Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.22 Кб
Скачать

80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.

Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаты:

1) Бейбітшілік пен халықаралық қауыпсіздікті нығайтуға бағытталған экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты реттеу; әлемдік экономикалық проблемаларды шешу; экономика облысындағы ғылыми-техникалық прогресті дамыту, сонымен қатар жаһандық тұтынушылық, энергетикалық, шикізаттық, көлік, валюталық- қаржылық, табиғатты қорғау және өзге де проблемаларды шешу; 2) мемлекеттердің егеменді теңдігі, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, жан-жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар туғызу үшін халықаралық міндеттемелерді адал ниетпен орындау. 3) Халықаралық эко-қ қаты-дан нәсілдікті, апартеидті, дискриминацияны және теңсіздікті жою; саяси, экономикалық және әскери диктатураны болдырмау. 4) Халық-қ эко-қ ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру.

Халық-қ эконо-қ құқықтың қағидалары- бұл халық-қ эко-қ қатынастарды реттейтін арнайы қағидалар мен халық-қ құқықтың жалпыға белгілі қағидалары. Яғни олар; 1) мемлекеттердің егеменді теңдігі; 2) мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау; 3) күшті және күшпен қорқытуды қолданбау; 4) Ынтымақтастық. 1970 ж Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларацияда, 1975ж ЕЫҚҰ Қорытынды Актісінде баяндалған. Арнайы қағидаларға мыналар жатады;

1) мемлекеттердің өздерінің табиғи байлықтарының ажырамас егемендігі; 2) сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру нысанын мемлекеттердің таңдау еркіндігі. 3) экономикалық дискриминацияламау ; 4) әділетті эконо-қ ынты-қ және өзара пайда қағидасы.

81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.

Халықаралық экономикалық ұйымдардын аз мүделері жоқ. Олардың қызметті мемлекеттердің экономикалық қызметтесуін дамуына арналады. Халықаралық экономиклық ұйымдардың шенберінде күрделі экономикалық мәселелер талқыланады: Олардың шеңберінде мемлекеттері күрделі экономикалық мәселелер жөнінде маңызды шешімдер қабылдайды; Олардын шеңберінде экономикалық шарттардын жобалары дайындалады. Бұл ұйымдардың ішінде бірінші орында БҰҰ және оның жүйесіндегі органдары мен ұйымдары: Бас ассамблея экономикалық жәнеӘлуметтік Кеңес (ЭКОСОС) халықаралық сауда құқығы жөнінде комиссия (ЮНСИТРАЛ) -Бас ассамблеясын көмекші органы. ЭКОСОС-тын қоластында бірнеше көмекші органдарымен комисиялар қызмет етеді. ЭКОСОС халықаралық экономикалық қызметтесу мәселесімен айналысатын БҰҰ-нын мамандырылға мекемелерінің қызметтін үйлестіреді.

БҰҰ-ның мамандырылған мекемелері өндіріс дамуын Бірікен Ұлттар ұйымы ЮНИДО ( организация объединенных наций по промышленому развитию ЮНИДО); Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО); Ауылшаруашылық дамуының халықаралық қоры (МФСХР); Интелектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (ВОНС); Қаржы мекемелері:(МВФ,МБРР,МФК,МАР,МАИГ). Бүкіләлемдік сауда ұйымы (ВТО) 1995ж. қызметтін атқарды. Оның қызметті ГАТТ-ын шешімдеріне, процедурасына, тәжірибесіне негізделеді. ВТО-ның негізгі мақсаты –әлемдік сауданы либерлизациялау, халықаралық экономикалық қатынастарды кеңейте жатып әлемдік ресурстарды тиімді түрде пайдаланып барлық мемлекеттердің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]