон ескерткіштерін терең зерттеп, тастардағы мәтіндерді орыс тіліне аударып, өзінің 1951 жылы жарық көрген «Памятники древнетюркской письменности» атты еңбектің авторы, көне және осы заманғы түркі тілдерінің ескерткіштері, түркі әліпбилерінің топтастыруына және түркі Орхон-Енисей жазбаларының оқылуына маңызды үлес қосқан орыс түркітанушысы С.Е.Малов [3] түркілердің саяси, әлеуметтік тарихын, сонымен қатар экономикасы, діні жайлы маңызды мәліметтер берді. Оның еңбегінің негізі - Күлтегін және Тоныкөкке арнап жазылған бітік тастардың мәтіндерінің көшірмелері мен аудармалары. С.Е.Маловтың еңбегіндегі Тоныкөкке арнап жазылған ескерткіштің аударма мәтінінде: «...(7) (А хан:) «С мудрым Тоньюкуком, в качестве бойла таркана,я, Ильтерес,да буду каганом!». Он много поразил на юге табгачей, на востоке(впреди) - киданей, на севере – огузов. Его товарищем по нанию и его товарищем по славе был я сам. Мы избрали местожительствао Куз Чугая и Кара –кумы («Черные пески»), (8) мы жили (там), питаясь оленями и зайцами. Горло народа было сыто. Враги наши были кругом, как хищные птицы, мы были (для них) падалью. Так проживая, от огузов пришел лазутчик (шпион)...» -, деген аударма жолдарда түркілердің саяси және Елтеріс қаған кезіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайын көруге болады.

Ал, Елтеріс қағанға дейінгі жағдайды: «...(2) Тюркский народ, не будучи со своим ханом, отделился от государства Табгач, сделался народом, имеющим своего хана; оставив своего хана, снова подчинился государству Табгач. Небо, пожалуй, так сказало: я дало (тебе) хана, (3) ты, оставив своего хана, подчинился другим. Из-за этого подчинения небо, - можно думать,- (тебя) поразило (умертвило). Тюркский народ ослабел (умер), обессилел, сошел на-нет. В стране народа тюрков-сиров (4) не осталось (государственного) организма...» деген аударма жолдарынан көреміз.

Н.Базылханның Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің жинағы еңбегінде осы аудармалардың қазақша тәржәмасы бар [4].

Түркі руникалық жазбалардағы түркілер тарихын ерекше ынтамен зерттеген ғалымдардың бірі С.Г.Кляшторный. Оның монографиясында ежелгі түріктердің руналық мәтіндерінен алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректемелердің материалдарымен жалғастырылып, қол жеткен нәтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да, деректану тұрғысынан да қорытылған [5].

С.Е.Маловтың жазба ескерткіштерге арнаған зерттеулерінің арасында 1952 жылы жарық көрген «Енисейская письменность тюрков», 1959 жылы жарық көрген «Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии» [16] атты және т.б. еңбектерінен түркілердің тарихы жайлы мәліметтері өте маңызды саналады.

Сол ескерткіштердің арасында Білге қағанға арнап жазылған ескерткіш, ғылымда «Көшө Цайдам», «Білге қаған ескерткіші» деген атаумен белгілі ескерткіштің мәтінінде Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алып, 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б.елдерге жорық шабуыл жасаған.

Білге қаған ескерткішін көптеген ғалымдар, түркітанушылар, филологтар, тарихшылар зерттеген болатын. Солардың арасында Н.М.Ядринцевтiң экспедиция тобы зерттеулері әлемге тарап, әйгілі болды. 1894 ж. В.В.Радлов Бiлге қаған бітіктасының мәтінін орысша, немiсше аударды. Бұдан кейін В.Томсен, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, Т.Текин және т.б. ғалымдар түпнұсқалық ғылыми жаңа аудармаларын, түсіндірмелерін жасады. Бітіктас мәтіннің тілін зерттеуде, қазақ тіліне М.Жолдасбеков, Ғ.Айдаров, Қ.Сартқожаұлы тәрізді ғалымдар аударды.

