
- •Кедендік одақтың техникалық регламенттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс тақырыбы: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы» ко тр 014/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» ко тр 003/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» ко тр 004/2011
- •3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •2. Аталмыш техникалық регламентті техникалық реттеудің нысандары болып табылады:
- •3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар
- •1. Қолданылу аясы:
- •2. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •4. Қауіпсіздік талаптары
1. Қолданылу аясы:
Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында (ҚР СЭҚ ТН) тауарларды жіктеуге сәйкес жіктелетін, осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу объектісі болып табылатын азық-түліктік және тұқымдық астыққа қолданылады.
Осы Техникалық регламенттің талаптары жемдік және техникалық мақсаттарға арналған астыққа және астықты қайта өңдеу өнімдеріне қолданылмайды.
Азық-түліктік астықта:
1) әлеуетті қауіпті химиялық қосылыстардың рұқсат етілген шекті деңгейінің және пестицидтердің қалдық мөлшерінің;
2) қоспалардың, оның ішінде зиянды қоспаның рұқсат етілген шекті деңгейінің;
3) зиянкестермен залалдануының;
4) бөтен иістердің;
5) өздігінен қызуы, микроорганизмдердің дамуы мен микотоскиндердің пайда болуы үшін қолайлы жағдайлар туғызатын жоғары ылғалдылықтың болуы адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті факторлар болып табылады.
2. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Астық өндіру экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің экологиялық және фитосанитарлық қауіпсіздігін, құнарлылығын сақтауды және ұдайы молықтыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді болдырмайтын немесе шектейтін ғылыми негізделген және ұсынылған тәсілдермен жүзеге асырылады.
3. Сәйкестікті бағалау
Астықтың осы Техникалық регламенттің және үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Азық-түліктік астық міндетті сертификаттау жүргізу нысанында сәйкестігін міндетті растауға жатады.
Азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінің 1-қосымшасының 7-схемасы бойынша жүзеге асырылады.
Отандық және импортталатын азық-түліктік астықтың сәйкестігін растау бірыңғай рәсімдер бойынша жүзеге асырылады.
4. Қауіпсіздік талаптары
Астықты өндіру кезінде:
1) қолданыстағы нормалар, нормативтер, агротехникалық, агрохимиялық, мелиоративтік, фитосанитарлық және эрозияға қарсы іс-шараларды жүргізу ережелері сақталуы;
2) зиянкестер, өсімдік ауруларын қоздырғыштар және карантиндік маңызы бар арамшөптер болмайтын тұқымдар пайдаланылуы;
3) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) қолданылуы тиіс.
10. Астық өсіру кезінде пайдаланылатын пестицидтер (улы химикаттар) мен тыңайтқыштар Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарына жауап беруі тиіс.
Астықта улағыш заттардың жинақталуын болдырмау тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану жөніндегі талаптарды (енгізу және өңдеу мерзімдері, тәсілдері, мөлшерлері және еселігі) сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.
11. Тыңайтқыштар мен өсімдік қорғау құралдарын қолдану жөніндегі автокөліктің, ауыл шаруашылығы техникасының, машиналардың және жабдықтың техникалық жай-күйі, оларды пайдалану тәртібі машиналар мен жабдық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың талаптарына сай болуы тиіс.
12. Астық өндіру процесінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Аталмыш техникалық реттеудің қолданылу аясы
Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету дегеніміз не?
Бидай сәйкестігін бағалау қалай жүргізіледі?
Пайданылған әдебиеттер:
«Бидай қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы регламенті
15-ші дәріс
Дәріс тақырыбы: «Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті
Дәріс мақсаты: «Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін зерттеу
Дәріс жоспары:
Қолданылу аясы.
Қауіпсіздікке қатысты талаптар
2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия кеңестің шешімі:
1. «Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті қабылдансын (КО ТР 025/2012) (қоса беріледі).
2. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген Кеден одағының техникалық регламенті 2014 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетіні белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланғаннан кейін 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
1.Қолданылу аясы
Аталмыш техникалық регламент Кеден одағы біртұтас кеден аймағында адам өмірі және денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны, жануар және өсімдіктерді қорғау мақсатында жиһаз өнімін қолдануға қатысты талаптарды бекітеді.
Аталмыш техникалық регламент Кеден одағы біртұтас кеден аймағында айналымғажіберілетін жиһаз өнімдерінің қауіпсіздік мәселелерін реттейді.
Қауіпсіздік талаптары
Алдын ала белгіленген ережелерге сәйкес жиһаз өнімі пайдалану кезінде төмендегідей талаптарға жауап беруі керек:
Механикалық қауіпсіздік
Химиялы және сантиарлы-гигиеналық қауіпсіздік
Электр қауіпсіздігі
Жиһаз өнімінің механикалық қауіпсіздігі келесі шарттарға орындауы қажет:
тұрақтылықтың қажетті деңгейі
соққыға беріктілігі
тығыздығы
қолданылу мерзімінің ұзақтылығы
және т.б.
Жиһаз өнімінің механикалық қауіпсіздігіне қатысты талаптар Техникалық регламенттің 2- Қосымшасында көрсетілген;
3. Жиһаз өнімінің химялық және санитарлы-гигеналық қауіпсіздігі адам денсаулығына зиян келтірер химиялық қосылыстардың ауаға таралмауымен түсіндіріледі. Жиһазды қолдану кезінде бірінші санатты қауіптілікқатарына жатқызылатын химиялық заттектері шығармауы тиіс.
Оқу-тәрбие мекемелерін , қажетті жиһаздармен қамтамасыз етудің және оны тиімді пайдаланудың өсіп келе жатқан балалардың денсаулығын сақтауда, барлық оқу-тәрбие процессінің тиімділігін жоғарылатуда маңызы өте зор. Мектеп, балабақша, емдеу орталықтарындағы жиһаз өнімдері техникалық регламентте көрсетілген талаптарды қатаң сақтауы қажет.
Жиһаз өнімінің өзіне тән иісі 2 ұпайдан аспауы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Аталмыш техникалық реттеудің қолданылу аймағы
Қауіпсіздікке қатысты қойылатын негізгі талаптарқандай?
Пайданылған әдебиеттер:
«Жиһаз өнімінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті