
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
Халықаралық құқық- бұл, құқытың әртүрлі: саяси, экономикалық және мемлекеттер арасындағы басқада өзара қарым-қатынасты, сонымен қатар халықаралық өзара қарым-қатынасқа қатысушы басқада құрылымдарды реттейтін құқық саласы. Ол, мемлекет ішіндегі басқада құқықтар саласынан өзгеше болатын құқтың айырықша жүйесі ғана емес. Халықаралық құқық халықаралық өзара қарым-қатынасты реттейтін және мемлекетің келісім еркін білдіретін келісім және жәй нормалар қағидаларының жүйесін білдіреді.
Халықаралық құқықты сақтау, халықаралық құқтың белгіленген шегі және үлгісі көлемінде жеке және алқалы өлшеммен қамтамасыз етіледі.
Құқық тұжырымы, халықаралық құқыққа да жатады. Оның анықтаудағы әрбір элементінің халықаралық құқықта өз ерекшелігі болады. Мысалы халықаралық құққа құқықтың дәстүрлі белгісі: мемлекеттік еркіндік сипаттағы құбылыс; заңдық нормалары белгілі бір қоғамдық өзара қарым-қатынастарды реттеу; халықаралық құқықтық нормаларды сақтауда мәжбүрлі қаматамсыз ету.
Бұлармен бірге, халықаралық құқыққа бірнеше өзіндік ерекшеліктер тән.
Реттеу саласы. Халықаралық құқықтың, мемлекетпен пайда болу негізінен байланысты екеніне қарамастан, ол жеке мемлекет құқығы немесе мемлекет үстінен қарайтын құқық болып табылмайды. Ол, мемлекеттердің өзара достық қарым-қатынастарын орнықтыратын және оны қамтамасыз ететін халықаралық құқық болып табылады. Бұл қарым-қатынас ереже бойынша, саяси, экономикалық және басқада, өзінің әртүрлі табиғи денгейіне, саяси жағына, ішкі құрылымына, аумақтық бөлігіне, тұрғындардың санына байланысты әртүрлі болатын, мемлекеттердің арасындағы қатынастар. Тағы бір айта кететін жай халықаралық құқық саласын, халықаралық құқықтық қатынас объектісінен айыра білу керек. Халықаралық құқықтық қатынас объектісі- бұл, құқық субъектілерінің жалпыға бірдей танылған қағидалар мен халықаралық өзара қатынас нормалары негізінде бір-бірімен құқықтық қатынасқа тусуі. Объектінің түрін үшке бөледі: аймақ, іс-әрекет(қызмет), істен бас тарту. Мысалға, аймақ мәселесі объект ретінде жиі кездеседі, әсірісе әскери жағынан. Бейбітшелк мәселесі, өзара көмекті түсіне білу, бұл мемлекеттер арасындағы әртүрлі құқықтық қарым-қатынастың объектісі болады. Бейтараптық, соғыс жүргізүдің зандары мен дәстүрлері туралы проблемалар, объектісі, халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
Халықаралық құқықтың өзара қарым-қатынастық аймағы кеңейген сайын, объектінің де шеңбері ұлғая түсуде. Мысалға, ғарыштық байланыстың құқығы, атомдық қуатты бейбітшілк мақсатта пайдалану, ішкі континентальдық мемлекеттердің статусы сияқты жаңа бағыттар, объектінің жаңа жүйесін құрайды. Халықаралық құқықтың мемлекеттік құқытан тағы бір айырмашылығы ол- құқықтың норманы қамтамасыз ету қабілеті. Құқытың субъектілерімен келісімге келуден басқада, халықаралық құқық мәжбүрлеу шараларын да қолданады. Соңғысына, жекеше және ұйымдық қасиет тән. Халықаралық құқықтың нормасы мемлекеттер арасындағы өзара келісім жасау кезінде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық құқықтың, құқықтың аз немесе одан да көп негізгі өзіне тән ерекшелігі бар.
Мемлекттің ішкі құқықығының барлық саласындағы тұлғасы, яғни құқықпен міндеттің иегері, заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Халықаралық құқық тұлғалары екі топқа бөлінеді:
1-ші топ-негізгі тұлғалар (субъектілер);
а) егеменді мемлекеттер;
б) өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген ұлттар мен халықтар.
2-ші топ- қайталам топтар:
в) халықаралық ұйымдар;
г) мемлекет ұқсас құрылымдар (образование).
Соңғы жылдары халықаралық құқықтың дамуында, халықаралық құқық субъектісінің құқықтыңдамуында, халықаралық құқық субъектісінің теориясы кең қолдау тапты.
Халықаралық құқықтың нормаларының қалыптаса алу қабілеті, оның ерекшелігі болып табылады.
Мемлекеттің ішкі құқықтары, мемлекеттің арнайы органдарымен құрылады және ұлттың құқықтық тікелей субъектілеріне міндетті болады.
