
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
Мемлекеттің сыртқы қатынас орнатудағы шетелдік оргндарына БҰҰ-ның және басқа халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері жатады.Осы органның құқықтық мәртебесін 1975 ж 14 наурыздағы мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдар мен қатынастағы өкілдіктері туралы Вена конвенциясы реттейді.мемлекеттің тұрақты өкілдіктері-бұл халықаралық ұйымдарда өз мемлекетін таныстыратын және белгілі бір қызметтерді атқаратын мемлекеттік органдар.Халықаралық ұйымдрдағы мемлекеттің өкілдіктері(1975 ж Вена конв-ң 6-бабы)мынадай міндеттерге ие:1-ұйымдарда жіберген мемлекеттің өкілдігін қамтамасыз етеді,2-ұйым меен жіберген мемлекеттің расында тұрақты ьайланыс орнатды,3-ұйымдарда және оның шеңберінде келіссөз жүргізеді,4-ұйымның қызметі жөнінде жіберген мемлекеттің үкіметін ақпаратпен қамтамасыз етеді,5-ұйымға деген қатынасында жіберген мемлекеттердің мүдделерін қорғайды,6-ұйыммен қызметтесу арқылы және оның шшеңберінде ұйымның мақсаттары мен қағидаттарының жүзеге асырылуына атсалысады.Аталған міндеттер барлық әмбебеп халықаралық ұйымдардың жанындағы,соның ішінде БҰҰ жанындағы мемлекеттердің өкілдіктеріне де қатысты.
70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
Халықаралық гуманитарлық құқық. Халықаралық гуманитарлық құқық түсінігі, қағидалары мен қайнаркөздері. Қарулы қақтығыстар түсінігі мен түрлері. Халықаралық гуманитарлық құқық және қарулы қақтығыстар құқығының арақатынасы. Гаага және Женева құқықтары. Қарулы қақтығыс басталуы және аяқталуының нысандары мен салдары. Соғыс театры. Соғыстағы бейтараптық: түсінігі мен түрлері. Бейтарап және соғысушы мемлекеттердің өзара құқықтары мен міндеттері. Әскери контрабанда, трофейлер мен жүлделер. Әскери оккупация режимі. Мәдени құндылықтарды қорғау.
73)Консулдық өкілдіктер: ұғымы, қызметі. Консулдық өкілдіктер (мекемелер) бұл өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарын,экономикалық және т.б мүдделерін қорғау мақсатымен мекендеу мемлекеттің аумағында оның келісімімен құрылған бір мемлекеттің арнайы оргпндпрыКонсулдық мекемелердің дипломатиялық өкілдіктерден елеулі айырмашылығы бар.Мысалы,консулдық мекемелер мекендік мемлекеттің барлық аумағында емес тек бір алдын-ала анықталған аймақта қызмет жасайды.Бұл консулдық аймақ мемлекеттердің келесемі негізінде анықталады.Аккредитация берген мемлекеттің мекендік мемлекетінде бар ғана дипломатиялық өкілдігі болады,ал консулдық мекемелер бірнеше консулдық аймақтарда құрылып,саны бірнеше болуы мүмкін.
Консулдық мекемелер 2 түрге бөлуге болады:Дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдері,жеке консулдық мекемелер.
74)Консулдық корпус. Консульдық корпус ұғымы тар және кең мағынада қолданылады.Тр мағынада консльдық аймақта орналасқан консулдық мекеме басшылрының жиынтығы айтамыз.Кең мағынада консулдық аймақта орналасқан барлық шетел консулдық лауазымды тұлғалардың және олардың отбасылары мүшелерінің жиынтығы.Консулдық корпусқа құрметті консулдар мен дипломатиядлық өкілдіктердің консулдық бөлімдерінің қызметкерлері кіреді.Консулдық корпус салтаатты іс-шараларға қатысады-құттықтау,көңіл айту,кездесулерді ұймдастырады және т.б.Кон.Корпусты дуайен басқарады.Дуайен жаңадан келген консул мекемелерінің басшыларын мекендеу мемлекетінің заңы және әдет-ғұрыптарымен,консулдық аймақтың ерекшеліктерімен консулдық аймаққа кіретін мекендеу мемлекетінің әкімшілік-аумақтықбірліктердің басшыларымен таныстырадыжәне ішкі мәселелерді шешеді,консулдық корпус мүшелерінің құқықтарын қорғайды.
75)Консулдардың дәрежелері. Консул (лат. Сonsul) – 1) басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді (өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңдық және экономикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды адам.
Дәрежелері:елші,уәкіл,кеңесші,хатшы(бірінші),хатшы(үшінші),дипломатиялық атташе
ҚР-ң дипломаттарының дәрежелері:Төтенше және өкілетті елші.1-сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл.2-сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл.1-сыныпты кеңесші.2-сыныпты кеңесші.1-сыныпты бірінші хатшы.2-сыныпты бірінші хатшы.1-сыныпты екінші хатшы.2-сыныпты екінші хатшы.Үшінші хатшы.Диплом-қ атташе
Дипломатиялық өкілдіктер үшін сыныптар мен дәрежелер бекітілген.Сыныптар дипломатиялық өкілдіктің басшысы үшін халықаралық құқықпен орнатылған (бірінші рет 1815 ж Вена конвенциясы өзінің регламентімен дипломатиялық өкілдіктің сыныптарын бекітіп,ол 1916 ж дипломатиялық қарым-қатынасқа түсу туралы конвенциямен расталған).