
- •Кедендік одақтың техникалық регламенттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс тақырыбы: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы» ко тр 014/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» ко тр 003/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» ко тр 004/2011
- •3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •2. Аталмыш техникалық регламентті техникалық реттеудің нысандары болып табылады:
- •3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар
- •1. Қолданылу аясы:
- •2. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •4. Қауіпсіздік талаптары
Дәріс тақырыбы: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» ко тр 003/2011
Дәріс жоспары:
Қолданылу аясы
Нарықтағы айналым ережелері
Қауіпсіздік талаптары
Дәріс мақсаты: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» техникалық регламентімен танысу
Осы «Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасында (КО СЭҚ БТН) тауарлар кодтарына сәйкес жіктелетін темір жол көлігіне және оған байланысты инфрақұрылымға сондай-ақ жобалау, әкелу-әкету, дайындау, пайдалану сатыларында олардың тіршілік тізбегі процестеріне қойылатын қауіпсіздігін белгілейді.
Темір жол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар:
Жалпы пайдаланымдағы темір жолдар бойынша жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдауға арналған темір жол жылжымалы құрамы және контейнерлер олардың тиістілігіне қарамастан осы Техникалық регламенттің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Темір жол жылжымалы құрамының конструкциясы, орналасуы және оның жабдығының монтажы тексеру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.
Темір жол жылжымалы құрамын (және оның құрамдас бөліктерін) басқару және бақылау жүйелері барлық көзделген жұмыс режимдерінде және пайдалану шарттарында көзделген барлық сыртқы әсерлер кезінде оны (оларды) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Басқару және бақылау жүйелері мүмкін болатын қисынды қателіктер кезінде және қызмет көрсетуші персоналдың басқарушы іс-әрекеттердің дәйектілігін бұзуы салдарынан қауіпті жағдайлар туындауын болдырмауы тиіс.
Басқару және бақылау жүйелері ескерту сигнализациясы құралдарын және темір жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөліктерінің қалыпты жұмыс істеуін қауіпті жағдайлардың туындауына әкелетін бұзушылықтар туралы басқа да ақпарат құралдарын қамтуы тиіс. Қауіпті жағдайлардың туындауы туралы ескертетін құралдар қызмет көрсетуші персоналдың ақпаратты қатесіз, шынайы және тез қабылдауын қамтамасыз етеді. Темір жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөліктерінің бағдарламаланатын құрылғылары мен автоматты жүйелері үшін тіршілік циклінің барлық сатыларында ақпараттық және функционалдық қауіпсіздікті талдау жүргізіледі. Темір жол жылжымалы құрамының борттық жүйелерінде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету валидация мен тестілеуден өтуге тексеріледі. Темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігінде оған орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етудің валидациядан өткен сол нұсқа екенін тексереді.
Тартымдық жылжымалы құрамды, локомотивтің тартымдық жетегінің, басқа да жабдығының жұмысын басқару және бақылау жүйесі аппараттық бөліктің кез келген ақаулықтары, бағдарламалық қамтамасыз етудің қателіктері мен бұзылулары кезінде поездың қауіпсіз жай-күйінің бұзылуына әкелетін тартымдық және тежегіштік сипаттамалардың, сондай-ақ жұмыс режимдерінің өзгеруіне (өздігінен жүру, тартым және тежеу күшінің рұқсат етілмеген алға жылжытуы).
Бақылау сұрақтары:
Қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
Сәйкестік бағасы
КО мүше мемлекеттер нарығы айналымындағы тауарларды бірыңғай белгімен таңбалау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
"Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» КО ТР 003/2011
Техникалық реттеу туралы Федералды заң
www.gosstandart.gov
memst.kz
Дәріс № 6
Дәріс тақырыбы: "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР
Дәріс жоспары:
Қолданылу аясы
Нарықтағы айналым ережелері
Қауіпсіздік талаптары
Дәріс мақсаты: "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентпен танысу
Осы "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың (бұдан әрі - ПБ) қауіпсіздігін белгілейді.
Техникалық реттеу объектілері болып табылады:
1) жарық бергіш құрамдар мен бұйымдар;
2) фото жарық бергіш (фотоқоспалар) құрамдар мен бұйымдар;
3) жарқырайтын құрамдар мен бұйымдар;
4) инфрақызыл (бұдан әрі - ИҚ) сәулелену құрамдары мен бұйымдары;
5) жандырғыш құрамдар мен бұйымдар;
6) түнгі дабыл оттарының құрамдары мен бұйымдары;
7) түрлі-түсті дабыл оттарының құрамдары мен бұйымдары;
8) бүркемелеу түтіндерінің құрамдары мен бұйымдары;
9) қатты пиротехникалық отын;
10) газсыз (бәсеңдеткіштер үшін) құрамдар мен бұйымдар;
11) газды генерациялайтын құрамдар мен бұйымдар;
12) тұтанғыш құрамдар мен бұйымдар;
13) сигналды құрамдар мен бұйымдар;
14) аэрокүл құрайтын құрамдар мен бұйымдар;
15) ысқырғыш құрамдар мен бұйымдар;
16) имитациялық құрамдар мен бұйымдар;
17) мақсат көрсеткіш құрамдар мен бұйымдар;
18) жылу құрамдары мен бұйымдары.
Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу және өнеркәсіп қауіпсіздігі салаларындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
1) өндірістік (техникалық және арнайы) мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар - олармен жұмыс істеу орындаушыларды (пайдаланушыларды) аттестаттауға және (немесе) техникалық жарақтандырудың белгілі бір шарттарын қамтамасыз етуге сәйкес келетін арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін бұйым;
2) пиротехника - пиротехникалық құрамдар мен бұйымдарды (құралдарды) әзірлеумен және өндірумен, бұйымдардың әрекет ету тиімділіктері мен құрамдардың жану үдерістерінің заңдылығын зерделеумен айналысатын ғылым мен техника саласы;
3) пиротехникалық бұйым - жану (жарылыс) көмегімен ондағы пиротехникалық құрамнан тұратын талап етілетін тиімділікті алуға арналған құрылғы;
4) пиротехникалық бұйымның қауіпті аумағы - ішінде кем дегенде бір қауіпті фактор қауіптіліктің деңгейіне жететін, пиротехникалық бұйымды пайдаланатын орта кеңістігінің бөлігі;
5) пиротехникалық бұйымның қауіпті факторы - адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтіруге бейім фактор;
6) пиротехникалық компонент - пайдаланудағы бұйымға одан әрі қызмет көрсету үшін құрастыру өндірісіне жеткізілетін пиротехникалық бұйым конструкциясының құрамдас бөлігі;
7) пиротехникалық құрам - газ түріндегі және сұйық түрдегі өнімдерді құрайтын жарық және жылу энергиясының жануы кезінде бөлінетін жұқа ұсақталған қатты немесе қатты және сұйық компоненттердің механикалық қоспасы;
8) пиротехникалық өнім - дербес қолданудағы пиротехникалық бұйымдардың, пиротехникалық элементтердің, пиротехникалық құрамдардың жинақталған белгіленуі;
9) пиротехникалық элемент - пиротехникалық құрамы бар пиротехникалық бұйымның бөлігі;
10) тұрмыстық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдар - олармен жұмыс істеу арнайы білім мен дағдыларды талап етпейтін, халыққа еркін сатылатын, ал қолдану жөніндегі қоса берілген нұсқаулықтың талаптарын сақтай отырып пайдалану адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұйым;
11) фейерверлік бұйым - әшекейлік оттарды, дыбыс және басқа да эффектілерді алуға арналған, сондай-ақ, фейерверк заттары мен бұйымдарын жабдықтауға арналған пиротехникалық бұйым.
Қауіпсіздік талаптары
ПБ қауіпсіздігіне жобалау (әзірлеу), дайындау (шығару), сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану (пайдалану) және пайдаға жарату кезінде халықтың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығын қорғау үшін қатерлердің деңгейін төмендету есебінен қол жеткізіледі.
Жанған өнімдері адамдар мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін ПБ өрт қауіпті және (немесе) жарылыс қауіпті болады.
ПБ жарамдылықтың белгіленген мерзімі ішінде шығарудың, сақтаудың, тасымалдаудың және пайдаланудың белгіленген талаптарымен негізделген сыртқы факторлардың әсер етуінен кейін қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.
ПБ-мен жұмыс жүргізген кезде жақын орналасқан аудандарды, халық пен олардың мүлкін қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары қабылданады.
ПБ дайындау кезінде пайдаланылатын материалдар әсер ету аймағындағы тұлғалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі тиіс, санитарлық және гигиеналық талаптарға, тиісті техникалық регламенттерге және өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
ПБ конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мыналарға қатысты белгіленеді:
1) қауіпті факторлар номенклатурасы мен қауіпті аймақтардың көлемдері барынша азайтылған ПБ талдамасы;
2) іске қосу қондырғыларының конструкциялары;
3) пайдаланушыға барлық қауіпті факторлардың әсер етуін болдырмайтын қол тәсілімен пайдалануға және қолмен жұмыс істеуге арналған бұйымдардың конструкциялары;
4) қашықтан іске қосу бұйымдарының конструкциялары;
5) пайдаланушы қауіпті аймақтан кету үшін қажетті уақытта іске қосудың қауіпсіздігін және қауіпті факторлардың пайда болуын кідіруін қамтамасыз ететін қолмен іске қосылатын ПБ кідірткіші;
6) ерекшелік белгісі және оларды алу қауіпсіз болуы тиіс бастамашылық жасау жүйелерінің сақтау құрылғылары;
7) реактивтік күштің немесе лақтырғыш құрылғының әсерімен қозғалатын қауіптіліктің І-ІІІ сыныптары ПБ адамдарды зақымдау мүмкіндігін төмендету мақсатында өткір шеттері мен қырлары болмауы тиіс;
8) ПБ мен одан жасалған материалдар конструкцияларының тиімділігі мен кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеті;
9) ПБ конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келуі.