Орхон бітіктастары мен ескерткіштері тарихи мазмұны мен деректанулық тұрғыдан аса құнды. Онда Түрік Елінің саяси тарихы толықтай қамтылмаса да, едәуір дәрежеде хатталынып қашалған. Сондықтан орхон бітіктастары мен ескерткіштері ішінде ең ірісі Білге қаған бітіктасы мен Күлтегін бітіктасында көне түріктердің этносаяси тарихы, этномәдениеті және және т.б. жақтарына қатысты мол деректер бар. Одан кейін Тұңықұқ, Ел етміш қаған, Онгин (Ел етміш йабғұ және т.б.бітіктастарда сол дәуірдегі этнотарихы және этносаяси жағдайлардан нақты мәліметтер кездестіруге болады.

Көне түріктерде «мәңгітас» деген ырым жосындық ұғымы бойынша Түрік Елінің тарихы, келер болашаққа арналған өсиетті баяндамасы тасқа қашалып хатталды. Бір сөзбен айтқанда, сол замандарда-ақ «тастар сөйлей бастады» деуге әбден болады. Мұның айғағы Моңғолияның кең жазирасындағы бітіктастар, ескерткіштері соның куәсі екені сөзсіз. Орхон бітіктастары мен ескерткіштері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында, әкімшілік аймақтардың өлкетану музейілерінде сақтаулы. Ал ірі-ірі бітіктастар мен ескерткіш кешендер негізінен алғаш орнатылған жерлерінде тұр.

1889 жылы Орыс патшалығы география қоғамының шығыс Сiбiр бөлiмшесiнен аттанған Н.М.Ядринцев басқарған экспедиция тобы Орхон өзенi бойындағы Күлтегiн, Бiлге қаған ескерткiш кешендерін, Қарақорым, Қарабалғасұн (Орду-балық) қала орындарын зерттедi. Сөйтiп, бұдан бұрын белгiлi Енисей бітіктастары және ескерткіштерімен қатар көлемi жағынан олардан үлкен Орхон бітіктастары мен ескерткiштерi таныла бастады.

1890 жылы фин ғалымы А. Гейкел басқарған, 1891 жылы Орыс патшалық ғылым академиясының мәшһүр түркологi В.В. Радлов басқарған экспедициялары Орхон, Туыл, Селеңгi өзендерi бойындағы түрiк бiтiктастарды, ескерткiштердi зерттеп, бiрең-саран қазбалар жүргiзiп, бітіктас, ескерткiштердiң қағаз көшiрмелерiн (эстампаж), фотосуреттерiн алып қайтқан едi.

1893 жылы даниялық тiлбiлгiрi (полиглот) В.Томсен түрiк бiтiктің оқылу кілтінің ережесiн ашты. Оның еңбегі «Дешифровка орхонских и енисейских надписей.—Записки Восточного отделения Императорского русского археологического общества» 1891 жылы В.В.Радловтың басшылығымен өткен археологиялық экспедиция қорытындыларының нәтижелерін көрсетті. В.Томсенннің бітік тастарын зерттеуде елеулі роль атқарды. 1894 жылы В.В.Радлов Күлтегiн, Бiлге қаған бітіктастардағы көне түрік мәтінді орысшаға, немiсшеге аударып, әйгілі «Орхон экспедициясының есептері» сериялық басылымдарына жариялады. Осындай ізденістер мен зерттеулер нәтижесінде ғылыми тұрғыдан түрiк бiтiктану саласының iрге тасы қаланды. 1891 ж. Н.М. Ядринцев Онгин ескерткiш кешенiн, 1897 ж. Е.Н. Клеменц Тұнықұқ (Тоньюкук) ескерткiш кешенін алғаш рет тауып, бүкіл әлемге жария етті. Бұл шындығында Еуразиядағы түрік тектес этностардың төлтума тарихын, тілін, дүние танымын, этномәдени келбетін және т.б.сан-салалы қырларын зерттеуде жалпы әлемдік түріктануда іргелі-іргелі теориялық нақтылы қадамдар жасаудың бастамасы бола білді.

