
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
1)Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен
тәуелсіз бейбіт қатар өмір сүру қағидасы.
2)Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау
қағидасы.
3)Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы.
4)Мемлекеттердің дербес теңдігі қағидасы.
5)Ішкі істерге қол сұқпаушылық қағидасы
6)Халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі билеу қағидасы.
7)Мемлекеттердің ынтымақтасуы қағидасы.
8)Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы
9)Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.
12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
1-бап. Жарлықтың қолданылу аясы
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың осы Жарлықпен белгiленген тәртiбi олардың нысаны мен атауына (шарт, келiсiм, конвенция, пакт, хаттама, хаттар немесе ноталар алмасу, халықаралық шарттардың өзге де түрлерi мен атаулары) қарамастан, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қатысты қолданылады. 2. Осы Жарлықтың күшi Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқару органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жасасатын халықаралық шарттарға қолданылады.
3-бап. Халықаралық шарттардың түрлерi
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шет мемлекеттермен: 1) Қазақстан Республикасының (мемлекетаралық шарттар); 2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (үкiметаралық шарттар); 3) Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқару органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың (ведомствоаралық шарттар) атынан жасалады.
5-бап. Халықаралық шарттардың тiлi
1. Екi жақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады. 2. Көп жақты халықаралық шарттар шарттарға қатысушылардың келiсiмi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады
10-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялайды. 2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және халықаралық шартқа орай оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) - жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық әмбебап ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымы 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы 1945 жылдың 26 маусымында қабылданып, 1945 жылдың 24 қазанында күшіне енді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді: • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту; • экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын дамыту мен қолдауда әріптестікті жүзеге асыру; • ұлттардың осы мақсаттарға жету жолында үйлестіруші орталық болу. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі принциптерге сүйеніп әрекет етеді: • оның барлық мүшелерінің егеменді теңдігі; • олардың мойнына алған барлық халықаралық міндеттемелерді адал орындауы; • олардың арасында туындайтын халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; • басқа мемлекеттерге қарсы күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетпеу; • олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес жүргізілетін барлық шараларға жанжақты кәмек көрсетуі керек; • Біріккен Ұлттар Ұйымы оған мүше емес барлық мемлекеттердің осы принциптерді ұстануын талап етеді, өйткені бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет; • Біріккен Ұлттар Ұйымына Жарғы ешқандай жағдайда мемлекеттердің ішкі ісіне жататын әрекеттерге араласуына құқық бермейді. Кез келген бейбітшілік сүйгіш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын мойындап, ондағы міндеттемелерді орындауға келіскен мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше бола алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдері: қытай, ағылшын, француз, орыс, испан тілдері. Бұлардан басқа Бас Ассамблеяда, Қауіпсіздік Кеңесте және Экономикалық және әлеуметтік кеңесте ресми тіл ретінде араб тілі қосылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат
|
28. Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері. |
Азаматтық — жеке тұлғаның нақты бір мемлекетпен арасындағы байланыс болып табылады.
Азамат деп өзара құқықтары мен міндеттерден тұратын жеке тұлғаның мемлекетпен арасындағы саяси құқықтық байланыс болып табылады.
Азаматтықты алудың жолдары:
1. Филиация— туғаннан бастап берілу(топырақ, қан)
2. Натурализация тәртібімен азаматыққа ие болу(тұлғаның өтініш беруі арқылы азаматтықты алу)
3. Реинтеграция— бұрынғы азаматтықты қайтадан қалпына келтіру
4. Оптация — өзі таңдай алады.
5. Трансферт —аумақ қалай бөлінсе.
6.Репатриация— соғыс тұтқындарын ,басқындарды өз еліне қайтару
Азаматтықтың жойылуы: өз еркімен арыз жазу арқылы.
Азаматтықтан айырылуы: азамат өз міндеттерін өрескел бұзған жағдайда құқыққа қарсы әрекет еткені үшін жазалау шаралары .
Бипатридтер — қос азаматтығы бар тұлғалар.
Апатридтер — азаматтығы жоқ тұлғалар.