- •Кедендік одақтың техникалық регламенттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс тақырыбы: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы» ко тр 014/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» ко тр 003/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» ко тр 004/2011
- •3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •2. Аталмыш техникалық регламентті техникалық реттеудің нысандары болып табылады:
- •3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар
- •2. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •4. Қауіпсіздік талаптары
- •1. Қолданылу аясы:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ТР ТС 007/2011 Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөнінде
Техникалық реттеу туралы Федералды заң
www.gosstandart.gov
memst.kz
Дәріс № 3
Дәріс тақырыбы: «Жарылыс өрт қаупі бар орталардағы жұмысқа арналған қондырғылар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті
Дәріс жоспары:
Кіріспе
Нарықтағы айналым ережесі
Өрт қауіпсіздік талаптары
Дәріс мақсаты: «Жарылыс өрт қаупі бар орталардағы жұмысқа арналған қондырғылар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен танысу
Аталмыш техникалық регламент Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің біртұтас қағидаттары мен ережелеріне сәйкес 2010 жылдың 18 қарашасында жасақталды.
Аталмыш техникалық регламент адамдардың өмірі мен денсаулығына, олардың меншік нысанына, мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру қатерлерінің туындауына қарсы мақсатта қызмет атқарады.
Техникалық регламент қызметі төменде көрсетілген бағыттар аясында жүргізілмейді:
медициналық бағыттағы бұйымдар;
құрамында тұрақсыз химиялық қосылыстардың бары есебінен ғана пайдалану кезінде жарылыс қаупін тудыруы мүмкін жабдықтар;
жеке қорғаныс құралдары
теңіз кемелері және т.с.с
ядролық қару;
Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнаулы шарттар;
Сәйкестікті растау
Жарылыс өрт қаупі бар орталардағы жұмысқа арналған жабдықтардың техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін міндетті түрде сертификациялау түрінде жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар мен олардың құзыреті шегінде қалыптастырылатын мемлекеттік органдардан басқа да құжаттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласында заңнамасымен белгіленген тәртіппен үйлестіріледі.
Бақылау сұрақтары:
Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету
Сәйкестікті растау
Кеден одағына мүше мемлекеттер аймағында айналымға түсетін өнімдерді бірыңғай белгімен таңбалау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Жарылыс өрт қаупі бар орталардағы жұмысқа арналған қондырғылар қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті
Техникалық реттеу туралы Федералды заң
www.gosstandart.gov
memst.kz
Дәріс № 4
Дәріс тақырыбы: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы» ко тр 014/2011
Дәріс жоспары:
Кіріспе
Қолданылу аясы
Қауіпсіздік талаптары
Дәріс мақсаты: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы техникалық регламентпен танысу»
"Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жалпы пайдаланымдағы жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан автомобиль жолдары (бұдан әрі - автомобиль жолы) мен ондағы құрылыстардың қауіпсіздігіне қатысты қолданылады.
Техникалық регламенттің ережелері автомобиль жолдарының қауіпісздігіне қатысты қойылады және адамдардың өмірі мен денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі талаптарды белгілейді.
Осы Техникалық регламенттің талаптары өндірістік кәсіпорындар мен емдеу-алдын алу, әлеуметтік-мәдени және өзге мақсаттағы объектілерге кірме автомобиль жолдарын қоспағанда, қала мен елді мекен көшелеріне және шаруашылық жолдарға қолданылмайды.
Қауіпсіздікке байланысты қойылатын негізгі талаптар:
1. Автомобиль жолдарын жобалауға автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен берген белгіленген үлгідегі лицензиясы бар ұйымдар жіберіледі.
2. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде:
жолдың конструктивтік элементтерінің бірінің немесе олардың үйлесімдерінің қолайсыз әсері нәтижесінде жол қозғалысының субъектілері мен қоршаған орта үшін қауіп төну тәуекелін жоюға немесе төмендетуге;
автомобиль жолдарын пайдалану кезінде климаттық, төтенше және басқа да факторлар мен оқиғаларға байланысты болдырмау мүмкін емес тәуекелдерден сақтауға;
қабылданған қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз немесе төтенше жағдайлардың туындауы салдарынан автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде мүмкін болатын қалдық тәуекелдер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған шарттар ескерілуі тиіс.