Орхон ескерткіштерін зерттеуде 1909 ж. ұйымдастырылған Фин-угор ғылыми қоғамының Г.И. Рамстедт, С. Пелси басқарған экспедициясы көп еңбек сіңірді. Олар «Мойын-Чұр» бітіктасын «Тарималын хошуу ескерткiшi» деп атап және осы кешеннiң алғашқы жоспарлы кесте-суретiн жасады, сонымен қатар «Сужи» ескерткiштерiн де тауып зерттеді. 1912 ж. әйгілі алтайтанушы ғалым В. Л. Котвич Күлi-Чұр ескерткiш кешенін іздеп тапты. 1923-1950 жылдары П.К.Козлов, В.А.Казакевич, Б.Я.Владимирцов, Б.Б.Бамбаев, Д.Д. Букинич, Г.И.Боровка, К.В.Вяткина және және т.б. ғалымдар көне түрік дәуіріне байланысты ескерткіштерді іздестіру, анықтау мен зерттеуге байланысты жұмыстарды қолға алды.

1956 ж. моңғол археологы Ц.Доржсүрэн «Бұғыт»- Татпар қаған ескерткіш кешенін, Тариат бітіктасын тапты. 1957 ж. Н.Сэр-Оджав басқарған экспедициясы Тұңықұқ ескерткіш кешенінде қазба жүргізген.

1958 ж. Н.Сэр-Оджав, Л. Ийсл бастаған Моңғол-Чехословакия бiрлескен археологиялық экспедициясы Күлтегін ескерткiш-кешенінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзді. 1962 ж. Моңғолия-Польша бiрлескен экспедиция мүшесi Э.Трыярский Онгин бітіктастың үш сынық бөлшегiн тапты. 1974 ж. Моңғолия-Венгрия бірлескен экспедициясы көне түрік дәуірінің Гиндэн-булаг ескерткішіне қазба жұмыстарын жүргізді.

Жалпы Моңғолиядағы көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерді зерттеуде 1960, 1969, 1970, 1975, 1976, 1977, 1978, 1983, 1984, 1986, 1987, 1988, 1989 жылдары ұйымдастырылған бұрыңғы Кеңес Одағы-Моңғолияның бірлескен экспедициясының үлесі мол болды. Атап айтқанда, Е.И. Убрятова, Б. Базылхан, Н.Сэр-Оджав, С.Г. Кляшторный, Х. Лувсанбалдан, М. Шинэхүү, Ю.С. Худяков, В.Е. Войтов, В. В. Волков, В.А. Лившиц, Г.Сүхбаатар, Г. Мэнэс, Қ. Сартқожа, Д. Баяр, Д. Цэвээндорж, Л. Болд, Ц. Баттулга және және т.б. ғалымдары археологиялық, тарихи, эпиграфикалық және басқа да жақтарынан кең көлемде зерттеулер жүргізді, біршама еңбектер жарияланды.

Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің мәтіндік зерттеулерін жаңадан қарастырған Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы 1996-1998 жылдары «Моңғолиядағы тарихи жазбалар мен ескерткіштер» атты жобаны жүзеге асырды.

2000-2001 жылдары моңғол археологы Д. Баярдың жетекшілігінде Білге қаған ескерткіш кешенінде Моңғолия-Түркия бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Осы қазбалар барысында көне түрік археологиясында сенсациялық жаңалықтар ашылды. Бұл Білге қағанның алтын тәжісі, күміс, асыл тастардан тұратын көмбесінің (2800 дана зат бұйымдар) табылуы еді. Орхон бітіктастары мен ескерткіштерін зерттеуге XIX ғасырдың 80 жылдардан бастап XXI ғасырға дейінгі кезенде Орыс патшалығы, Финляндия, Дания, Германия, бұрынғы Кеңес Одағы, Моңғолия, Ресей, Венгрия, Польша, Жапония, Түркия, Қазақстан және т.б.елдердің ғалымдары ат салысып келеді. Бұл орайда ерекше мақтаныш сезіммен атап өтетін тарихы оқиға деп 2001 жылы мамырдың 18-күні Қазақстан Республикасының ордасы Астанада Күлтегін бітіктасының ғылыми (жаңа технологиялық) көшірмесі орнатылуын айтар едік. Аталған ескерткіштердің арасынан Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастарын 1909 ж. Фин-угор ғылыми кеңесiнің экспедиция жетекшiсi Г.И.Рамстедт алғашқы мәлiметтердi «Cелеңгi тасы» деп атап, бітіктастың мәтіндік зерттеулерін жариялайды. Х.Н.Орхун, С.Е.Малов , Е.Убрятова, Б.Базылхан, Ғ.Айдаров, С.Қаржаубай мәтіндік зерттеулер жасады.