Халықаралық құқықтардың қалыптасу үрдісі басқаша болады. Берілген үрдіс негізінде мемлекеттер мен келісімге келу, ілімі(теориясы), халықаралық құқықтың нормасын құрудың әдісі үқсас. Бұл ілім, Г.И. Тункиннің халықаралық құқықтағы еңбектерінде толығымен дамыған және іліммен тәжірибенің негізі табылады.
Бұл ілімге байланысты халықаралық құқықтың нормасы келісулі немесе жәй және мемлекеттердің өзара келісімімен болады. Халықаралық құқық нормасы екі, біренше немесе көп мемлекеттердің өзара келісімдері арқылы қатысушыларының ең манызды және жалпы мінез-кұлқы тән.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидасы халықаралық қатынастың және халықаралық құқықтың қазіргі кездегі жүйесінің ең маңызын, зандылығын білдіреді.
Қағидалар жүйесіне мыналар тән:
әмбебаптық(универсалдық);
жалпымен қолдау тапқан;
жалпыға міндеттілк;
тұрақтылық.
Бұл, халықаралық құқық жүйесіндегілердің соңғысын, олардың құрылымының ерекшеліктерін анықтайды. Негізгі қағидалары құқықтық формаға рәсімделеді егер, "жалпы халықаралық құқықтың императивтік нормасы, норма болып табылса, халықаралық өзара қарым-қатынастағы мемлекеттер мен тұтастай қабылданады және мойындалады". БҰҰ-ның Жарғысының екінші бабы, оның іске асуының негізгі қағидаларымен, оны қамтамасыз ету шараларын анықтайды. Одан басқа, мазмұнының негізгі қағидалары, халықаралық құқтықтың қағидалары туралы 1970-ші жылғы қабылданған Декларациясында ашып көрсетілген. 1975-ші жылғы қабылданған Хельсинкалық кеңесі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтамақтастық мәжілісінің Қорытынды Актісінде негізгі қағидаларының мазмұны әрі қарай дамыған. Негізгі қағидаларының іске асуы, мемлекеттердің келісім-шарт тәжірибесінде орын алған. Мысалға, 1994 жылы сәуір айының 15-ші жұлдызында шыққан, қатысушы ТМД мемлекеттерінің егемендігінің аумақтық тұстастығының және шыкараларының дербестігінің сақталуы туралы, қабылданған Декларация, 1994-ші жылы 14-ші жұлдызындағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының демократиялық әріптестігі туралы Хартия.
1994-ші жылы наурыз айының 23-ші жұлдызындағы ҚР мен Испания корольдігінің арасындағы өзара қарым-қатынастың негізі туралы Декларация.
Қағидалар жүйесінде, бейбітшілк жағдайда болу қағидасы, біздің көз қарасымызша біріктіру сипатын береді. Бейбітшілікті және халықаралық қауіпсіздікті қолдау қағидаларына: аумақтық біртұтастылық; халықаралық қатынастарда туындаған, шиеленіскен мәселенің бейбітшілк жолдармен, күш қолданбай және күшпен қорқытпай шешілуі; шекаралық аймақтың бұзылмау қағидалары жатады.
Халықаралық өзара қарым-қатынас қағидасы:
біріншіден– мемлекеттердің егемендік теңдіктері;
екіншіден- мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау:
үшіншіден- мемлекттердің әртүрлі саладағы өзара қарым-қатынасы;
төртіншіден- мемлекет егемендігін құрметтеу;
бесіншіден- өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындаумен
сипатталады.
Адамның құқығын қорғау механизімін анықтауда, адамның бостандығы мен адамның құқығын қорғау қағидасын құрметтеу сияқты қағидалардың маңыз зор.
Сонымен, халықаралық қарым-қатынастарға құқықтың барлық негізгі мынадай белгілер тән:
құқық- бұл, мемлекеттің еркіндік жағдайы;
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалар жүйесі;
мемлекеттік мәжбірлеу шараларын, мінез құлық ережелерінің сақталуы үшін қолдану.
Бірақ, халықаралық құқықтың өзіндік ерекшеліктері бар, олар халықаралық құқықтың айырықша жүйесіне жатқызуға мүмкіншілік береді. Бұған мыналарды жатқызуға болады:
реттеу пәні
айырқша субъективті құрылым, атап айтқанда егеменді мемлекеттің болуы;
қайнар көздердің айырықша жүйесі, халықаралық құқықтағы норманың қалыптасу үрдісінің нәтижесі ретінде;
заңды, атқарушы және сот органдары жүйесінің болуы;
жауапкершілік институты.
Халықаралық көпшілк құқық- бұл құқық субьектілерінің өзара еркіндік келісімі арқылы құрылған, заңды нормалардың жүйесі. Заңды түрде мойындау және қажет болған жағдайда, мәжбүрлі түрде орындатылады.