
- •Кедендік одақтың техникалық регламенттері
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Дәріс тақырыбы: «Автомобиль жолдары қауіпсіздігі талаптары туралы» ко тр 014/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның кауіпсіздігі» ко тр 003/2011
- •Дәріс тақырыбы: "Төменвольтті жабдықтар қауіпсіздігі туралы» ко тр 004/2011
- •3. Былғары және былғары-галантерея бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •2. Аталмыш техникалық регламентті техникалық реттеудің нысандары болып табылады:
- •3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты талаптар
- •1. Қолданылу аясы:
- •2. Өндіру процесінде астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
- •4. Қауіпсіздік талаптары
№1 Дәріс
Кедендік одақтың техникалық регламенттері
Дәріс жоспары:
Техникалық регламенттер
Кедендік одақтың техникалық регламенттері
Дәріс мақсаты: Кедендік Одаққа мүше елдердің техникалық регламенттерді қолдану ережелерімен танысу.
Техникалық регламент - өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт. Техникалық регламент – өнім сипаттамасын немесе өндіріс процесстері мен тәсілдерінің сипаттамасын құратын регламент. Ол өзіне терминология, символ, қаптау, таңбалау талаптарын қоса алады.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы бір техникалық регламент жүйесін құруға кірісті. Үш елдің үкімет инстанциясы өздерінің техникалық регламентті қабылдау өкілеттілігін Кедендік Одақ комиссиясына береді. Сонымен қатар осы Комиссияүш елдің барлық сферадағы техникалық реттеудегі координациялық күштерін анықтайды. Кедендік Одақтың техникалық регламенттері күшке ене бастаған уақытта ұлттық нормалар өздерінің жұмысын тоқтатады. 2012 жылдың 1 қаңтарында тек ұлттық нормалар жұмыс істеу керек еді. Техникалық регламенттер үш елдің территориясына тікелей әсер етеді.
Кедендік одақтың техникалық регламенттерін жасаудың графигінде алдыңғы қатарында 2011 жылда 47 регламент болды.
Техникалық реттеу облысында Кедендік Одақтың нормативтік құқықтық базасын құру мақсатында Кедендік Одақтың шеңберінде міндетті талаптар орнатылатын бірегей өнім тізімі құрылды. Кедендік одақтың техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың техникалық регламенттеріне байланысты күшіне енбей қалған бірегей тізім өнімдері үшін Кедендік Одақтың заңнамалың нормалары және техникалық реттеу сферасындағы заңнамалары бар.
Кедендік Одақтың техникалық регламенттері күшіне енгеннен кейін осы облыстағы ұлттық мемлекеттік қадағалау жұмысын тоқтатады. Жаңа қадағалау органдары үкіметтің шешімімен анықталуы қажет.
Кедендік Одақтаың техникалық регламентіне кіргеннен кейін өнім шығару регламентінің тізіміне кіретін стандарттардың ішінде өндіруші кез келген типті стандартты таңдай алады: мемлекетаралық стандарттар немесе кедендік одаққа кіретін кез келген мемлекеттің ұлттық стандарттары. Мысалы: Қазақстандық ұйымдар Белорусия елінің стандарты бойынша өзінің өнімін өндіре алады және оны Қазақстанда сата алады.
Кедендік Одақ шеңберінде міндетті талаптар қойылатын бірегей тізім: машина және жабдықтар; төмевольтті жабдықтар; жоғары вольтті жабдықтар; газ тәріздес жанармаймен жұмыс жасайтын аппараттар; артық қысыммен жұмыс жайтын жабдықтар; қысыммен жұмыс жасайтын түтікшелер; жарылуға қауіпті орталарда жұмыс жасайтын жабдықтар; аттракциондар, балалар ойын алаңындағы жабдықтар; лифттер; дөңгелекті транспорттық құрылғылар; ауылшаруашылық техника; орман шаруашылығына арналған машиналар; шиналар; теміржол транспортының қозғалатын құрамы, сонымен қатар жоғары жылдамдықты; метрополитеннің қозғалмалы құрамы; жеңіл рельсті транспорт, трамвайлар; теңіз транспортының объектілері; судың ішіндегі транспорттың объектілері; кішкентай өлшемді қайықтар; ғимараттар мен үймереттер; құрылыс өнімдері және материалдары; темір жол транспортының инфрақұрылымы сонымен қоса жоғары жылдамдықты; метрополитеннің инфрақұрылымы; автомобиль жолдары; пиротехникалық құрамды және содан тұратын бұйымдар; азаматтық қолданыстағы жарылғыш заттар және сондай құрамнан тұратын заттар; жеңіл өнеркәсіптік өнімдер (дайын дана бұйымдар, кілемдер, кілемдік бұйымдар, трикотаж бұйымдары, тігін және терігалантереялық бұйымдар, аяқ киім, жүн және жүн өнімдері); ойыншықтар; балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар; балалар күтіміне арналған бұйымдар; ыдыс аяқ; санитарлы-гигиенаға тағайындалған бұйымдар; парфюмерлік- косметикалық өнімдер; ауыз қуысына арналған гигиеналық құралдар; тара және қаптау; жеке қорғаныс құралдары; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдар; өрт сөндіру құралдары; медициналық бұйымдар; санитарлы-техникалық бұйымдар; жиһаз өнімдері; химиялық өнімдер; синтетикалық жуу құралдары; тұрмыстық химия тауарлары; лак және бояу жасау материалдары мен ерітінділер; тыңайтқыштар; өсімдікті қорғау құралдары; жағармай, дизельді және кеме жағармайы, реактивті қозғалтқыштарға арналған жағармай және мазут; жағармайдың альтернативті түрлері; майлау материалдары, майлар және арнайы сұйықтықтар; суды, газды, жылу энергиясын және энергетикалық энергияны есептейтін жүйелер және құралдар; мұнайды, оны өңдейтін өнімдерді есептейтін жүйе және құралдар; алкогольді өнімдер; азық және азық қоспалары; дән, астық; темекі өнімдері; аңшылық қарулар және соған арналған спорттық оқ-дәрілер; электробайланыс құралдары; көмір және оны өңдеу өнімдері.