Енисей жазба ескерткіштерінің зерттелуі. Мәлімет қорында Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірі, Енисей, Абакан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда табылған 106 жазба ескерткіштер бар.Енисей өзені бойында шоғырланған түрік бітіктастары мен ескерткіштерін түрік бітіктану саласында "Енисей көне түрік жазба ескерткіштері" деп атап кеткен. Ондай көне мұралар қазіргі Хакасия, Тува, Таулы Алтай, Красноярск, Лена өңірлерінде, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест және т.б. өзен бойында, қорғандарда кездеседі. Жалпы саны 158-ден асады.

Ғалымдар Енисей бітіктастары мен ескерткіштердің дені хронологиялық тұрғыдан VIII-X ғасырларға қатысты екендігін анықтады. Түрік бітік жазулары бұғытас, арнайы дайындалған құмдақ, сланец, гранит және т.б. тас түрлеріне, жартастарда, сонымен қатар әшекейлі бұйым, алтын, күміс ыдыс-аяқ, металл айна, тиын, және т.б. заттарда жазылған.

Қазіргі кезде бітіктастар мен ескерткіштердің алғаш орнатылған орнында тұрғандары өте сирек кездеседі. Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі Минусинск, Кызыл, Абақан, Красноярск және де Санкт-Петербург, Хельсинки, Мәскеу мұражайларында сақтаулы.

Енисей ескерткіштері туралы алғашқы хабар-мәліметтер XVII—XVIII ғасырларда белгілі болып, оларды жариялау, іздестіру, археологиялық зерттеу жұмыстары XIX ғасырда қолға алынды. Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің археологиялық, тарихи, мәтіндік аудармалары, түсіндірмелері, грамматикалың ерекшеліктері, сөздік және т. б. лингвистикалық зерттеулерге байланысты көп материалдар жарияланды. Енисей ескерткіштерінің Орхон, Талас және т. б. жазба ескерткіштерінен таңбалық-графикалық, тілдік жағынан айтарлықтай өзгешеліктері жоқ деуге болады. Бұл мәтіндерде Түрік, Түргеш, Кырғыз, Ач, Чик, Төлбери және т. б. этнонимдер кездеседі.

Тарихи тұрғыдан алғанда, Енисей ескерткіштері Түрік Елі, көне түрік ұлыс мемлекеттерінің, әсіресе "Қырғыз ұлысының" дәуіріне жатқызылады. Енисей ескерткіштері ішіндегі ең ірісі 400-дей таңба-әріптен тұрады. Мәтіндерінің мазмұны әр түрлі, көпшілігі жоқтау-эпитафиялық сарынды болып келеді, онда әуелі белгілі бір тұлғаның есімдері, одан кейін оның өмірбаяны, жорық шабуылдары айтылып, аяғында ел-жұртынан, ағайын-туысқандарынан айрылғаны, жоқтаулары бәдізделген.Осы өңірлердегі көне мұралардың, әсіресе көне түрік бітіктастары мен ескерткіштерінің тарихы, тілдік ерекшелігі және т. б. зерттеулері жүргізіліп келеді.

Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінің алғашқы зерттеулерін Д.Г. Мессершмидт, И.Р.Аспелин, А.О.Гейкел, О.Доннер, Д.А.Клеменц, М.А. Кастрен, А.В.Адрианов, В.В.Радлов және т. б. ғалымдар жариялады. Сонымен қатар Финляндия, Ресей ғалымдары дайындаған Енисей ескерткіштерінің атласы жарық көрді.

​Енисей бітіктастары мен ескерткіштерін жан-жақты зерттеу ісіне X. Н. Орхун, С.Е.Малов, Л.А.Евтюхова, С.В.Киселев, Л.Р.Кызласов, А.Н.Бернштам, Э.Р.Рыгдылон, Л.Базен, А.М.Щербак, С.И.Вайнштейн, А.К.Боровков, Д.М.

