Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1list.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.22 Кб
Скачать

2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері

Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Ол адамзат цивилизациясының орталығы атанған тарихтың пайда болуымен тікелей байланыста болады. Ерте заманда ежелгі Үндістан, ежелгі Қытай, ежелгі Грекия, ежелгі Рим осы аудандарға жатқызылады. Кейінірек адамзат қауымының дамуымен халықаралық өмірдің басқа да орталықтары пайда болды. Осы орталықтарда орналасқан мемлекеттер өздерінің арасында әртүрлі саладағы қарым-қатынастарды ұстап отырды, осының нәтижесінде халықаралық-құқықтық нормалардың пайда болуына алып келді.

Біздің эрамызға дейінгі І ғасырда Орта және Таяу Шығыста Ассирия, Вавилон, Парсы, Урарту сияқты мемлекеттер халықаралық қатынаста үлкен рөл ойнады. Бұл кезеңдегі шарттар көбінесе соғыс мәселесі, жерлерді басып алу, әскери одақтар құру, алым алып отыру, династиялық байланыстарды орнату мәселелері бойынша жасалып отырды.

Осы мыңжылдықта Ежелгі Үндістан, Ежелгі Қытай секілді мемлекеттер пайда болды. Ежелгі үнді мемлекеттерінің халықаралық байланыстарына Ману заңдары үлкен ықпал етті. Ежелгі Үнді мифологиясы бойынша Ману – бұл адамзатты жаратушы мифтік атау болып табылады. Бұл халықаралық құқықтың саясат, келіссөз жүргізу, соғысты жүргізу тәсілі сияқты әртүрлі қаулыларының жинағы болып табылады. Ежелгі Үндістанның елшілігіне қол сұғылмайтын болған. Бейбіт уақытта және соғысқа арналған деп екіге бөлінген халықаралық шарттарға үлкен көңіл бөлінген.

Халықаралық құқықтың қалыптасу процесі рим құқығының әсеріне, оның ішінде міндеттемелік құқық нормаларының әсеріне көп ұшырады. Мәселен, «pacta sunt servanda» - «шарттар орындалуы тиіс» деген шарттар құқығының негізгі ережесі рим құқығынан алынған. Ежелгі Римде шарт жасауды ерекше діни тұлғалар – фециалдар жүргізген болатын. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп, шартқа адалдық антын берген. Сол сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты деп есептелген.

Ежелгі Қытайлықтардың жүйелі түрде дипломатиялық байланыстарды орнатуы, халықаралық шарттарға отырғанын тарихи жәдігерлер куәландырады. Елшілерге сол кезден-ақ қол сұғылмайтын болған. Халықаралық мәселелерді шешу үшін мемлекет басшылары съездерге шақырылып отырған. Біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда осындай мемлекет басшыларының съездердің бірінде аралық сотта дауларды бейбіт жолмен шешу туралы шартқа отырғаны бәрімізге белгілі.

Біздің эрамызға дейінгі VIII ғасырда Ежелгі Афина және Ежелгі Спарта секілді ежелгі гректік полистер пайда болды. Сол кездегі түсінік бойынша тек грек мемлекеттерімен олардың колониялары ғана құқықтың әсеріне түседі де олар ғана толық құқылы азаматтар болып есептеліп, ал басқаларының құқығы жоқ варварлар санатына жатқызылды.

3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.

 Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт.

Кодификация кезінде халықаралық құқықтың нормаларының іске асуы, сот және басқа органдарының шешімдері, халықаралық қатынастар, халықаралық құқықтық реттеу болжамдары ескеріледі. Кодификация халықаралық құқықтың тиімділігін арттырудың бір жолы. Халықаралық құқықтың кодификациясы үнемі ресми түрде жүзеге асады. БҰҰ Бас Ассамблеясының зерттеуді ұйымдастыру және халықаралық құқықты және оның кодификациясын дамытуды мадақтау мақсатындағы ұсыныстары арнайы құрылатын уақытша және тұрақты органдардың көмегімен жүзеге асрылады. Ерекше орынды халықаралық құқық комиссиясы алады. Осы органмен дайындалатын кодификациялық актілердің жобалары не БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында құпталады не бұл мақсатта Бас Ассамблеяның шешімімен халықаралық конференция шақырылады. БҰҰ шегінде Теңіз құқығы бойынша Женева Конвенциясы сияқты кодификациялық шарттар дайындалды. Кодификацияның нәтижесі болып бір немесе бірнеше кодификациялық актілер табылады. Кодификациялық акт болып халықаралық ұйымдардың актілері табылуы мүмкін. Мысалы: халықаралық құқықтың қағидалары туралы декларация 1970 жылғы. Кодификациялық актілер автоматты түрде міндетті болып табылмайды. Себебі ол қолданыстағы және міндетті нормалардан құралады. Міндетті түрде мемлекеттің ратификация бойынша немесе басқа формадағы келісімі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]