Бақылау сұрақтары:
Қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету
Сәйкестікті растау
Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында пиротехникалық өнімдерді бірыңғай белгімен таңбалау
Аталмыш техникалық регламент талаптарының орындалуын Мемлекеттік қадағалау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. "Пиротехникалық құрамдардың және олардан тұратын бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР 2. Техникалық реттеу туралы Федералды заң
3. www.gosstandart.gov
4. memst.kz
Дәріс № 7
Дәріс тақырыбы: «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» 005/2011 ТР ТС техникалық регламенті
Дәріс жоспары:
Қолданылу аясы
Мақала
Нарықтағы айналым ережесі
Обеспечение соответствия требованиям безопасности
Дәріс мақсаты: «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» 005/2011 ТР ТС техникалық регламентімен танысу
Кеден одағының «Орауыштардың қауіпсіздігі туралы» (КО 005/2011 ТР) техникалық регламенті Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16-тамыздағы № 769 шешімімен қабылданған және 2012 жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енді. Осы техникалық регламент орауыштардың барлық түріне, соның ішінде шығатын еліне қарамастан, Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын дайын өнім болып табылатын қаптау құралдарына таралады және орауышқа қойылатын (қаптау құралдарын). Кеден одағының кедендік аумағында қолданылуы мен орындалуы міндетті талаптарды және адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлардың, өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, ал сонымен қатар орауыштың (қаптау құралдарының) мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында оларға байланысты сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
«Орауыштың қауіпсіздігі туралы» 005/2011 ТР ТС техникалық регламентіне сәйкес тамақ өнімдерімен түйісетін орауышты (қаптау құралдары) мемлекеттік тіркеу болмайды. Кеден одағының кеден аумағының айналымға шығару алдында орауыш берілген техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болу туралы міндетті сипаттағы растау тәртібінен өту керек. Тамақ өнімдерімен түйісетін орауышты (қаптау құралдары) өндіру жүзеге асырылатын материалдарды, шикізаттарды мемлекеттік тіркеу сақталынады.
Осы регламент медициналық құралдар, дәрі-дәрмек құралдары, фармацевтикалық өнімдерге, темекі өнімдері мен қауіпті жүк орауыштарына қатыспайды.
Анықтама: орауыш (ыдыс) - өнімді (тауарды) зақымдалудан, бүлінуден және жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар кешені.
Орауышқа қатысты қойылатын талаптар:
Буып-түю материалын өндіру кезінде, буып-түю материалының көлемі мен салмағын өнімді (тауарды) буып-түю үшін қауіпсіздіктің, гигиена мен қабылдаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін ең аз қажетті санмен шектеу қажет.
Буып-түю материалы тамақ өнеркәсібінде пайдалануға арналған буып-түю материалдарынан басқа, оны қайта пайдалану немесе рециркуляцияны қоса алғанда, қалпына келтіру мүмкіндігі есепке ала, сондай-ақ буып-түюден қалған қалдықтарды басқару жұмыстары нәтижесінде қалдықтарды және қалғандарын кәдеге жарату кезінде қоршаған ортаға тиетін әсерді азайтуды есепке ала жобаланады, өндіріледі және өткізіледі.
Буып-түю материалы тастандылар кезінде, буып-түю материалы немесе кәдеге жарату жұмыстары нәтижесінде алынған қалдықтар өртелген немесе жерге көмілген уақытта күлде немесе сілтілендіру кезінде ішінде зиянды және басқа қауіпті заттардың болуын азайтуды есепке ала өндіріледі.
Буып-түю материалы мынадай талаптарға бір мезгілде жауап беруге тиіс:
буып-түю материалының физикалық қасиеттері мен сипаттамалары өнімді (тауарды) қолданудың (пайдаланудың) көзделген жағдайларында оның өмірлік циклі ішінде тасымалдауларының немесе айналыстарының белгілі бір санын қамтамасыз етуге тиіс;
пайдаланылған буып-түю материалы адам өмірі мен денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңделуге, қайта өңделуге, кәдеге жаратылуға және жойылуға тиіс.
Бұдан әрі қолдануға және бұдан әрі пайдалану мақсатында қайта өңдеуге жатпайтын және көмілу мен жойылуға жататын буып-түю материалынан қалған қалдықтар биошіру сипатына ие болуға тиіс.
Буып-түю материалынан қалған биошіру қалдықтары соңғы қорданың үлкен бөлігі көміртегі қостотығына, биомасса мен суға айналып ыдырайтындай физикалық, химиялық, жылулық және биологиялық шіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Бақылау сұрақтары:
Қауіпсіздік талаптары
Буып-түю материалдарын таңбалау сәйкестігі
Кеден одағына мүше мемлекеттер аймағындағы тауарларды бірыңғай белгімен таңбалау
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Орауыштың қауіпсіздігі туралы» 005/2011 КО ТР
2. Техникалық реттеу туралы Федералды зерттеу
3. www.gosstandart.gov
4. memst.kz
Дәріc № 8