Насилов, И.А.Батманов, 3.Б.Чадамба (Арагачи), С.В.Субракова, Г.Ф.Бабушкин, А.Ч.Кунаа, А.С.Аманжолов, С.Г.Кляшторный, Д.Д. Васильев, И.В.Кормушин, И.Л.Кызласов және т. б. ғалымдар мол үлестерін қосты.

Талас ескерткіштері. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңіріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург мұражайларында сақтаулы. Мәлімет қорына барлығы 15 ескерткіш туралы деректер енген. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өңірлеріндегі Талас өзені бойынан табылған ескерткіштер. Қазіргі кезде бұл аймақтардағы Талас ескерткіштерінің саны шамамен 30-ға жетеді. Қазақстанда Талас, Сыр, Іле, Ертіс өзендері бойынан табылған ескерткіштер де бар. Олар Бішкек, Тараз, Алматы, Санкт-Петербург қалаларының мұражайларында сақтаулы.

1896—1898 жылдары сол кездегі уезд бастығы-өлкетанушы В.А. Каллаур, мұғалім Гастев Талас қаласынан (Әулиеата уезі) 8 км солтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой, Қалба сайы шатқалында көне түрік жазулы домалақ пішінді 3 тас табады. 1898ж. А.Гейкел басқарған Фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы тағы да көне түрік жазулы екі тас кездестіреді. 1932 ж. Талас өзені бойынан Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшада ойылып жазылған көне түрік жазуы табылады. Талас ескерткіштерін бірінші, екінші, үшініші тас ескерткіштер деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Бұл тарихи тұрғыдан Түрік Елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді.Талас бітіктастары мен ескерткіштерінің мәтіндік зерттеулерін В. В. Радлов, А.Гейкел, Ю.Немет, С.Е.Малов, X.Н.Орхун, А.М.Щербак, И.А. Батманов, Ч.Жумагулов, А.С.Аманжолов және т. б. ғалымдар жасады. 1961, 1963 және 1977 жылдары 6, 7, 8, 9, 10 ескерткіштер, жартастағы ұсақ жазулар табылды (П.Н.Кожемяко, Д.Ф.Винник, Ч.Жумагулов, У.Асаналиев, К. Аширалиев, Г.Карагулова).

1896-1898 жылдары сол кездегі уезд бастығы-өлкетанушы В.Каллаур Талас қаласынан (Әулиеата уезі) солтүстік-шығыстағы Айр-Там-Ой, Қалба сайы шатқалынан көне түрік жазуындағы домалақ пішінді 3 тасқа жолығады. 1898 жылы А.Гейкел басқарған Фин-угор ғылыми қоғамының экспедициясы көне түрік тіліндегі тағы да 2 тас тапқан. 1932 жылы Талас өзені бойынан Ашықтас деген жерден төрт қырлы ағаш таяқшада ойылып жазылған көне түрік жазуы табылған. Талас ескерткіштерін 1,2,3 тас ескерткіштер деп сандық ретпен атау қалыптасқан. Бұл тарихи тұрғыдан Түрік елі, Түргеш, Қарлұқ мемлекеттері дәуіріне қатысты делінеді.Талас бітіктастары мен ескерткіштерінің мәтіндік зерттеулерін В.Радлов, А.Гейкел, Ю.Немет, Х.Орхун, Ч. Жұмағұлов, А.Аманжолов, т.б ғалымдар жасады. 1961, 1963 және 1977 жылдары 6,7,8,9,10 ескерткіштер, жартастағы ұсақ жазулар табылды. 1998-2000 жылдары жаңадан тағы сегіз жазу табылды (Қ. Табылдиев, О. Солтобаев).

Тұрпан жазбалары . Тұрпан жазбалары деп Шығыс Түркiстан - Тұрпан ойпаты, Дунхуань аймақтарынан табылған қытай қағазға жазылған түрік мәтіндері туралы деректер аталған. Мәлімет қорына барлығы 38 ескерткіш туралы деректер енген.