Бақылау сұрақтары:
Техникалық регламент дегеніміз не?
Қандай да бір техникалық регламентті қабылдағаннан кейін ұлттық мемлекеттік қадағалау жүһұмыстары қалай өзгереді?
Қай облыстағы өнімдерге Кедендік Одақтың техникалық регламенттер талаптары көп қойылады?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Техникалық регламент жөніндегі заң
www.gosstandart.gov
memst.kz
Дәріс №2
Дәріс тақырыбы: ТР ТС 007/2011 Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөнінде
Дәріс жоспары:
1. Алғы сөз 2. Қолдану аймағы
3. Нарықта айналдыру ережелері
Дәріс мақсаты: Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөніндегі регламентпен танысу
Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент 2010 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының бірегей принцип және техникалық реттеу ережелерімен Келесіміне сәйкес шығарылған болатын.
Осы техникалық регламент кедендік одақ территориясында балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарларына қойылатын міндетті талаптарды орындауға, өнімдердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге арналған.
Егер балалар мен жасөспірімдерге арналған Кедендік одақтың техникалық регламенттерінен және/ немесе Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың техникалық регламенттерінен басқа регламент қабылданатын болса, онда балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің талаптары осы техникалық регламентке сәйкес келуі қажет.
Бұл техникалық регламент Кедендік Одақ құрамына кіретін елдердің (қай елде шығарылғанына тәуелсіз) территориясында шығарылатын бұрын қолданыста болмаған (яғни жаңа) балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерге арналған.
Осы техникалық регламент мынадай өнімдерге арналған:
балалар күтіміне арналған бұйымдар (сүт емізіктері; бос емізіктер, ыдыс, асханалық құралдар)
санитарлы-гигиеналық және галантереялық бұйымдар, тіс щеткалары және тіс етіне арналған массажерлар);
киім, тоқыма материалдарынан, теріден және жүннен жасалған бұйымдар, трикотаж бұйымдары;
дана тоқыма бұйымдары;
аяқ киім және тері галантерия бұйымдары;
бесік арба және велосипедтер;
баспа кітап және журнал өнімдері, мектепке арналған жазу құралдары.
Осы техникалық регламенттің қызметі мыналарға таралады:
медициналық мақсатты пайдалануға арналып ойлап шығарылған және жасалған өнімдерге;
балалар тамағына арналған өнімдер;
парфюмерлі-косметикалық тауарлар;
спорттық құралдар мен бұйымдар;
кітаптар, оқу құралдары, электронды оқыту баспалары;
ойыншықтар, үстелдік баспа ойындары;
жиһаз,
жеке тапсырыс бойынша жасалған өнімдер.
Осы техникалық регламент балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің химиялық, биологиялық, механикалық және термиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және өнімді пайдаланушыларды қателесуден, жаңылысудан сақтайтын міндетті талаптар қояды.
Қазақстан Республикасы аумағында айналымдағы, оның ішінде әкелінетін (импортталатын) балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері мақсаты бойынша пайдаланылуы кезінде бip жыл ішінде адамның өмipi мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация) қоса жүруі тиіс.
Осы Техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімін өткізуге жол берілмейді және «Адамның өмipi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 285 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады немесе жойылады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау осы Техникалық регламенттің талаптарына, өнімнің нақты түріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкестігін міндетті растау нысанында жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентімен белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен куәландырылады.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімдері сәйкестігін растау схемаларын өнімнің көлемін, оның жарамдылық мерзімдерін есепке ала отырып, сәйкестікті растау жөніндегі органмен бірлесе отырып, өтініш беруші таңдайды.
Бақылау сұрақтары:
Балалар күтіміне арналған бұйымдардың қауіпсіздік талаптары
Өнімнің таңбалануына қатысты талаптар
Өнімнің сәйкестендірілуі
Кеден одағына мүше мемлекеттер аймағында айналымға түсетін өнімді бірыңғай белгімен таңбалау