3. Жобалау кезінде мынадай тәуекелдермен сипатталатын негізгі қауіпсіздік талаптары назарға алынуы тиіс:
жоспардың, автомобиль жолының көлденең және бойлық бейінінің геометриялық элементтері, сондай-ақ олардың қолайсыз үйлесімі;
жол құрылыстары (жер төсемі, жол төсемі, көпірлер, құбырлар, жолөткелдер, мал өтетін өткелдер, эстакадалар және тағы басқалар);
автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде немесе оған тікелей жақын жерде орналасқан автомобиль жолы мен автокөліктерге қызмет көрсететін құрылыстар (автожанармай құю станциялары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету ұйымдары, жолаушылар мен жүргізушілерге қызмет көрсететін жол бойындағы пункттер және тағы басқалар);
жолдың жағдайы, электр беру және байланыс желілерінің тіректері, автомобиль жолының жер төсемі жиегіне жақын орналасқан өзге де заттар мен құрылыстар.
4. Автомобиль жолдарының кеңістікте орналасуы, оның геометриялық элементтерінің параметрлері және олардың арақатынастары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
аралас учаскелердегі қозғалыс жылдамдығының жолдың әдеттегі жер бедері жағдайында орналасқан кезінде кемінде 0,8 және жер бедерінің қиын учаскелерінде 0,6 қатынасымен автомобиль жолының ұзындығы бойынша көлік құралы қозғалыс жылдамдығының біртіндеп өзгеруін;
жоспардағы жолдың қисық сызықты учаскелері бойынша қозғалған кезде көлденең үдеулердің біртіндеп өсуін;
көлік құралының бойлық бейініндегі қисық бойынша қозғалысы кезінде туындайтын тік жүктемелердің олардың рұқсат етілетін мәндері шегінде жеңілдетілуін;
жолда көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың жүріп өту жағдайлары туралы жалған ұғым қалыптастыратын және жүргізушілерді алдыңғы учаскеде қалыптасқан қозғалыс тәртібін күрт өзгертуге мәжбүрлейтін учаскелердің болмауын;
автомобиль жолының бүкіл ұзындығында түзу сызықты және қисық сызықты учаскелер ұзақтығының заңды және біртіндеп өзгеруін;
автомобиль жолының жер төсемін қардың немесе құмның, олардың мүмкін болатын көшуі кезеңінде басып қалу тәуекелін, басым желдердің қайталану жиілігі мен жылдамдығын ескере отырып төмендетуді.
5. Автомобиль жолының жобасында өздерінің габариттік өлшемдері, салмақтық және өзге де параметрлері бойынша техникалық регламенттер мен жобалауға арналған тапсырмалар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары мен жүктерінің қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін инженерлік шешімдер болуы тиіс.
6. Автомобиль жолдарының жобаларында қабылданған техникалық шешімдер осы Техникалық регламенттің негізгі қауіпсіздік талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
7. Автомобиль жолдарын жобалау нормаларының осы Техникалық регламентке сәйкестiгi онымен үйлесiмделген ұлттық стандарттар мен құжаттардың нормаларымен қамтамасыз етiлуi тиiс.
8. Осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып орындалған автомобиль жолдарының жобалары бекітілуге жатпайды және автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган салу мен қайта жаңғыртуға жол бермеуі тиіс.
Сәйкестік презумпциясы
1. Осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген үйлесімделген стандарттар талаптарына сәйкес жобаланған автомобиль жолдары осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.
2. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау үшін жобалау ұйымдары көрсеткіштері үйлестірілген стандарттар мен құжаттардың деңгейінен төмен емес өзге де нормативтік құжаттарды қолдануы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
Сәйкестік презумпциясы
Сәйкестік бағасы
Қорғаныштық ескертпе
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
«Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағныың техникалық регламенті
Техникалық реттеу туралы Федералды заң
www.gosstandart.gov
memst.kz
Дәріс № 5