Шығыс Түркістан аймағы ежелгі жазба ескерткіштерге бай өңір. Оларға ҚХР-дың ШҰАР, Тұрпан, Дунхуан, Миран өңірлерінде табылған, қағазға жазылған қолжазбалар мен құрылыс қабырғаларында өрнектелген көне түрік бітік жазулары жатады. Олардың ең үлкені 60 парақтан астап "Ырық бітік" туындысы болып табылады. Бұл ескерткіштер 1902 жылдан бері зерттеліп келеді. Тұрпан ескерткіштері Германия, Англия, Ресей, Франция және Жапония кітапханаларында сақтаулы. А.Ле Кок, М.А.Стейн, В.Томсен, Ж.Р.Хамильтон, Л.Базин, Х.Н.Орхун және т.б. ғалымдар зерттеу жүргізді

Түркілердің саяси және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер осы аталған Орхон-Енисей жазбаларында көптеп кездеседі. Көптеген тарихшылар, филолог-шығыстанушылар тастардағы жазуларды аудару барысында осы мәселелерге ерекше көңіл бөлген. Ерекше көңіл бөліп зерттеген ғалымдардың бірі А.Н.Бернштам. Оның «Социально-экономический строй Орхоно-Енисейских тюрок VI-VIII вв. Восточно-Тюркский каганат и кыргызы» атты монографиясы осы мәселенің мәнін ашып берді десек қателеспеспіз. Аталған еңбек тарих ғылымының кандидаты дәрежесін алу мақсатында жазылған диссертациялық жұмысы болатын. Еңбекті жазу барысында автор тек Орхон-Енисей жазбаларының мәтіндерін көптеп пайдаланды. Сонымен қатар зерттеу жұмысынң толыққанды мәнді болу үшін И. Бичурин және Ст. Джульеннің қытай жылнамаларының аудармаларын пайдалаған. Аталған тақырып бойынша автор негізгі бірнеше тараулар арқылы зерттеген. Олар: «Происхождение орхоно-енисейских тюрок», «Родовой строй», «Классы и классовая борьба». Монографияны жазу барысында автор бірнеше мақалалар [12] жариялаған.

Орхон-енисей жазбалары бойынша түркілердің әлеуметтік және экономикалық жағдайын зерттеген ғалымдардың бірі Л.Базен. 1986 жылғы «Шетел түркологиясы » жинағына түркілердің әлеуметтік жағдайына қатысты 2 мақала жарияланды: 1)Л. Базен. Человек и понятие истории у тюрков Центральной Азии в VIII в. 2)Л. Базен. Концепция возраста у древних тюркских народов (Д.Д. и Е.А. Васильевтердің аудармасымен). Зерттеудің негізі С.Е.Маловтың еңбегі болды. С.Е.Маловтың еңбегіндегі мәтіндерге сүйеніп, Л.Базен түркі тайпалары арасындағы «түркі қоғамындағы адамның ролі», діни наным-сеніміне, экономикасына, сонымен қатар көрші ел – Қытаймен болған қарым-қатынастарына сипаттама берген. «Алтын және жылтыр күміс, олардың тоқылған жібектері, олардың наннан әзірленген сусындары, олардың сәйгүліктерін, оның қара бұлғыны және олардың көгілдір тиіндерін – барлығын менің түркі халқым үшін жинадым...шексіз еттім »-, деген [13] Білге қағанның сөздерінен «түркілердің материалдық жағдайын жалпы ортақ, халықтың мақсаты» –деген ой келтірді.

Ғ.Айдаров қазақ тіл ғылымының осы бір бұрын түрен тимеген саласын зерделей зерттеуге ден қойып, көне түркі жазба мұраларының сырын ашқан алғашқы қазақ ғалымы. А.Медоев, Қ.Сәтбаев жетекшілік жасаған ғылыми экспедициялар құрамында түркі жазбаларына зерттеулер жүргізді. Осын­дай талмай ізденістері нәтижесінде «Ескі түркі жазуы Орхон-Енисей ескерткіштерінде», «Білге қаған тілі», «Тоныкөк», «Құлшора», «Құтлұғ-қаған», «Мойын Чор», «Орхон-Енисей жазуларының әдебиеттер көрсет­кіші», «Орхон ескерткіштері» атты еңбектер жазып, түркология ғылымына соны ой, жаңа тұжырымдар әкелді. Ғалымның еңбектері (Білге қаған ескерткішінің тілі [14], VIII ғасырдағы көне түркі жазулы орхон ескерткіштерінің тілі [15], Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі (оқулық) [16], Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі [17] т.б. бұрынғы кеңес одағындағы көрнекті түрколог ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды. Айдаров 250-ден астам ғылыми-зертхана еңбек, оның ішінде 10 монография мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтың авторы. Ғылыми-зертхана еңбектері негізінен түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Ғ.Айдаров ғылыми еңбектерінде көне түркі ескерткіштерінің мәтіндерін қазіргі графика бойынша транскрипциялап, олардың тілін лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты талдаған, ескерткіштер тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.

Қазақстандық ғалымдардың түркі философиясы туралы оймақты зерттеулеріне тізбектеме жасар болсақ, тəуелсіздікті алғаннан кейін аталмыш тақырыпты қамтыған зерттеулер көптеп дүниеге келді. Н.Базылхан «Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері» , М.Жолдасбеков пен Қ. Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» [18], Қ.Сартқожаұлының «Орхон мұралары» [19], Д.Кішібеков пен Т.Кішібековтың «Речь и письменность: предпосылки происхождения» [20], «Речь и письменность: трансформация звуко-знаковых систем» [21], О.Сүлейменовтың «Тюрки в до истории: о происхождении древнетюркских языках и письменностей» [22] атты еңбектері, А.Қажығалиұлының «Казахские пиктограммы» [23] зерттеуі қазақ халқының түркі ұлтынан екендігін жан-жақты негіздеуде салмағы жоғары ғылыми еңбектер қатарын молайтты.

Түркі бітік ескерткіштерінің зерттелуінде Қазақстандық ғалымдардан ерекше атап өтетін М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірігіп жазған еңбегі “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” . Кітапта Ұлы Далада үш ғасыр бойы билік жүргізген, міңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дүниетанымын, даналығын, ой-санасын, болмысын, жазу өнерін, ел басқару жүйесін, ата дәстүрін қшпестей етіп тасқа қашап кеткен, сө»тіп өркениетке, адамзат мәдениетіне асыл қазына қосқан байырғы түріктердің мұралары түгел қамтылған. Атлас Моңғолия-чехия, Моңғолия-Түркия, Моңғолия-Кеңес Одағы біріккен экспедицияларының материалдары, сондай-ақ әлем түркітанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған. Атлас авторлары байырға түркі мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, бұрыңғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнүсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған. Орхон ескерткіштері туралы мұндай түбегейлі зерттеу түркология ғылымы саласында бұрын-соңды жазылмаған еді. Бұл еңбектің құндылығы мен ерекшелігін Мәмбет Қойгелдиев және Хангелді Әбжановтың 2006 дылдың 2 қарашасында Егемен Қазақстан газетінде «Ұлттық тарихымыздың бастау көздері» [24] атты мақаласынан көруімізге болады.

Көне түркі мəдени жəдігерлеріндегі адам жəне əлем модельдері деп аталатын тақырыптың зерттелу деңгейін талқылағанда, қазіргі таңда шет елдегі түркітануға қатысты ғалымдарды қарастырған орынды. Шығыс Европа мемлекеттерінде түркітану тарихи-философиялық жəне лингвистикалық əрі филологиялық салада дамуда. Мысалы Венгрияда түркітану мəселелерімен Д.Немет [25], Л.Лигети, Д. Хазау, А. Рона-Таш, Ж. Какук, Д. Кара, Э.Шютц, И. Вашари, Румынияда – М.Губоглу, В. Дрымбэ, Германияда П.Циме, З. Клейнмихель, Чехияда – Й.Блашкович, Й. Кабдра, Польшада – А. Зайончковский, В. Зайончковский, А.Дубиньский, Э.Трыярский секілді ғалымдардың еңбектері зор. Түркітану ғылымы Еуропаның Австрия,Ұлыбритания, Дания, Италия, Франция, Финляндия, Швейцария, Швеция секілді елдерінде жақсы дамуда. Атап айтқанда, А. Титце – Австрияда, К.Г. Мендес – Америка Құрама Штаттарында, П.Аалто – Финляндияда, Л. Базен, Ж.Л. Боке-Граммон – Францияда, А. Бомбачи [26], Р.Факкани –Италияда, Ярринг, Л.Юхансон – Щвецияда түркітанудың дамуына өз үлестерін айтарлықтай қосқан.

VII-IX ғғ. түркі руна ескерткіштерінің грамматикасын зерттеуде, 1980 ж. жарық көрген А.Н.Кононовтың «Грамматика языка тюркских рунических памятников (VII—IX вв.)» [27] атты еңбегі. Еңбек ежелгі түркі руна ескерткіштерінің фонологиясы, сөз құрылымы, морфологиясы және т.б. филологиялық тұрғыдан жазылған. Филологиялық тұрғыдан шектеле қоймай,ескерткіштердің ашылуы тарихы мен зерттелуі, шифрын анықтау, олардың тарихи-саяси және тілдік классификациясын , сонымен қатар руна әліпбиінің пайда болу гипотезасына шолу жасаған. Бұл еңбектен бөлек А.Н.Кононовтың түркі тілі, түркі грамматикасы, лексикологиясы, этимологиясы, тарихы, шығыстану саласында 250-ден астам еңбектері жарияланған болатын.

В.В.Радловтың көне түркі ескерткіштерін зерттеудегі еңбегі шексіз. Ол көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Іұнды еңбектерінің бірі — «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді: Алтай, Қазан, Петербург. Алтай кезеңінде (1859 — 71) Батыс Сібір, қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты. Қазан кезеңінде (1871 — 84) «Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» [28] және «Сібірден» (екеуі де неміс тілінде) aтты екі еңбегі жарық көрді. Петербург кезеңінде (1884 — 1918) «Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі» [29] атты көп томдығы баспадан шыға бастады (әлі күнге дейін толық жарық көрмеген, 4 жинағы шыққан). 1891 ж. ол Ресей ҒА экспедициясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 10-нан астам әріп таңбаларын оқып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің фонетикалық-грамматикалық ерекшеліктері туралы жазды, мәтіндердің орыс тіліндегі транскрипциясын жасады. «Тоныкөк» (1899) ескерткіштерінің аудармасы мен транскрипциясын жариялады.

Түркі руникалық жазбалардағы түркілер тарихын ерекше ынтамен зерттеген ғалымдардың бірі С.Г.Кляшторный. Оның монографиясында ежелгі түріктердің руналық мәтіндерінен алынған материалдар талданып, жүйеге келтірілген, олар басқа деректемелердің материалдарымен жалғастырылып, қол жеткен нәтижелер Қазақстан мен Орта Азия тарихына сәйкес тарихнамалық тұрғыдан да, деректану тұрғысынан да қорытылған [30]. Түріктер тарихын талдап жасаумен бірге, кангюй проблемасы, Жетісуға соғдылардың қоныстануы соншалықты мұқият зерттелді.

Қазақстанның ортағасырлық тарихы саласында В.В.Бартольдтің ісін тікелей жалғастырушылардың бірі, кең ауқымды зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін қарастырған А.Н.Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты қызметінің қазақ халқы тарихының алдыңғы кезеңін, соның ішінде усундер, ғұндар тарихының көптеген бөлімдерін зерттеудегі маңызы зор. Жазбаша (көне түрік және қытай) деректеріне сүйеніп, А.Н.Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық қатынастар жүйесіне ұласуын айқындалады. Ол, сондай-ақ V – VII ғасырлардағы соғды қоныстанушылығының рөлі мен маңызын және оның Түрік қағанатымен өзара қатынасын анықтады, Жетісудағы қарлұқ кезеңі туралы мәселені нақтылады [31].

Жалпы көне бітіктастары мен ескерткіштері археологиялық, этнографиялық, тілдік, мәтіндік, археографикалық және т.б.этносаяси, этноәлеуметтік, этномәдени тұрғыдан көптеген жайттарды анықтауға мол септігін тигізетін аса мол мұралар болып табылады